Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет441/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
366
Бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Болон 
үдерісіне енді. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі еліміздің білім беру жүйесін 
жетілдірудің жаңа бағдары инновациялық білім беру субъектілерін даярлауды талап етеді. 
Университет студенттерінің қоғамдық өмірдің өзіндік дамуы мен қалыптасуының субъектісі ретінде 
инновациялық білім беру ортасында педагогикалық креативтігін қалыптастырудың теориялық-
әдіснамалық негіздерін анықтау және оның ішкі тетіктерін табу аса маңызды. Инновациялық білім 
беру үдерісі университет студенттеріне білім берудің әр кезеңінде жаңашылдық идеялар ұсынудағы 
жаңа тұғырлар немесе туындылар, ақыл-ой әрекеттерінің дәстүрлі жүйелермен сабақтастықта және 
түрлі іс-әрекетте педагогикалық креативтікті қалыптастыру мүмкіндігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз озық елдердің шаңын жұтуға тиісті 
емеспіз, біз солармен терезесі тең ел болуымыз қажет» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. 
Сондықтан да студентке және білім берушілерге қойылатын талапты, ЖОО оқу жүйесін 
ұйымдастыру мәселелерін жаңаша үлгіде қайта ұйымдастыруды қолға алу керек [1].
Педагогикалық білім беру жүйесінің дамуындағы заманауи деңгей адами құндылықтарды, 
болашақ мамандарды даярлаудағы озық технологияларды қолдануды қарастырады, бұл өз кезегінде, 
педагогикалық білім берудің жалпы концепциясының да, оның негізгі құрауышы, студенттің 
теориялық білім алуы мен оның болашақтағы кәсіби қызметінің арасындағы байланыстыратын 
бөлігі ретіндегі – педагогикалық тәжірибенің де өзгеруіне септігін тигізеді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық 
автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісудің қажеттілігі, болашақта үлгерімі жақсы 
студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасаудың қажеттілігі жете көрсетілген [2].
Қазіргі заман білім берушіден тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, 
педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық 
сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, 
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер 
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе 
білім берудегі, соның ішіндегі педагогикадағы жаңашылдық пен зерттеушілік тәжірибеге 
сүйеніп, нақты дерктер мен соңғы жаңалықтарға негізделген теориялық талдау және жинақтаудан 
құралған білім беру мекемесінің немесе үнемі ізденісте болатын тәжірибелі педагог-маман 
еңбегінің жемісі. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. өйткені әрбір жаңа 
кезеңде ЖОО-ның материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен 
педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық 
педагогикалық тәжірибеден туындайды, оның тәсілдерінің болжамдылығымен, ғылымилылығымен, 
шығармашылығымен басым түсіп, әдістемелік жүйенің және оның жекелеген құрамдастарының 
жетілдірілуіне септігін тигізеді.
Сонымен бірге, озық тәжірибе педагогика ғылымы мен тәжірибесінің қазынасын үнемі 
толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және 
таратуда білім берушінің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші 
ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субъективті факторлардың ықпалын ескеру 
арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық 
тәжірибеде объективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық 
қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке 
тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшелік-тері ғана 
назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті 
педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады [3].
Педагогикалық тәжірибеде «белсенді әдістер мен оқыту формалары» деген термин бұрыннан 
қолданылып келе жатыр. Ол білім алушылардың оқуындағы белсенділіктің жоғары деңгейіне қол 
жеткізетін педагогикалық технологиялар тобын біріктіреді. Соңғы кездері «интерактивті білім 
беру» термині де кеңінен таралып кетті. 
Педагогикалық технологияның компоненттері туралы мәселе өте маңызды. В.В. Сериповтың 
ойынша, педагогтің іс-әрекеті технологиялық деңгейде былай көрінеді:
1. Қойылған мақсаттың болжамының анықтылығы.
2. Оқылып жатқан тапсырманың танымдық және тәжірибелік жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет