Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 Дəрістік сабақ конспектілері



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Кесу теориясы материал

2. 2  Дəрістік сабақ конспектілері
1 дəріс. Металды  кесу  туралы  жалпы  мəліметтер. Пəннің  мақсаты
мен  мəселелері. Кесіп -өңдеудің  технологиялық  тəсілі. Кесу  элементтері.
Бүгінгі  күні  машиналардан  жоғары  техника-экономикалық  жəне  пайдалану
сипаттамалары талап етіледі. Бұл үшін конструкторлар əрдайым технологияны
кемелдендіруді, тетіктерді  өңдеу  мен  машиналарды  құрастыру  сапасын


11
жоғарылатуды, жаңа  конструкциялық  материалдар  мен  оларды  өңдеудің
алдыңғы қатардағы əдістерін қолдануы қажет.
Машина жасау саласының қарастыратын басты мəселелерінің бірі болып,
машина  тетіктері  үшін  дайындамаларды  өңдеудің  жаңа  технологиялық
əдістерін  дайындауды  ары  қарай  дамыту  болып  табылады. Машина  тетіктерін
жасаудың  мəні, əртүрлі  технологиялық  тəсілдерді  бірізділікпен  пайдалана
отырып, өңделетін  дайындамаға  берілген  пішім  мен  өлшемдерді  көрсетілген
дəлдікпен беру. Берілген пішім мен өлшемдерді көрсетілген дəлдікпен берудің
бір тəсілі болып дайындаманы механикалық кесіп өңдеу болып саналады.
Механикалық  кесіп  өңдеумен  қатар, илемділік  деформациясымен
жоңқаны  алмай, электрлік, химиялық, сəулелік, жарықтық, магнитті
стриктерлік  жəне  басқа  да  энергия  түрлерін  пайдаланып  өңдеу  тəсілі  кеңінен
қолданылады. Кейбір жағдайларда машина тетіктерін жоғары сапамен өңдеуге
аралас  тəсілдерді  қолданады. Технологиялық  өңдеудің  əдістерінің  жіктелуі
сұлба бойынша 1 суретте берілген.
1 сурет. Өңдеудің технологиялық əдістерінің жіктелуі
Машина  тетіктерін  технологиялық  өңдеу  əдістерінің  ішінде  кесіп  өңдеу,
көптеген  жылдарға  машина  тетіктері  мен  механизмдерін  жоғары  дəлдікпен
дайындаудың  негізгі  тəсілі  болып  қалады. Металды  кесіп  өңдеу  деп  кесу
құралымен, тетіктің  қажетті  геометриялық  пішімі  мен  беттің  кедір-бұдырына
қол  жеткізу  үшін  дайындама  бетінен  металл  қабатын  кесу  процесін  айтамыз.
Кесіп өңдеу жоғары дəлдік пен өнімділікті қамтамасыз етеді.
Бірақ, кесу  процесі  өңделетін  материалдардың  физика-химиялық
қасиеттеріне, кесу  құралының  сапасына, білдектің  жағдайына, технологиялық
жүйенің  қаттылығына  жəне  т.с.с. байланысты  аса  күрделі  құбылыстардан
Механикалық
əдістер
Аралас əдістер
Физика химиялық
əдістер
Бетті илемдеп
өзгертіп өңдеу
Білдектік
өңдеу
Слесарлық
өңдеу
Тарта
жону
Таза
өңдеу
опера
циясы
Сүргіл
еп
қашау
Жон
ғыш
Бұрғы
лап-
кеулей
жону
Жону
Ажар
лау
    ДАЙЫНДАМАНЫ ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ƏДІСТЕРІ


12
тұрады. Металды кесу  процесіне илемділік жəне серпімділік деформациялары,
күйреу, үйкеліс, жылудың  шығуы  жəне  т.б. ілеседі. Кесу  процесінің  жоғары
өнімділігі мен тиімділігін, сонымен қатар дұрыс жəне үнемді есептеуін, металл
кескіш  білдектерді, құралдар  мен  айлабұйымдарды  құрастыру  жəне
пайдалануға  қажетті, кесу  процесіне  ілеспе  заңдылықтар  мен  құбылыстарды
терең білу қажет.
2 сурет. Кесу жүйесіндегі геометриялық параметрлер
Пəнді  зерделеу  мақсаты - материалдарды  кесу  процесін  басқарудағы
машықтарға  болашақ  инженер-механиктерді  дағдыландыру, жоңқаның  пайда
болу процесіне ілеспе физика-химиялық, механикалық жəне басқа құбылыстар
жайында  жалпы  көріністі  беру, өңдеу  сапасына  қойылатын  талаптар  мен
шарттарға  байланысты  процестің  функционалдық  параметрлерінің  өзгеруінің
негізгі заңдылықтарымен таныстыру.
Пəнді  зерделеудің  мəселелері -түрлі  өңдеу  əдістерінің  кесу  режимдерін
есептеуді  үйрету, операцияларға  кесу  процесін  жəне  технологиялық  процесті
түгел  тиімділеу, автоматтандырылған  өндірістегі  кесу  процесі  мен  кесу
құралының сенімділігін қамтамасыз ету.
Кесудің  кинематикалық элементтері  мен  сипаттамалары. Кесу құралы
дайындамадан  өңдеуге  қалдырылған  əдіпті (өңделетін  бетте, берілген
қасиеттерге  қол  жеткізу  мақсатымен  дайындама  бетінен  алынатын  материал
қабаты) алып  тастау  үшін, құрал  мен  дайындамаға  нақты  бағыттар  мен
жылдамдықты  қозғалыстар  жіберіледі. Құрал  мен  дайындамаға  жеткізілетін
қозғалыстың  бұрыштық  жəне  сызықтық  жылдамдықтары  қатынасына
байланысты, түрлі  өңдеу  əдістері  пайда  болады. Дайындама  немесе  құралға
жеткізілетін қозғалыстың бірі - кесу қозғалысы, ал екіншісі - беріс қозғалысы.


13
Кесу қозғалысы деп, кесілетін қабаттың жоңқаға айналу процесін жүзеге
асыруға  қажетті  қозғалысты  айтамыз. Беріліс  қозғалысы - металл  қабатының
бөлінуін  бүкіл  өңделетін  бетке  таратуға  арналған, жылдамдығы  кесу
қозғалысының  жылдамдығынан  кем  кесу  құралы, немесе  дайындаманың  түзу
үдемелі, немесе айналмалы қозғалысы.
Кесу қозғалысының (бас) ерекше белгісі, беріс қозғалысының жылдамдығынан
едəуір  басым. Бұл  қозғалыстар 3 суретте  көрсетілген. Суретте  көрініп
тұрғандай, бұл қозғалыстардың құралға немесе дайындамаға келгеніне қатысты
жəне олардың жылдамдықтарының қатынасына байланысты өңдеудің екі түрін
аламыз (а-токарлық; б-сургілеу).
3- сурет. Кесу кезіндегі дайындамадағы қозғалыстар мен беттер
Кесудің негізгі қозғалысы (D
r
) - кесу процесінде ең үлкен жылдамдықпен
өтетін, дайындаманың  немесе  кесу  құралының  түзу  сызықтық  үдемелі  немесе
айналмалы қозғалысы. Бас қозғалыстың жылдамдығы (
u
 м/мин,
u
 м/с) - кесу
жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің немесе дайындаманың кесудің бас
қозғалысындағы жылдамдығы.
                                4 сурет. Еркін кесудегі кесілім
Беріс  қозғалысының  жылдамдығы (беріс  жылдамдығы) - кесу  жиегінің
қарастырылып  отырған  нүктесінің  беріс  қозғалысындағы  жылдамдығы (D
s
).


14
Беріс (S) - кесу  жиегінің  қарастырылып  отырған  нүктесінің  немесе
дайындаманың осы нүктенің траекториясымен бойлай өткен арақашықтықтың,
сəйкес  цикл  санына  немесе  кесу  кезіндегі  басқа  қозғалыстың  циклының
анықталған  үлесіне  қатынасы. Қозғалыстың  циклы  деп  кесу  құралы  немесе
дайындаманың  толық  айналымын, жүрісін  немесе  қосарланған  жүрісін
айтамыз. Цикл үлесі деп кесу құралының тістерінің бұрыштық адымына сəйкес
айналым  бөлігін  түсінеміз. Қайтара-үдемелі  қозғалыс  кезіндегі  бір  жақты
қозғалысты жүріс дейміз. Беріс белгіленуі мен өлшемі: S
0
- мм/об.; S
z
- мм/зуб.;
S
x
- мм/ход.; S
x
2
- мм/2ход.; S - мм/мин. Кесудің принциптік сұлбасында кесудің
негізгі  қозғалысы  мен  беріліс  қозғалысынан  басқа  жанама  қозғалыс, нəтижелі
қозғалыс жəне кесу жолы да көрсетіледі.
Жанама  қозғалыс (D
k
) - жылдамдығы  кесудің  негізгі  қозғалысының
жылдамдығынан  кем, кесу  жиегінің  дайындамамен  түйісетін  бөлімдерін
алмастыруға  арналған, кесу  жиегіне  жанамалай  бағытталған, кесу  құралының
түзу  сызықтық  үдемелі  немесе  айналмалы  қозғалысы. Жанама  қозғалыстың
жылдамдығы - кесу  жиегінің  қарастырылып  отырған  нүктесінің  жылдамдығы
немесе дайындаманың жанама қозғалысындағы жылдамдығы.
Кесудің  нəтижелі  қозғалысы (D
e
) - кесудің  негізгі  қозғалысы, беріліс
қозғалысы  жəне  жанама  қозғалыстары  кіретін, кесу  құралының  дайындамаға
қатысты қозғалыс жиынтығы. Нəтижелі қозғалыс жылдамдығы (
u
e
) -нəтижелі
қозғалыстағы кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы.
Кесу  жолы (l) - кесу  жиегінің  қарастырылып  отырған  нүктесінің
дайындамамен  түйіскен  кезде, қарастырылып  отырған  уақыт  аралығындағы,
кесудің  нəтижелі  қозғалысында  осы  нүктенің  траекториясын  бойлай  өлшеген
арақашықтық жиынтығы.
Кесу түрлері. Жұмысқа қатысушы жүздердің санына, алынған қабат кесу
жиегінің  бойымен  қалай  ағуына  байланысты  кесу  түрлері  еркін, еріксіз  жəне
ротациялық(айналу) деп бөлінеді. Кесудің бұл түрлері 5 суретте көрсетілген.
                     а)                                         б)                                              в)
                        5 сурет. Кесу түрлері (а- еркін, б- еріксіз, в- ротациялық)
Негізгі əдебиеттер: 1
[ 3-10], 2 [ 5-13]
Қосымша əдебиеттер:


15
Бақылау сұрақтары:
1. Кинематика элементтері жəне кесу сипаттамалары.
2. Кесу режимінің элементтері. Кесу тереңдігі.
3. Кесу жылдамдығы мен беріліс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет