№ 3 (106) 2015
181
ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, ... кәсіпкерлікке бағдарланған оқу
бағдарламаларын, білім беру курстарын құру» деп көрсетілгендей қазіргі таңда мектепке білім
беру мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, ғылымның негіздерін нақты меңгеру, әрбір пәнді жоғары
ғылыми деңгейде кәсіби бағытта оқыту міндеттері қойылады [1].
Мектептерде әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен кәсіби бағыттылығын есепке алынбайтын
оқытудың дәстүрлі түрлері ығысуда. Білім беруді жаңарту жаңа типті мектептер моделін дайындауды,
жаңа оқулықтар мен оқыту бағдарламасын, тапсырмалар жүйесін, информатика курсын оқытуда
жаңа әдістерді қолдануды қажет етеді. Мектептерді жаңа деңгейге көтеру,
информатиканы
оқытудың нәтижелерін оқытуды дербестендіру жолымен арттыру, жоғары сынып оқушыларының
кәсіби бағыттылығына бағдарланған сараланған тапсырмаларды дайындауды қажет етеді. Мұндай
жағдайда әрбір жоғары сынып оқушысы бекітілген білім беру минимумы бағдарламасын толықтай
игере алады.
Информатиканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адам іс-әрекетінің
барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру
жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерді (И.Г.Захаров,
A.A.Кузнецов, И.В.Роберт, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, С.Кариев, Ж.А.Қараев, К.М.Беркімбаев
және т.б.) талдау кәсіптік бағыттылықты басқару үдерісіне, информатиканы оқыту мазмұны,
әдістері, орталары, оқыту формалары,
функциялары, психологиялық-педагогикалық сипатының
жаңа құрылымдарына басшылыққа алуға болатындығын көрсетеді [2].
И.Д.Бутузов, Ю.К.Бабанский, А.А.Кирсанов және Қазақстан ғалымдары С.А.Нұрахметов,
М.Жадрина және т.б. психологиялық-педагогикалық әдебиеттерін талдау, саралап оқыту
педагогикалық міндет ретінде алыс-жақын шетел, біздің елімізде
қарастырылып келетіндігін
көрсетеді [3]. Алайда қазіргі мектептерде жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылына
тәуелді сараланған тапсырмалар қолданылмайды. Информатика сабағында мұндай тапсырмалар
жүйесін қолдану қажет, өйткені информатика деңгейі және мазмұны жағынан да саралап оқыту
міндеттерін толықтай және тиімді жүзеге асыруға арналған оқу пәндеріне жатады. Бір жағынан
информатика оқыту мазмұнын саралауға арналған үлкен мүмкіндікті
беретін кең қолданбалы
мағынаға ие, екінші жағынан ақпараттық технологиялардың дидактикалық әлеуетін және олардың
мотивацияны дамытудағы, оқытуды дербестендіру, тұлғаға-бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға
жағдай туғызатындығын да бағаламау мүмкін емес.
Оқушылардың кәсіби бағыттылығына тәуелді сараланған тапсырмалар жүйесінің қажеттілігі
мен мақсатқа лайықтылығы
ғылым жетістіктерімен, қоғам талабымен, мамандардың кәсіби
дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың артуы тұрғысынан 12 жылдық білім беру жүйесіне
көшу стандартының жобасында көрініс тапқан. Осы құжатқа сәйкес білім беру жүйесі келесідей
мақсаттарды көздейді:
1. Мәдениет, экономика, ғылым, техника және технологиялар
саласындағы өзгерістерді
бейнелейтін білім берудің барлық аспектілерін жүйелік жаңарту;
2. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлерінің көптүрлілігі және білім беруді дербестендіруді
қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының вариативтілігі;
3. Қашықтықтан оқытудың дамуы, білім беруде ақпараттық технологияларды жүзеге асыратын
бағдарламаларды жасау;
4. Қоғамды ақпараттандыру және жаңа технологиялардың дамуы жағдайында кәсіби өсуге және
кәсіби мобильділікке қабілетті жоғары кәсіби деңгейлі тұлғалар мен жоғары кәсіби деңгейлі маман-
дарды дайындау.
Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығынан тәуелді тапсырмаларды саралау
идеясының маңыздылығы білім беру мейлінше дербес, функционалды және тиімді болғанда қол
жеткізуге мүмкіндік беретіндігінде. Ол жоғары сынып оқушыларының әрі қарайғы өмір жолын
қамтамасыз етуде де жұмыс жасауы тиіс, сондай –ақ кәсіби білім алуға дайындығына және түрлі
әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне, жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін дамытуға, белсенді адамзат
әлеуеті тұрғысынан қалыптасуына мүмкіндік жасауы қажет.
Кәсіби бағыттылық – бұл жастарды сәйкесінше тұлғалық бейімділіктерімен,
қызығушылықтарымен, қабілеттерімен және арнайы мамандықтағы және әртүрлі
деңгейдегі
біліктіліктегі кадрларға біруақыттағы қоғамдық қажеттіліктермен сәйкесінше мамандықты таңдауға