Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет213/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
177
ӘОЖ 378.046.004.12
Р.Т. ИГЕНБАЕВА
1
, Ә.М. ӨМІРЗАҚОВА
2
пед.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті
1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы магистрі
2
ЭВАЛЮАЦИЯ – САПАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ
Мақалада эвалюацияның сапаны бағалау құралы ретінде оқу үдерісіндегі маңызы, сондай-ақ сапа мен 
нәтижені бағалау үшін қолданылатын табыс критерийлері туралы сипаттама беріледі.
Түйін сөздер: эвалюация, бағалау, табыс критерийлері.
Кез-келген елді әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – ғылым 
мен білім және білімді ұрпақ. Сол себептен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұдайы білім саласына 
айрықша мән беріп, еліміздің жарқын келешегі саналы да білімді, парасатты жас ұрпақтың қолында 
екенін назардан тыс қалдырған емес. 
Осы орайда бірнеше кезең бойы өткізіліп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж 
университетінің бірлесіп жасаған бағдарламасы оқыту үдерісіне жаңа серпін, инновациялық сипат 
беруде. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, 
мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге
тәрбиелеу; екіншіден (бұл да маңызды аспекті)- жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне 
сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік 
жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді 
қамтиды. Бағдарламаның мазмұнын меңгерген педагогтар өздігінше ізденетін, өз білімін еркін 
жеткізе алатын, алдына мақсат қоя білетін, білімге оң көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелейтіні 
айқын. 
Осындай тұлғаға қойылатын бірінші реттегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік
жауаптылық, терең білімділік, бәсекелестікке жауап бере алатын кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды 
орындау үшін білімденушілердің білімін бағалауда айрықша жаңа бағытта жұмыс жасау қажеттілігі 
туындайды. 
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандағы кездейсоқ 
емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін 
өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып 
табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптардан күніне жүз рет 
өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған қарамастан, бағалау 
түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, 
басқалар сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді [1,52]. 
Біз осы мақаламызда бағалаудың түрлі сипаттамаларына талдама жасай отырып, жаңа 
парадигма жағдайындағы білім беру үдерісінде бағалаудың негізгі түрі ретінде эвалюацияның 
маңыздылығына тоқталмақпыз.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары шет елдерде эксперименттік іс әрекеттің нәтижесін бағалау 
жөніндегі ұғым ретінде пайда болған эвалюация түсінігі бүгінгі таңда медицинада, саясатта, сонымен 
қатар білім беру жүйесінде кең қолданылады. Бұл ұғым 2011 жылы шыққан «Педагогикалық білім 
беру: мәнмәтінді-бигорафиялық тұғыр» атты кітапта қолданылды. Онда кейбір мемлекеттердің 
білім беру жүйесінде эвалюацияның эволюциялық даму жолдарын көрсеткен 
Көптеген білім саласының мамандары бұл ұғымды білім беру сапасын бағалаудың синонимі 
ретінде түсініп, жаңсақ түйін жасайды. Бұл қателік эвалюацияны шет тілінен тура тәржімалау 
негізінде қалыптасқан. Ағылшын тіліндегі «evaluation» сөзі «баға», « құндылықты анықтау» 
дегенді білдіреді. Аталмыш балама француз және испан тілдерінде де қолданылады. Негізінен бұл 
ұғым латын тілінен аударғанда «valor» - «құн», «бағалылық» дегенді білдіреді. Яғни, эвалюация 
деген белгілі бір нәрседен құндылықты анықтау. Сондықтан заманауи педагогика ғылымында 
бағалау және эвалюация ұғымдары синоним болып табылмайды. Эвалюация бағалау ауқымынан 
кең ұғым ретінде түсіндіріледі, ал баға оның құраушы бөлігі ғана [2]. 
«Эвалюация» ұғымы пайда болғалы ұдайы өзгеріп, кеңейіп, мағынасы өңделіп, толықтырылып 
келеді. Алғашқыда стандарт пен критерийлерді есепке ала отырып, адамның немесе белгілі бір 
заттың маңыздылығының, құндылығының бағасын анықтау мағынасында қолданылды. Кейінірек, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет