№ 3 (106) 2015
241
мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді.
Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [2,117].
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
1. ойын арқылы оқыту технологиясы;
2. проблемалық оқыту технологиясы;
3. тірек сигналдары арқылы оқыту;
4. деңгейлік саралап оқыту;
5. міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
6. бағдарламалап оқыту технологиясы;
7. оқытудың компьютерлік технологиясы;
8. дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
9. дамыта оқыту технологиясы;
10. модульдік оқыту.
Педагогикалық процесті технологизациялау – білім беру процесі тиімділігін жоғарылату
бағыты, көзделген оқу мақсатына жету кепілі. Адамның кез келген іс-әрекеті екі деңгейден тұрады:
технологиялық (қалай жүзеге асады) және еңбек (қалай жүзеге асырамын). Технология үнемі
дамиды, алдын ала жоспарланады. Технология объективті, ол адам бойындағы жеке сапасына
байланысты емес. Ғылыми тұрғыда негізделген технология белгілі біп ғылым саласы мен өндіріс
арасындағы байланыс болып табылады. Оқыту технологиясы да оқыту теориясы мен практикасы
арасындағы байланыс болып саналады. Оқыту теориясын оқыту процесінде пайдалану үшін
технологизациялау, яғни педагогикалық міндеттерді шешу құралына айналдыруымыз қажет.
Егер, технология ұғымын оқыту әдістемесін зерттейтін ғылым саласы деп қарастырсақ, онда
келесідей тізбекпен түсіндіруге болады: педагогикалық теория – педагогикалық технология -
педагогикалық практика. Яғни, жоғарыда айтып өткеніміздей теориялық білімді практикада
пайдалану үшін технологизациялау, іс-әрекет түріндегі процедураға айналдыру қажет.
Егер, технология ұғымын білім беру ұйымы деңгейінде қарастырсақ, онда аталмыш ұғым
қойылған мақсаттан бастап нәтижеге дейін барлық процесті қамтиды. Басқаша айтқанда, технология
білім беру ұйымының педагогикалық жүйесінің бір бөлімі, жалпы педагогикалық міндеттерді шешу
әдістері жиындығы болып табылады.
Егер, технология ұғымын мұғалім іс-әрекеті деңгейінде қарастырсақ, онда бұл жоғары нәтижеге
жетуге бағытталған кәсіби іс-әрекет әдісі ретінде көрініс табады.
Педагогикалық процеске қатысушыларды екіге: білім алушылар мен білім берушілер деп
бөлсек, онда оқыту технологиясын да екі қабатқа бөліп көрсетейік. Біріншісі (ішкі) – оқушылар
іс-әрекетінен, екіншісі (сыртқы) – мұғалім іс-әрекетінен тұрады. Оқыту технологиясының ішкі
қабатын оқыту мазмұны мен субъектісі десек, онда сыртқы қабаты нақты жағдайда осы екі ұғымның
өзараәрекеттесуі болмақ.
Оқыту технологиясын сөз еткенде әдістемеден айырмашылығы неде,-деген мәселелі сұрақ
туындайды. Осыған орай бірнеше анықтамаға тоқталып өтейік:
1. «Технология» сөзі грек тілінен аударғанда «өнер» деген мағына береді. В.П. Беспальконың
пікірінше: «Кез келген іс-әрекет технология немесе өнер болуы мүмкін». Өнер интуицияға, техно-
логия ғылымға негізделеді. Не нәрсе өнерден бастау алып, технологиямен аяқталады және қайта
бастау пайда болады [3,78].
2. Технология – бұл, белгілі бір құралдар көмегімен нәтижеге жетуге бағытталған әдістеме.
3. Оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына
негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру [4,99].
3. Технология мен әдістеме. Бұлар біріккенде оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеттесуіне жағдай
туғызатын әдіс-тәсіл түрінде болады.
4. Әдістеме – бұл, өте кең ұғым, бұған бірнеше технологияны енгізуге болады. Көп жағдайда
әдістеме - тұтас педагогикалық жүйе сапасы ретінде қарастырылады [5,67].
Сонымен, әдістемені технология, технологияны әдістеме деп түсіндіруге бола ма? Технология
құрамы – әдістер жиынтығы емес, көзделген нәтижеге жеткізетін анықталған іс-әрекет кезеңдері.
Технология оқу процесі заңдылықтарына сүйенеді, ал әдістеме эмпирикалық тәжірибеге, педагог
шеберлігіне сүйенеді.
|