Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет182/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   615
3-106-2015-2-chast

А.О. ЕСТАЕВА
1
, Г.М. БЕКСЕЙТОВА
2
, Ж.А. МАМЫТБАЕВА
3
ОҚМПИ магистр-оқытушысы, Шымкент қ.
1
ОҚМПИ магистр-оқытушысы, Шымкент қ.
2
ОҚМПИ магистр-оқытушысы, Шымкент қ.
3
МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Мақалада мектеп, жанұя және қоғамдық ұйымдардың тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінің
әртүрлі әдістері қолданылады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің мектептегі жүйесі
мен қоғамдық ұйымдардың өз бетімен білімін көтеруіне және олармен жүргізілетін жекелеген
топтасқан, ұжымдық жұмыс түрлеріне, ата-аналардың тәрбиесіндегі талаптарына құрметпен 
қарауға, отбасы тәрбиесіндегі тәжірибесіне сүйенуге негізделген. Мектеп пен отбасының балаларды 
тәрбиелеудегі ынтымақтастықтың рөлі, жүргізілетін жұмыстар қарастырылған. 
Түйін сөздер: Отбасы, мектеп, балалар, тәрбие, ынтымақтастық.
Мектеп – жасөспiрiмдерге бiлiм және тәрбие берудiң жетекшi институттарының бiрi. Отбасылық 
өмiрге баулуда мектептегi әрбiр пәннiң тәрбиелiк маңызы зор және өзiндiк ерекшелiгi бар. Соның 
iшiнде биология сабақтарында отбасылық өмiрге даярлау мәселесiнде жасөспiрiмдерге негiзгi 
тәрбие беруге қолайлы.
Оқушылармен оқудан тыс жұргiзiлетiн тәрбие жұмыстарының барынша көптiгiне қарамастан 
жүзеге асырылатын бiрқатар ортақ ұйымдастыру формаларын бөлiп көрсетуге болады. Салтанатты 
кештер мен мерекелер – бұлар қалың көпшiлiктi қамту, әзiрлiк жұмысына барлық сыныптарды 
тарту тән. Бiрнеше параллель сыныптары бар iрi мектептерде көбiнесе қос параллель сыныптар 
бiрiктiрiледi. Осындай бiрiктiру мектеп мекемелерiне әзiрлiктi жақсырақ ұйымдастыруға, 
оқушылардың жас ерекшелiктерi мен көңiл қалауларын ескертуге көмектеседi. Тақырыптық 
кештер мен ертеңгiлiктер ең алдымен бiр нәрсенi бiле түсуге бағытталады және белгiлi бiр арнаулы 
жеке тақырыпқа айналады. Олар бiр сыныптағы оқушылардың инициативасымен және күшiмен де 
өткiзiледi. 
Елiмiздiң атақты адамдарымен және мектепке шақырылған өзге де адамдармен кездесулер. 
Мұндай кездесулер салтанатты тақырыптық кештермен және ертеңгiлiктермен табиғи үйлесе алады. 
Бiрақ, мысалы, оқушыларды өмiрлiк жолдарын таңдауға жақсырақ әзiрлеу мақсатындағы сынып 
оқушыларының әр түрлi мамандық өкiлдерiмен кездесуi сияқты арнаулы тәрбиелiк мақсаттағы 
кездесулер болады. 
Сабақтан тыс жұмысты өткiзудiң формасын таңдағанда ең әуелi тәрбие жұмысының нақты 
мақсаттары мен мiндеттерiн есте ұстау жөн, ұйымдастыру тәсiлдерiнiң бiразы көбiнесе шағын 
шеңбердегi тәрбиелеу мiндеттерiн шешу үшiн қолданылатыны күмәнсiз. Мысалы, этикалық 
әңгiмелер көбiнесе адамгершiлiк тәрбие мақсаттары үшiн қолданылады. 
Екiншi бiр ұйымдастыру жұмысы неғұрлым кең шеңбердегi тәрбиелеу мiндеттерiн шешуге 
қолданылады. Мысалы, кештер мен ертеңгiлiктер, байқаулар мен конкурстар, көрмелер мен 
экскурсиялар, лекциялар мен әңгiмелер тағы сол сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет