Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Key words: educating, methodology, function, computer program. Редакцияға 26.01.2015 қабылданды. ӘОЖ 51.37 М.Д. ҚОШАНОВА



Pdf көрінісі
бет284/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   615
3-106-2015-2-chast

Key words: educating, methodology, function, computer program.
Редакцияға 26.01.2015 қабылданды.
ӘОЖ 51.37
М.Д. ҚОШАНОВА
1
, Ж.С. ЕРКИШЕВА
2
тех.ғ.к., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Түркістан қ.
1
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің магистрі, Түркістан қ.
2
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ
Бұл мақалада математиканы оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы 
оқушылардың өз ұлтына тән салт-дәстүрлерін, ұлттық мәдениет пен математика тарихын жете меңгеру 
жолдары қарастырылған.
Түйін сөздер: Ұлттық тәрбие, ұлттық мінез, ұлттық сана, педагогикалық шеберлік, ұлттық білім
ұлттық тәрбие, математикалық білім.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық 
құндылықтармен, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен 
дамуына бағытталған білім беру үшін қажетті алғы шарттарды жасау.Болашақ мұғалімдерді әлемдік 
және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлауға, жалпы адамзаттық құндылықтарды 
игеруге, демократиялық және жаңа әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүрудің жаңа ережелерін 
үйренуге, ұлттық сана-сезімді дамытуға үйрету қажет.
Мұғалім балаларға қоғамдық тарихи тәжірибенің таңдаулысын меңгертуге, білім ғана емес, 
ғылыми дүниетаным, ұлттық мұрат, азаматтық позицияны қалыптастырып, рухани-адамгершілік 
тәрбиесін беруі және шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызу іскерлігін қалыптастыруы 
қажет.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін 
жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың 
ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, 
жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін 
батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі 
алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі–ұстаз, сонымен қатар шыңдалған 
теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Бүгінгі мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім–
ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.
«Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шынайы шындық. 
Халық тәрбиесі ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Адамды адам еткен 
еңбек болса, ол еңбекті ұрпағына үйретіп, адами қасиетке баураған халық тәрбиесі. Сондықтан 
мақсатымыз оқыту мен тәрбиелеуді қатар жүргізе отырып, математиканы оқытуда халықтық педа-
гогика элементтерін пайдалану жолдарын қарастыру.Бұл жұмыстағы негізгі міндеттер:
-халықтық педагогика элементтерін математика сабақтарында қолдану жолдарын көрсету;
-математиканы оқытуда шығармашылық ізденістер арқылы оқушылардың қызығушылықтарын
жолдарын қалыптастыру;
-шығармашылық есептер негізіне қойылатын талаптар мен критерийлерді тұжырымдау.
Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім - тәрбиеннің түп 
қазығына айналдыру ата - ананың да, мектеп ұйымының да басты борышы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет