Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
324
белсендіреді. Миға шабуылдың модификациялар қатары белгілі: тапсырманы топтық орындау,
идеялар конференциясы, жаппай миға шабуыл және т.с.с. [3]. Миға шабуыл әдісімен оқыту
нәтижесінде оқушыларда қандай да бір ой-пікірлерді басқалармен талқылауғаынта-жігері пайда
болады, бұл кезде «Бірге ойланайық...», «Қалай жасауға болады...», «Не болады, егер...» деген
сөйлем типтері белсенді қолданылады.
1. Отбасың бір айға демалысқа кетеді. Бөлмедегі гүлдерді суару керек. Не істеуге болады?
2. Сағат жоқ болса, уақытты қалай анықтауға болады?
3. Егер төбеге дейін фонарь шамының жарығы жетпесе, ал қабырғаға жармасу мүмкін емес
болса, үңгірдің биіктігін қалай өлшеуге болады?
4. Ирек-ирек құбырдың ішін тазалау керек. Не істеуге болады?
5. Жаңа теңдессіз табиғи құбылысты ойлап табыңыз. Қиялдау үшін өзіңе қалай көмектесуге
болады?
6. Жердің ірі астероидтармен соқтығысу қауіптілігі бар. Бұл мәселені шешу үшін іс-шаралар
жүйесін ұсыныңыз.
Мұндай кезде балалар алуан түрлі жауаптар нұсқаларын тыңдауға, туындаған мәселені
талқылауға, көптеген алуан түрлі идеяларды ұсынуға идеяларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан
бағалауға және ең өнімдісін таңдауға үйренеді. Ұсыныстарды қайта қарауға мүмкіндік бермейтін
идеяларды жаңғырту ретсіз, кездейсоқ жүреді.
Синектика әдісінің негізінде әртүрлі ұқсастықтарды қолдану жатыр: тікелей, жеке (эмпатия),
символикалық, фантастикалық. Тікелей ұқсастықтарды қолданғанда білімнің басқа саласынан
шешімдер тасымалы жүреді; эмпатияны қолдана отырып, адам өзгергіш нысан образында
болып үйренуі керек және алынған сезімділік ассоциацияны ұсыну негізіндегі мәселені шешу;
символикалық ұқсастықты қолдану барысында өзгергіш нысан метафора, поэтикалық бейне
көмегімен сипатталады; фантастикалық ұқсастық фантастикалық жағдайда нақты шектеулерсіз
бәрі мүмкін жағдайда нысанның өзгеруін болжайды.
Синектика әдісі арқылы оқыту негізінен нысанды және жағдайды әртүрлі көзқарас тұрғысынан
қарау білігін, педагогтың берген шарттарының көмегімен қарапайым нысандарға көзқарасын
өзгерту білігін дамытатын, жанашырлық, өзара түсіністік және толеранттылық сезімін тәрбиелейтін
жеке ұқсастықты пайдалануды көздейді.
Идеяларды жаңғыртудың алгоритмдік емес әдістердің артықшылықтарына игерудің
қолжетімдігін, қиялды дамытуда қолданылуы мүмкін жаңа идеялардың санының өсуін, күрделі емес
тапсырмаларды шешу мүмкіндігін жатқызуға болады. Г.С. Альтшуллер ұқсастықтары бойынша
ТТШТ-да қолданылатын типтік әдістермен қарама-қайшылықтарды шешуді, қиялдаудың типтік
әдістерін, шығармашылық үдерістің басқарушылық деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін оқытуды
әзірледі [1]. Нысандардың фантастикалық өзгеруі келесі тәсілдерге бөлінеді: өсу – кему, бөлшектену
– бірігу, динамизация – статика, жылдамдату – баяулату, арнайыландыру – әмбебаптандыру,
жандандыру тәсілі, уақыттың өзгеру тәсілі; керісінше тәсіл және басқалар.
Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту оқыту кезінде шығармашылық өнімді құрідағы
алгоритмдік іс-шараларды қолдануды көздейді: жұмбақ жаттау (А.А. Несеренко әдістемесі), әдеби
шығармалар бойынша «Иә-Жоқ» пікірсайысын құрастыру (Т.А. Сидорчук әдістемесі), суретке
бойынша әңгіме құрастыру (Мурашковский әдістемесі), қозғалмалы ойындар синтезі (М.С.
Гафитулин, С.В. Сычев әдістемесі).
А.А. Нестеренконың жұмбақ жаттау алгоритмі өзінің әмбебаптығының арқасында оқытудың
барлық кезеңдері бойы қолданыла алады [6]. Сыныптан тыс іс-шараларда ТТШТ-технологиясы жиі
қолданылады:
Елестетуге арналған «Антиуақыт», «Күлкілі жаттығу» ойындары;
Логикалық және ассоциациялық ойлауды дамытуға арналған тесттер;
Логикалық тапсырмалар – «Шерлок Холмстың тапсырмалары», «Ойлан, тап»:
Түнде күн қайда кетеді?
Неге біз Айда скафандрсыз өмір сүре алмаймыз?
Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Интеллектуальды ойындарда шығармашылық тапсырма – стандартты емес жағдайда тез шешім
қабылда. Бірінші орынға индукцияны, дедукцияны ұшқыр қиялды және с.с. талап ететін логикалық
операциялар шығады.
|