Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет98/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

 
Интерферометрлер. Бҧл типтегі ӛлшеу қҧралдарында жарық 
интерфернециясының қағидасы пайдаланылады. Бҧл осы класстың ең дәл 
аспаптары болып табылады. Олар ҥлгілік бӛлшектерді, калибрлерді және соңғы 
ӛлшемдерді аттестаттау ҥшін қолданылады. Олар лазермен бірге ҥйлесе 
отырып, 10
-13
м-ге дейінгі ҧзындықтың ӛзгеруін тіркей алады және окулярлық, 
экрандық, сандық есептік қҧрылғылармен қамтылған. Вертикалды (264 
модель) және горизонталды (273 модель) ӛлшеулерге арналған тҥрлері 
шығарылады.
Контактілі интерферометрлерде 0,05-тен 0,2 мкм-ге дейінгі ауыспалы 
бӛліну бағасы бар және Майкельсон сҧлбасы бойынша жҧмыс істейді. Жарық 
жарық кӛзінен (2, 5.7-сурет) конденсатор (3) және фильтр (4) арқылы жартылай 
мӛлдір бӛлгіш пластинаға (5) тҥседі, сол жақтан ӛлшеу тілшесі бар пинолға 
бекітілген айнаға (8) сәулелердің бір бӛлігі тҥседі, ал басқа бір бӛлігі пластина 
(6) арқылы индикаторлы айнаға (1) тҥседі.





7


 ӚЛШЕУ 
ОБЪЕКТІСІ 
5.7–сурет 


132 
Қос айнадан шағылған жарық сәулелері объективте (7) қалыңдығы бірдей 
жолақтармен интерференциялық суретті тҥзеді.
Ақ тҥспен жарықтандырғанда окулярдың кӛру ӛрісінде орталықта қара 
және бҥйір жақтарда боялған жолақшалар пайда болады. Монохроматты 
жарықтандыруды туғызатын жарық фильтрін енгізген кезде, окулярдың кӛру 
ӛрісінде интенсивтілігі бірдей жолақтар пайда болады, олардың арақашықтығы 
жарық фильтрінің жарық толқынының жартысына сәйкес келеді. 
Интерферометрдің ӛндірістік мҥмкіндіктерін кеңейту – жҧмыс 
жылдамдығын, ӛлшеу диапазонын, дәлдікті жоғарылатады, шуға, дірілге 
сезімталдықты болдырмайды, жарық сәулесінің шығынын азайтатын, жарық 
ағынының ҥлкен монохроматтылығы мен интенсивтілігін қамтитын лазерлерді 
қолдануға әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет