Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 дəріс. Кесу кинематикасы. Негізгі ережелер



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Кесу теориясы материал

3 дəрісКесу кинематикасы. Негізгі ережелер.  Кинематика (kinematos
-қозғалыс) - дене  қозғалысын  геометриялық  жағынан  ғана  қарастыратын,
механика  тарауы. Қозғалысты  шақыратын  физикалық  күштер  мен  себептерге
тəуелсіз қозғалыстың суреттемесін береді.
Білдектер кинематикасы мен кесу  кинематикасы, бір-бірімен байланыста
болса  да, теория  жағынан  да, қолданбалы  тəжірибе  жағынан  да  түбегейлі
ұқсамайды. Білдектің  кинематикалық  сұлбасы, қозғалыс  көзінен  немесе
білдектің  басқадай  бір  органынан, əр  түрлі  органдарына  қозғалысты  беруге
қатысатын, оның бөлек элементтері мен механизмдерінің өзара байланысының
шартты  кескінін  көрсетеді. Білдек  кинематикасында, білдек  механизмдерінің
өзара  жұмыстарының  кинематикалық  құрылымдарының  ғылыми  негізі  мен
жұмыстары  қарастырылады. Білдек  механизмдерін  икемдеу  арқасында  кесу
құралы  мен  өңделетін  дайындамаға  Бас  кесу  қозғалысы  мен  беріліс
қозғалысының, кесу жылдамдығы мен беріліс жылдамдығының, қажетті сандық
қатынасы  пен  үйлесімділігін  жеткізу. Білдек  кинематикасы  жұмыс  жəне  бос
цикл  кезінде  құрал  мен  дайындамаға  білдек  механизмдерінің  беретін
қозғалысын қарастырады.
Білдек 
механизмдерімен 
құрал 
мен 
дайындамаға 
жеткізілетін
қозғалыстарды, көбіне X,Y,Z осьтері бар, тік бұрышты координаттар жүйесінде
қараймыз. Білдектер  кинематикасы  механизмдердің  əр  түрлі  қозғалыстар
үйлесімін қамтамасыз етеді.:
·Жұмыс жəне бос қозғалысы;
·Беріліс механизмінің өшіп тұрған кезіндегі кесу жылдамдығының қозғалысы;
·Жылдамдық механизмінің жай тұрған кезіндегі беріліс қозғалысы;
·Жылдамдық пен берілістің бір уақытта қозғалуы;
Осы аталған кинематикалық мүмкіндіктердің барлығы металкесуші білдектерді
тиімді жəне əмбебап пайдалануға қажет.
Кесу кинематикасында кесудің принципті кинематикалық сұлбаларының
жіктелуі, талдау мен жинақтаудың ғылыми негізі ретінде қаралады:
·Машина тетіктерінің пішімделуінің технологиялық тəсілдері,
·Металл  кесу  процесінде  құрал  жүзінің  геометриялық  параметрлерінің
ауысуы(түрленуі, айналуы, өзгеруі).
Кесу  кинематикасы  құрал  жүзі  дайындамамен  түйіскен  кезінен  бастап
жұмыс  циклы  аяқталған  кезге  дейін, кесу  процесіндегі  қозғалысты
қарастырады. Кесу кезінде білдек механизмі бекітілген құрал мен дайындамаға
түзусызықтық жəне айналмалы қозғалыс хабарлайды.
Білдектер кинематикасындағыдай, кесу кинематикасында дайындама мен
құрал  жүзінің  қатынасты  жылжуын, X,Y,Z осьтері  бар, тік  бұрышты
координаттар жүйесінде қарастырамыз.
Нəтижелі  кесу  қозғалысы, бір  уақытта  іске  келтірілетін  бірнеше
қозғалыстың  жалғасы  болып  келеді: кесудің  бас  қозғалысы D
r
,жылдамдығы
u
r
; көмекші  қозғалыс D
s
  беріліс  жылдамдығы
u
s
(S) жəне  пішімқұраушы
қозғалыс
u
u
 (қосымша  қозғалыс). Кесудің  принципті  кинематикалық


20
сұлбалары  көбіне  екі  қозғалыстың, негізгі  жəне  беріліс  қозғалысының,
үйлесімділігін  қарастырады. Үш  немесе  оданда  көп  бір  уақытта  орындалатын
қозғалыста, күрделі  үйлесімділікте,, қосымша  қозғалыс  пішімқұрау  түрін
анықтайды, мысалы, тіс  тəжін, домалату  əдісімен  жасау. Бір  уақытта
қимылдайтын бас, көмекші жəне қосымша қозғалыстар, бірігіп келгенде негізгі
кесу  жиегі  нүктесінің, нəтижелі  кесу  қозғалысының  дайындамаға  қатысты
жазықтықтық  немесе  кеңістіктік  траекториясын  анықтайды. Негізгі  кесуші
жиектің əр нүктесінің, нəтижелі қозғалысының өз  траекториясы бар.
 Кесу  процесіне  қатысқан, негізгі  кесу  жиегінің  барлық  нүктелерінің
нəтижелі  қозғалысы  траекторияларының  жиынтығымен  дайындама  бетінде
кесу беті R пайда болады. Кесу жылдамдығының
u


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет