Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет289/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   615
3-106-2015-2-chast

БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада оқыту процесінде заманауи оқыту технологияларының қолданылуы және оқушылардың 
дамуына әсері қарастырылған. Авторлар «технология» мен «әдістеме» ұғымдарының анықтамаларына 
тоқталады. Мұғалімнің инновациялық технологияларды оқыту процесіне енгізуі мен қолдануы барысында 
кездесетін негізгі қиындықтарын айта келіп, оқушылардың оқыту технологиялары жөнінде ақпараттанған 
болуларының мәнін ашып көрсетеді. Оқыту процесінде мұғалім мен оқушының өзара түсіністігі мен өзара 
әрекеттесуін нәтижеге қол жеткізетін фактор ретінде санап, оқыту технологияларын қолдану тиімділілін 
арттыру мақсатында бірнеше ұсыныстар береді. 
Түйін сөздер: технология, оқыту технологиясы, әдістеме, технологизациялау, инновация.
Қазіргі кезде білім беруші ұйымдардың алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – 
оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру, өзін өзі рухани қажеттіліктерімен 
қамтамасыз ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Оқушылардың оқуға деген 
қызығушылықтарын арттыру үшін мұғалімдер көп жағдайда педагогикалық процесті жүргізу 
барысында жаңа оқыту технологияларын қолданады.
Соңғы жылдары біз білім беру кеңістігінде болып жатқан ауқымды процестердің куәсі болып 
жүрміз. Осы орайда көптеген педагогтар көзқарасы әр оқушы білім беру саласындағы белгіленген 
стандартты білімді игеруі үшін дәстүрлі оқытудан гөрі педагогикалық технологиялар көмегімен 
оқыту тиімдірек дегенге саяды. Оқыту технологияларын әдістемелік тұрғыда дұрыс қолданған 
жа
ғдайда, оқушылардың танымдық іс-әрекеттері дамиды, шығармашылық белсенділіктері 
жоғарылайды, өзіндік білім алу жағдайына өту жүзеге асады.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында 
жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасында: заманауи құралдармен 
жабдықталған (байланыс және коммуникация құралдары, желілік өзара байланыс, кеңжолақты 
интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, аудио-бейне техникалар, цехтар, 
шеберханалар) оқыту пән кабинеттері болуы қажет деп көрсетілген [1,18]. Осыған орай білім беру 
ұйымында оқыту технологияларын қолдануға қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. 
Білім беру саласында педагогикалық технологияларды қолдану тиімділігі В.И. Андреев, В.П. 
Беспалько, В.И. Боголюбов, М.В. Кларин, В.Ю. Питюков, Я.А. Савельев, Г.К. Селевко, В.А. Сластенин 
және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Білім беру процесінде заманауи оқыту технологияларын 
қолдану жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады. Отандық 
ғалым Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет