Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет279/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
232
дәстүрлі әдістемесін сақтай отыра, жаңа сапаны қамтамасыз етеді. Оның негізінде көрнекіліктерді 
жаңарту, яғни тиімділігін арттыру, оқушының танымдық қызметінің белсенділігін көтеру, бейнелі 
ойлау механизмдерін жетілдіру жатыр.
«Функциялардың негізгі қасиеттері» тақырыбын оқытуда мұғалім келесі тақырыптарды 
оқушыларға жеткізуі тиіс:

функциялар және олардың графиктері;

функиялардың графиктерін қарапайым түрлендіру;

жұп және тақ функциялар;

тригонометриялық функциялардың периодтылығы;

функциялардың өсуі мен кемуі;

тригонометриялық функциялардың өсуі мен кемуі;

функцияларды зерттеу.
Жоғарыда аталған тақырыптар мектеп оқушыларының игеріп әкетуіне жеңіл берілетін 
тақырыптар емес екендігі аян. Сондықтан да мұғалім дәстүрлі әдістемемен қатар ақпараттық 
технологияларға жүгіне отыра оқушылардың білімі мен іскерлігін дамытуға бағытталған үйретуші 
компьютерлік бағдарламаларға сүйене алады.
Негізінен алғанда компьютерлік бағдарламалар көмегімен оқыту бұл динамикалық үрдіс. 
Оның дамуындағы негізгі тенденциялар компьютерлерді оқу үрдісінде пайдалану аясын кеңейтуге 
байланысты. Бүгінде еліміздің нарығында кездесетін компьютерлік бағдарламаларға зерттеу 
жүргізсек арнайы математика пәніне жасалған саналуан фирмалар мен жеке қолданушылардың 
өнімдері бар. Мысалы Ресейде дайындалған «Математика 5-11 классы. Практикум» («1С»), «Все 
задачи школьной математики» («Просвещение-Медиа»), «Математика абитуриенту» («Новый 
диск»), «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики» («Дрофа»), 
«Интерактивная математика. 5-9 классы» («Дрофа»), «Курс математики базовый. Для школьников и 
абитуриентов» («Медиа Хаус»), «Алгебра. 7-11 класс» («КУДИЦ», «Кордис & Медиа»), Зеленоград 
мектебінің математика пәнінің оқытушысы Ю.М.Астратовтың бағдарламалары: «Теорема Виета» 
(8-9 сыныптар үшін), «Решение линейных уравнений» (5-7 сыныптар үшін) «Решение линейных 
неравенств» (8-9 сыныптар үшін) т.с.с., Біздің елімізде электрондық оқулықтарды шығарудағы таныс 
ұйым ол – Ұлттық ақпараттандыру орталығы. «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық 
оқулықтары көптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай бағдарламалардың басым бөлігі: 1) оқыту, 
2) жаттығу, 3) бақылау деп аталатын алгоритм негізінде дайындалған. Сондықтан да мұндай 
бағдарламалар мұғалім мен оқушыларға жақсы көмекші ретінде қызмет етуде. 
Кез келген өнімнің артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де қатар жүретін болғандықтан да 
арнайы бағдарламалық өнімді таңдағанда олардың сабақтың мақсатына, міндеттеріне, формасына, 
сабақ түріне сәйкес келуін ескеру қажет.
Арнайы бағдарламалық құралдарды алгебра және анализ бастамалары пәнін оқытуда пайдалану:

оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға; шығармашылық қабілетін дамытуға;

математикалық ойлауын қалыптастыруға;

оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға;

өзін-өзі басқаруға;

есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Белгілі бір бағытта жасалған компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы компьютерлік 
технологиялардың жетістіктерін, яғни жоғары сапалы графиканы, анимацияны, дыбыстық 
қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да құралдарын пайдалануы тиіс.
Оқытудың тиімді жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының өзара қатынасындағы 
дидактикалық және психологиялық талаптар мен принциптерді ескеру керек. Өзін-өзі оқытуға 
арналған компьютерлік бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы 
тікелей немесе қандай да бір техникалық құралдар бойынша сұхбаттық өзара әсердің болуында. 
Осы себепті де арнайы бағдарламаларды таңдағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының 
интерактивтілігі, яғни оқушының сұрақтары мен іс-әрекетіне дереу жауап беру мүмкіндігі бар 
екенін, оның үстіне мәселені анықтай түсуге, мәліметтерді беруге, оқушыға ақпаратты ұсына 
алатындағын да ескеру керек.
Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды 
интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет