Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет130/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

 
 
6.11. Қоршаған ортаны қорғау жағдайын бақылауды метрология-
лық қамтамасыз ету 
 
Метрологияда қоршаған орта жағдайын бақылау ерекше орын алады. 
Негізінен ол тӛрт:
1. Ауа қабатын бақылау; 
2. Су кҥйін бақылау; 
3. Шу деңгейін бақылау; 
4. Қоқыстар мен зияндықалдықтардың сипатын бақылау қҧраушыдан 
тҧрады. 
1. Ауа. Ауадағы зиянды заттардың шектік-шақтамалық концентрациясының 
тазалығын нормалаудың екі тҥрі – жҧмыс аймағы ШШК
ж
және елді мекенді 
пункттерде ШШК
е
болады. 
ШШК
р
– бҧл жҧмыстың барлық жҧмыс ӛтілімі бойында апталық жҧмыс 
41 сағаттан аспаған жағдайдакәсіби аурулар туындатпайтын концентрация. 
Жҧмыс аймағы ретінде еденнен 2м-ден артық емес қашықтық есептеледі. 
Қоспалар қҧрамының жеке нормалануы ШШК-ның бір реттік минималды 
ШШК
бм
және орта тәуліктік ШШК
от
тҥрлерге бӛлінеді. Бір реттік ШШК
бм
30 
минутта анықталады, ал орта тәуліктік ШШК
от
24 сағатта анықталады.
ШШК анықтаудың екі негізгі эксперименталдық және есептік әдісі бар. 
Бірінші әдіс ШШК мәнін анықтауға, екіншісі УШК (уақытша шақтамалық 
концентрация) мәнін анықтауға қолданылады. Зиянды заттарға арналған ШШК 
туралы мәліметтер ГОСТ 12.1.005-88 «Жҧмыс аймағының ауасы. Жалпы 
санитарлық-гигиеналық талаптар» стандартында нормаланған. Ауаның 
ластануын бақылауды метрологиялық қамтамасыз ету. Ауада бірнеше 
заттардың болуы кезінде біршама қауіпті және сипатты компоненттер бойынша 
бақылау жҥргізіледі. Ауада микроқоспалар газ, бу, қатты бӛлшектер, 
аэрозольдер тҥрінде кездесуі мҥмкін. Санитарлық-химиялық талдау кезінде 
сынамаларды ерекше аспирациялық тәсілмен, зерттелетін ауаны сҧйық жҧтқыш 


175 
орта және фильтрлерден ӛткізу арқылы таңдайды. Қысқа уақытты ӛндірістік 
процестер кезінде және талдаудың жоғары сезімтал әдістері болған жағдайда 
ауа сынамалары жабық ыдыстарда талдануы мҥмкін.
Әдістердің сезімталдығы жеткіліксіз болған жағдайда анықталатын заттарды 
концентрациялайды. Осыған байланысты ауа қабатын талдау кезінде ауадан 
95%-дан кем емес микроқоспаларды концентрациялауға мҥмкіндік беретін 
сынамаларды таңдаудың тиімді тәсілдерін және сынаманы алдынала байытусыз 
талдауға мҥмкіндік беретін жоғары сезімталдық талдау әдістерін (газды 
хромотография, атомдық абсорбция, т.б.) қолдану қажет. Газ немесе бу 
тҥріндегі микроқоспаларды таңдау сҧйық жҧтқыш ерітінділерде және 
тҥйіршікті сорбенттерде жҥзеге асырылады. Ауадағы аэрозоль тҥріндегі (тҥтін, 
тҧман, шаң) зиянды заттарды концентрациялау ҥшін фильтрлер қолданылады.
Сҧйық жҧтқыш ортада сынамаларды таңдау кезінде талданатын заттар ериді 
немесе жҧтатын ортамен ӛзара химиялық әсерлеседі ( хемосорбция). 
Атмосфералық 
ластануларды зерттеу кезінде тәуліктік орташа 
концентрацияны сипаттайтын орта тәуліктік, сондай-ақ бір реттік максималды 
концентрацияны анықтайды. Зиянды заттың бір реттік максималды 
концентрациясын ӛлшеу ҥшін ауа сынамасын 20-30мин аралығында таңдалады, 
ал орта тәуліктік концентрацияны ӛлшеу ҥшін тәулік бойы аспирация тәсілімен 
ҧзақ уақытта таңдау ҧсынылады.
Атмосфера ластануын қадағалауды стационарлық маршруттық және 
жылжымалы постарда жҥргізеді. Стационарлық постар жҥйелік қадағалауды 
жҥргізу қызметін атқарады. Олар ауа сынамасын таңдау мен кезекті талдау 
жҥргізуге арналған сәйкес аппаратурасы бар арнайы павильондармен, зиянды 
қоспалар қҧрамын ҥздіксіз тіркейтін газоанализаторлармен, сондай-ақ 
метрологиялық кӛрсеткіштерді анықтауға арналған қҧралдармен жабдықталған.
Жылжымалы постар тікелей ӛнеркәсіптік қоқыстар аймағында бір реттік 
қадағалау жҥргізу ҥшін қызмет атқарады. Факел арқылы сынамаларды таңдау 
жер бетінен 1,5 м биіктікте 20-30 мин уақыт аралығында жҥргізіледі.
Сынамаларды алу интервалы жуық шамамен 10 минутты қҧрайды. 
Сынамаларды қоқыс кӛзінен 0,2 , 0,5 , 1, 2, 3, 4, 6, 8, 10, 15, 20 км қашықтықта 
желдің бағыты бойынша таңдайды.
Зерттелетін ауа сынамаларын таңдаудың негізгі тәсілі шығын ӛлшегіш 
қҧрылғыда (ратаметр, реометр, газды сағаттар) тіркелетін белгілі бір 
жылдамдықта шығын туындатқыш кӛмегімен сорбциялық қҧрылғы арқылы 
(жҧтушы ыдыс, концентрациялық қҧбырша, фильтр) ӛткізу болып табылады.
Ӛндірістік жағдайда сынамаларды таңдау ыңғайлы болу ҥшін аспирациялық 
қҧрылғылар кең қолданылады. Олар шығын тундатқыш пен шығын ӛлшегіш 
қҧрылғыны біріктіріп, әртҥрлі агрегаттық кҥйдегі заттарды таңдауға мҥмкіндік 
береді. 
2. Су. Адам денсаулығына, жануарлар мен ӛсімдіктерге зиян келтір-
мейтін судағы қоспалардың концентрациясын анықтайтын ШШК-на 
қойылатын негізгі нормативтік талаптар экологиялық стандарттарда келтіріл-
ген. Су сынамасы су жинағыш қҧрылғы ағысынан 1 км-ден жоғары алынады, 
ал ағынсыз су қоймаларының екі жағынан 1 км қашықтықтан алынады.


176 
Судағы қоспаның шектік-шақтамалық концентрация – бҧл адам ағзасына 
жағымсыз әсерлерді және шаруашылық-тҧтынушылық, мәдени-тҧрмыстық 
және суды пайдаланудың басқа тҥрлерінің қалыпты жағдайларының шектелу 
немесе бҧзылу мҥмкіндігін ескермейтін нормативтік кӛрсеткіш. 
Тҧрғындардың қажеттілігі ҥшін белгілі мӛлшерде еритін тҧздар мен 
ерімейтін қоспалардан тҧратын ауыз суды пайдаланады. Бҧл кӛрсеткіштерден 
асып кеткен жағдайда табиғи су тазаланады, яғни ӛлшенген заттар мен 
тҧздарды, негізінен кальций мен магнийді жоюға бағытталған тазалауға 
жіберіледі. 
Суды пайдаланушылардың әрбір санатында судың сапасына талаптар 
әртҥрлі болып келеді. Мысалы, шаруашылық-тҧтынушылық суда 0,02мг/л кӛп 
емес гексахлоран улы химикатының болуына рҧқсат етілген, ал балық 
шаруашылығы су қоймаларында оның болуы шектелген.
Кейбір заттар салыстырмалы тҥрде контактілі әсер ету кезінде жоғары 
концентрацияда зиянды болып келеді. Сондықтан олардың бірінші санаттағы 
(суды адамның пайдалануы) су объектілеріндегі ШШК мӛлшері жоғары 
мағынаға ие болады. Ал екінші санаттағы су объектілерінде (қорықтық су 
қоймалары) олар флора мен фаунаға зиян әсерін тигізеді, мҧнда бірінші орынға 
олардың токсиндік қасиеттері қойылады. Осылайша су объектілерінің 
тазалығын қамтамасыз ету ҥшін ШШК кӛрсеткішінен басқа су сапасына 
қойылатын талаптардың деңгейін айқындайтын зиянды нормативті-шектеуші 
кӛрсеткіш қолданылады. 
3. Топырақ. Топырақ ҥшін де ШШК мӛлшері анықталған. Топырақ 
адамға тікелей әсер етеді, бірақ оның әсері ӛсімдіктер арқылы, шаң және т.б. 
арқылы беріледі. Топырақты зерттеу: 
- санитарлық физикалық- химиялық зерттеулер;
- санитарлық- энтомологиялық зерттеулер (жәндіктер);
- санитарлық- гельминтологиялық зерттеулер (қҧрттар мен паразиттер); 
- санитарлық- бактериологиялық зерттеулер бағыттарында жҥргізіледі. 
Шаңды ӛлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету. Шаң ҥшін де ШШК 
мӛлшері орнатылған. Неғҧрлым шаңның ӛлшемі аз болса, соғҧрлым ол қауіпті 
болады. Шаңды ӛлшеудің екі әдісі бар: 
1. Шаңды алдынала шӛгінділеу. Негізгі кӛрсеткіштері – шаңның массалық 
концентрациясын ӛлшеу мҥмкіндігі, процестің жоғары еңбек сыйымдылығы, 
ӛлшеудің циклдік сипаты, талдаудың тӛменгі сезімталдығы. 
2. Шаңды алдынала шӛгінділеусіз. Негізгі кӛрсеткіштері – шаңдық ортаның 
ӛзінде ӛлшеу мҥмкіндігі, ӛлшеу ҥздіксіздігі, жоғары сезімталдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет