Негізгі әдебиеттер:
1.С. Желдербаева. “Мәнерлеп оқу” Алматы, 1992.
2.Х. Қожақметов. “Мәнерлеп оқу” Алматы, 1998.
Қосымша әдебиеттер:
3.С. Тілешова. “Әдебиет сабағында оқушыларды қалыптастыру”
4.М. Балақаев, М. Серғалиев. “Тіл мәдениеті”
5.Б. Әнесова. “ Мәнерлеп оқуға арналған мәтіндер жинағы”Тараз , 2005
Практикалық сабақ №11
Дикция. Артикуляция. Екпін
1 Дикция
2 Артикуляция
3 Екпін
Дикция - айтудың ашықтығы мен тазалығы. Тілдыбыстарының жасалу жолын меңгеруді баланың тілі шыққанша бастап ата-анасы көңіл бөлгені дұрыс. Ата-ана баспалдағынан соң балалар бақшасының тәрбиешілері, одан кейін мектеп мұғалімдері жауапкершілікті өз мойнына алады. Дыбысты дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін балаға жастайынан жаңылтпаш, мақал, өлең, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі айтқызып үйрету жөн. Тіл ғылымының алғашқы саласы фонетика адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатын мағынасы бар дабастарды тексереді. Дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуына байланысты дыбыстар дауыссыз, дауысты болып бөлінеді. Дыбыстар мұрын, ауыз қуысына түсіп, тілдің, жақтың, еріннің, тістің, таңдайдың қатысымымен өңделіп, жасалу табиғаты бойынша өзгеріске ұшырайды. Тіл-ауыз қуысындағы жылжымалы мүше. Тілдің ілгері күрек тістің түбіріне қарай жылжуынан жіңішке дауыстылар, тілдің жұмсақ таңдайға жылжуынан-жуан дауыстылар, жақ төмен түсіп, жоғары көтеріліп қозғалу барысында дауыстылар ашық, қысаң болып естіледі. Еріннің алға созылуынан еріндік дауыстылар, езуге қарай жылжуынан езулік дауыстылар жасалады. Тілдің тістіңтүбіне қарай жылжуынан жіңішке, тілдің артқа жылжуынан жуан дауыстылар жасалады.
Дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың саны 25. Дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына қарай үнді және үнсіз болып екіге бөлінеді. Үнді дауыссыз дыбыстар: р, л, й, м, н, ң. Дикциялық жаттығуларға мектеп практикасында жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, тақпақ жаттау жарыстарын ұйымдастыру өз тиімділігін барынша танытқан. Сонымен қоса сөздік жұмыстарын тиімді пайдалана алатын мұғалім оқушысына дыбыстардың айтылуын қалтқысыз меңгерте алады.
Жаттығулар:
1.Дауыссыз дыбыстардың түгелімен айтып шық.
2.Мына өлеңдегі Р дыбысының оқылуын тексер.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
3.Мына жаңылтпашты жай оқып, біртіндеп дауысты тездетіп, үш қайтара оқып жаттық.
Есет атам ет асатар
Ет асатса, бес асатар.
4.Мына өлеңді дикцияңды сақтап, дұрыс оқы.
Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Сұрағаның алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
5.Мына шумақтардан орыс тіліндегі сөздердің айтылуын дұрыс оқы.
Сиыр-карова,
Жол-дорого.
Мысық-кошка,
Нүкте-точка.
Дауысты дыбыстардың айтылуы
Дауыссыз дыбыстардан дауысты дыбыстардың табиғи ерекшелігі жуан-жіңішкелі болып қосарланып айтылуы. (а, ә, ө, о, ұ, ү, ы, і). Тілімізде қалыптасқан еріндік дауысты дыбыстардың сөйлеу барысында құрылған немесе жасалған сөздерді әуездендіріптұруы тілдік ерекшелігіміздің өзіндік табиғаты.
Мысалы: айтылуы жазылуы
күлкү күлкі
төртеу төртеу
жүрөк жүрек
күрөк күрек
құлұншақ құлыншақ
Бұл мысалдан еріндік дауыстылар жазылғанда екінші буыны езулікке айналып кетеді. Бірінші сөздердің немесе тіркескен сөздердің арасында келетін екі дауысты дыбыстардың біреуінің түсіп қалуы тілімізде орын алатын құбылыс. Мұны тіл білімінде элюзия деп атайды. Мысалы: Қараадыр (керадыр), Сарыарқа (сарарқа); Сөйлемде кейбір дауысты дыбыстардың еміс-еміс немесе мүлдем естілмейтін тұрпаттары болады. Мұны тіл білімінде редукция құбылысы дейді. Мысалы: дәрігер-дәргер, қасірет-қасрет, қасиет-қасет. Сөз арасында түсіп қалатын қысаң ы,і дауыстылары. Мысалы: ауыл-аулы, көрік-көркі, бөрік-бөркі.
Сөздердің алдынан дауысты дыбыстардың қосылып айтылатын тіл білімінде протеза деп аталады. Лексикалық тілідк қорымызды байытуға атсалысқан араб, парсы тілдерінен енген сөздердің алдында жиі айтылады. Мысалы-рең-ірең, рай-ырай, лебіз-ілебіз, станция-ыстанса, спирт-іспірт.
Көркем туындыларды дұрыс оқу, адамдар арасында дұрыс пікір алмасу, шешендік өнербұл-екпін қоя білуге байланысты. Сөйлеу кезінде дауыс ырғағы өзгеріске ұшырайды, бір буынға екпін сәл ғана түсіп, екіншісіне күштірек түседі. Сол мезетте буынға түскен күш көтеріңкі болса оны екпін деп атаймыз. Дүние жүзінде бес мың алты жүз алпыс бір тіл болса, соның бәрінде екпін болады. Түркі топтамасына тән екпін-дем екпіні. Қазақ тілі де дем екпініне жатады. Дем екпіні 2 бөлінеді.
1.Тұрақты
2.Тұрақсыз
Тұрақты екпін қазақ тілімізге тән. Тұрақты екпін дегеніміз-сөз мағынасын өзгертпей бірақ, дауыссыз дыбыстардың айтылу кезінде біріне-бірі ықпал ете отырып, түсіп қалуы, дыбыстардың сөзге қосылып айтылуын айтамыз. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіреді. Қосымша жалғанған сайын екпіндер қосымшаға ауытқып отырады. Бірақ екпінді қабылдамайтын қосымшалар кездеседі. Олар мыналар:
1.Жіктік жалғаулары: мын, мін, сың, сің.
М: - Кенжеғали, дәптеріңді бере аласың ба?
Жоқ, бере алмайым, сабақ жазуым керек.
Қашан бересің, мен кеше сабаққа бармағандықтан, мұғалім апай өткен сабақты жазып алайын деп едім.
Мен үшін барған жоқсың. Басқа біреуден сұра, бермейм.
2.Етістіктің болымсыз жұрнақтары : ма, ме, па, пе, ба, бе.
М: Сабағымнан бөлме,
Қара бұлттай төнбе.
Мазаладың, қоймадың
Сенікі осы жөн бе?
3.Есім сөздерге жалғанып, теңеу ұғымдарын тудыратын жұрнақтар: дай, дей, тай, тей.
Найзағайдай жарқырайды шабытым,
Алқадай-ақ, мойның қысқан қамытың.
Жүрексінем неге екенін білмеймін,
Ақ жауындай сұлатқанда жақұтым.
Етістіктің түбіріне жалғанып, өтініш, тілек, мағынасын білдіретін: -шы, -ші жұрнақтары.
М: Бүгін күн жұма, даланың жусанға толы иісі мұрындыжарады. Бәйтеректей қарлығаштың балапандары шұрқырап анасын іздегендей. Маған қарап олар:
-Ербол анамызды табыңызшы,
-Ербол жем берші.
-Ербол бізді қорғашы-деп тілене еткендей.
Әдеби тілдің орфоэпиясымен сөйлеудің басты ерекшелігі екпінді бір мезетте дұрыс қоя білу сөзге екпінді дұрыс қоя білу үшін, екпінде терең әрі жете зерттеп, оқу барысында сөздікке назар қойып отырып дағдылану дұрыс шешім болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |