Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
234
Білім мазмұны жоғарыда көрсетілгендей, критерилердің айырмашылығы болып табылады.
Біріншісі – танымдық деңгей. Бұл деңгей нақты пән бойынша оқытудың базалық мазмұнының
негізінде көмек ретінде оқу материалдарын береді.
Жасалған талдарулар неізінде енді нақтылай айтатық болсақ «Тригонометриялық функциялар»
тақырыбын өткенде «Үздіктерге арналған тригонометрия» бағдарламасын қолдануға болады, яғни
оқушы теориямен танысқаннан кейін тесттік тапсырмаларды орындай бастайды.
Керек кезінде
оқушы жауабын тексереді немесе теориясын оқиды, графикті немесе шешімін көре алады. Әрбір
оқушы өз темпімен жұмыс істейді, бір есепті түсініп шешкеннен кейін екіншісіне өтеді. Берілген
бағдарлама бойынша оқыту ұйымының формасы өзіндік жұмыс дәрежесі өзгермелі жеке жұмыспен
сипатталады. Программаның қолданылуы қарапайым. Технологиямен таныс оқушы компьютерде
мұғалімсіз де жұмыс істей алады, сонымен қатар программада көптеген нұсқаулар беріледі.
Алгебра сабағында ақпараттық технологияның екі түрі қолданылады: презентация және слайд-
шоу. Олар оқушыларға материалды түсінікті және көрсетілімді түсіндіруге мүмкіндік береді.
Презентация мұғалімнің фронтальді жұмысының ақпараттық қамтамасыз етуі болып табылады
және де ол слайдтардан тұрады. Берілген ақпараттың негізгі формалары – мәтін, суреттер, сызбалар
[3,б.16].
Сабақта электрондық құрылғылардың әр түрлері қолданылады:
−
аудио-видео түрдегі бейнелеулер мен көрсетілімдер;
−
алынған болжамдар мен шешімдерді қайтадан тексерумен, проблемалық сұрақтарды қою
және өзінде иллюстративтік материалдардың үйлесуі бар қосымша;
−
тест,
кроссворд, басқатырғыш түрінде білімді өзіндік және фронтальды тексеру;
−
бір сабақта білімнің әр түрлі саласын кірістіре отырып, әлемді қабылдау бейнесін қамтып,
материалды толығымен көрсетуге мүкіндік беретін тақырып бойынша сабақтың формасын жасап
шығару;
−
Visual Basic бағдарламалау тілін қолдана отырып, сабақтарға электрондық берілімдер жа-
сап шығару ол оқушының компьютермен үздік байланысына (объективті-бағытты программаны
қабылдаған, оқытушымен орындалады) болады.
Оқыту үрдісінде жиі қолданылатын ақпараттық технологияларды екі топқа бөлуге болады:
1
Жергілікті желі мен әлемдік INTERNET – (методикалық нұсқаудың электронды түрі,
дистанционды оқытудың сервері, қосымшалары) қолданатын желілік технологиялар.
2
Жергілікті компьютерге бағытталған технологиялар (оқу-үйрету
бағдарламасы нақты
процестегі компьютерлік модельдер, демонстрациондық бағдарламалар электронды тапсырмалар,
бақылаушы бағдарламалар, дидактикалық материалдар) [4, б.8].
Оқытуға бағытталған құралдар. И.В.Роберт дәстүрлі оқыту процесіне тиімді деп, оқытуға
бағытталған бағдарламалық құралдарды пайдаланудың келесі
методологиялық мақсаттарын
көрсетті:
−
Оқыту процесін жекешелендіру және дифференциалдау;
−
Қателерді диагностикалаумен және байланыспен бақылау жасауды іске асыру;
−
Оқу әрекетінің өзін-өзі бақылау және өзін-өзі коррекциялауды (түзету) іске асыру;
−
Қиын есептеу жұмыстарын компьютермен орындау
есебімен оқу уақытын ұту;
−
Оқу ақпаратын визуаландыру;
−
Оқу процесін немесе көріністі модельдеу;
−
Шынайы тәжірибе немесе экспериментті компьютерде жасанды түрде жүргізу жағдайында
лабораториялық жұмыстар жүргізу;
−
Әртүрлі жағдайда қолайлы шешім табу біліктілігін қалыптастыру;
−
Белгілі бір ойлау түрін дамыту (мысалы: бағдарламалық
бейнелеу құралдары арқылы
немесе ойын жағдайларын қою арқылы);
−
Танымдық әрекет мәдениетін қалыптастыру және т.б.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық
іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке
тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында
тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып
табылады.[5, б.128]