Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет462/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
384
ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруды А.Ғ.Қазмағанбетова, Т.М.Баймолдаев, Г.Нұрғалиева, 
Д.Н.Кулибаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, М.Қ.Қаламқалиев, 
Ш.Х.Құрманалина, С.Т.Мұхамбетжанова, Ж.Ы.Сардарова, Ж.Ж.Нұржанова, А.Б.Медешова, 
Н.Т.Ермеков, Н.Т.Данаев т.б ғалымдар зерттеген.
Ш.Т.Таубаева, Ү.Б.Жексенбаева, Ә.М.Мұханбетжанова, К.С.Құдайбергенова, Ғ.У.Сыздықбаева, 
Г.Қ.Айқынбаева, М.А.Абсатова, Ш.Т.Мұқанбетова, Ж.У.Кобдикова, С.К.Кариев, Б.Т.Набиева, 
М.А.Ғалымжанова және т.б. ғалымдар өз зерттеу жұмыстарында құзыреттілікті білім беру нәтижесі 
ретінде қарастырған.
Өскелең ұрпаққа қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті 
етіп тәрбиелеу – болашақ мамандардың алдына қойылған басты міндет. Сондықтан, болашақ 
мамандар қазіргі заманғы техника мен технологияны игеріп және оны оқу үдерісі барысында 
қолдануы қажет. Оның мәнісі – мектепке әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық 
ретінде қалыптасуын, оқушының өзіндік тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз 
етуге барлық жағдайды тудыру. Ал, ол үшін қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-
экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында болашақ 
мамандардың ақпараттық-кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуына мүмкіндіктер жан-жақты 
қарастырылуы маңызды.
Түркия мемлекетінің ғалымдары Л.Күчүкахмет, М.Өзжан, Ж.Өзтүрік, А.Махироглу, І.Арсланоглу,
А.Айдын, И.Акюз, И.К.Кайа және т.б. еңбектерінде болашақ мамандардың құзыреттілігін 
қалыптастыру мәселесі мен ақпаратты қолдану мәдениеті жан-жақты қарастырылған. 
Қазақстандық ғалымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру және 
қоғамдық сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес білім берудегі құзыреттілік үлесіне 
зерттеулер жүргізіп, оны мектеп тұрмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Құзыреттілік 
тұрғысынан ұйымдастыру педагогикалық білім беру мен біліктілікті жетілдіру мазмұнын жаңарту 
құралы ғана емес, оны қазіргі талапқа сай ұйымдастырудың қажетті механизм ретінде де қарастыруға 
болады. Құзыреттілік тұрғысынан білім беру мен біліктілікті жетілдіру жұмысына айтарлықтай 
өзгеріс ендіріп, оған тәжірибелік-шығармашылық бағыт береді. 
Жалпы “Құзыреттілік” түсінігі шетел әдебиеттерінде де, отандық әдебиеттерде де кездеседі. 
“Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, 
интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, 
“кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді 
біріктіреді. Ғалым Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторла-
ры “құзырет” және “құзыреттілік” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды “құзырет – жеке 
тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы”, ал “құзыреттілік – хабар-
дар болушылық, абыройлық” деген мағынаны білдіреді деп дәлелдеуге тырысады.
Бүгінгі күні оқу үрдісін бүкіл дүние жүзі педагог-ғалымдары зерттеп келеді. Өйткені, қазіргі 
уақытта білім берудің жағдайы өте күрделеніп кеткені бізге мәлім және ол қарама-қайшылықтарға 
да толы. Қоғамның дамуы білім беру саласына қарағанда әлдеқайда алдыда болады. Тіпті бұл 
алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенеді. Күн сайын адам ресурсына көптеген 
ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан 
білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама-
қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Құзыреттілік тәсіл идеясы – қоғамға 
қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өте алады. 
Қазіргі педагогикалық білім беру тәжірибесі және әдебиеттерді талдай отырып, мұғалімдердің 
ақпараттық-кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеумен әртүрлі ғылым саласының 
өкілдері: философтар, әлеуметтанушылар, психологтар, педагогтар және т.б. айналысатындығын 
аңғартты. Дегенмен, біз өз зерттеу тұрғымыздан ақпараттық-кәсіби құзыреттілік ұғымының мәнін 
ашып алуды мақсат еттік. Ең алдымен назар аударатын мәселе – ақпарат ұғымы, оның түрлері мен 
қасиеттері, ақпараттық үдерістер және оларды жүзеге асыру тәсілдері, ақпаратты сауатты басқару 
мен пайдалану, қоғам мен тұлға үшін құнды ақпараттарды қолдана алу қабілеттілігіне ие болу. 
Философия ғылымында «ақпарат» ұғымына қатысты берілген әртүрлі бағыттағы анықтамаларды 
кездестіруге болады. Атап айтар болсақ, ғалым Л.Б.Баженов, И.В.Новик, Ә.Н.Нысанбаев және 
т.б. ғалымдар ақпаратты барлық материалдық нысандардың қасиеті ретінде қарастырса, ал 
Н.И.Жуков, Г.Ж.Нұрышева т.б. ғалымдар өз зерттеулерінде «ақпарат – өзіндік ұйымдастыратын 
жүйелердің жиынтығы» деп ұсынады. Жоғарыда аталған ғалымдардың ақпарат ұғымына берген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет