Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы 2013 жыл 9 қазан №416 Астана қаласы «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы»



Дата04.03.2016
өлшемі234.72 Kb.
#39127



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2013 жыл 9 қазан №416 Астана қаласы
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімін жетiлдiру мақсатында бұйырамын:

1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5135 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 наурыздағы №43 (1443) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ереже басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм (магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура) туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш білдіруші), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі.

Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) алған тұлғалар берілген білімнің деңгейіне және даярлау бейіне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Тану және нострификациялау рәсiмiн «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және беру Орталық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.»;

8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру білім туралы құжат иесінің, сондай-ақ сенімхаты негізінде өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырылады.»;

9 және 10-тармақтар алынып тасталсын:

11 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39 - бабының 5 - тармағына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері - Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.»;

12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«12. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер қатаң есептілік бланкілері болып табылады, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалады, есептік нөмірі және сериясы болады.»;

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:

Орталыққа:

1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

ХҚО-ға:


1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

Өтінішті ХҚО арқылы беру кезінде өтініш білдіруші ақпаратты жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында ХҚО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшасы, білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпарат, төлемдер туралы түбіртек, оқу орны туралы мұрағаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын куәлігі немесе паспорты және алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электронды көшірмелер нысанында өтінішке қоса тіркеледі.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтермен және құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаны өтініш білдірушіге немесе сенімхаты негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаға кері қайтарады.

Осы Ереженің 13 - тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ХҚО қызметкері өтініш берілген сәттен бастап бір күн ішінде Орталыққа жібереді.»;

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Өтiнiш осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiштерді тiркейтiн арнайы журналда немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) базасына тiркеледi.»;

«15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 13 - тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап төрт айды құрайды.»;

Мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша ресми түрде жолдаған өтінішіне жауап бермеген жағдайда, білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айға ұзартылады.»;

16 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Еуропа өңірінде жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияға (Лиссабон Конвенциясы) қатысушы елдердің білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасында осы Ережеде белгіленген тәртіппен куәлік беру арқылы танылады.»;

17 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Тану рәсіміне жататын білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – ҚР МЖБС) сәйкестігін анықтау үшін сараптаудан өтпейді. Ішкі сараптау комиссиясы шешімі негізінде Орталық уәкілетті органға білім туралы құжаттарды тану туралы ұсыныс енгізеді. Ішкі сараптау комиссиясы уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық қызметкерлері қатарынан құралады және Орталық директорының бұйрығымен бекітіледі.»;

19 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Уәкілетті органның білім туралы құжатты тану туралы шешімі негізінде Орталық осы Ереженің 2 - қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімдейді.»;

20 - тармақ алынып тасталсын;

22 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:

Орталыққа:

1) білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда), білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

ХҚО:

1) Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе пасорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

Өтінішті ХҚКО арқылы беру кезінде өтініш білдіруші ақпараттық жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында ХҚО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшасы, білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпарат, төлемдер туралы түбіртек, оқу орны туралы мұрағаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын куәлігі мен паспорты және алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты ХҚО қызметкерлерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электронды көшірмелер нысанында өтінішке қоса тіркеледі.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтермен және құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаны өтініш білдірушіге немесе сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаға кері қайтарады.

Осы Ереженің 22 - тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ХҚО қызметкері өтініш берген сәттен бастап бір күн ішінде Орталыққа жібереді.»;

23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Орталықта өтiнiш осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiштерді тiркейтiн арнайы журналда немесе ХҚО ЫАЖ базасына тiркеледi»;

«24. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 22 - тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаннан уақыттан бастап төрт айды құрайды.»;

Мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:

«24.1. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі мынадай жағдайда ұзартылады:

1) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 айға ұзартылады;

2) егер білім туралы құжат ҚР МЖБС сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі өтініш білдірушінің Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 айға ұзартылады.»;

26 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардан басқа, білім туралы құжаттардың тұпнұсқалығын анықтау.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС сәйкестігін анықтауды сараптау топтары жүзеге асырады. Білім деңгейлері бойынша саны 3-5 адамнан тұратын сараптау топтары уәкілетті органның бұйрығымен білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан құрылады»;

Мынадай мазмұндағы 27-1 тармақпен толықтырылсын:

«27.1. Нострификация рәсіміне жататын білім туралы құжаттар ҚР МЖБС сәйкестігіне сараптаудан өткеннен кейін білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша сараптау коммисиясының отырысында қаралады. Сараптау коммиссиясының шешімі негізінде, Орталық уәкілетті органға білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсыныс енгізеді. Білім деңгейлері бойынша сараптау комиссиялары уәкілетті органның бұйрығымен саны 11-13 адамнан тұратын білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан және саны 3 адамнан аспайтын Орталықтың қызметкерлері арасынан құрылады.»;

28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«28. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша бойынша сараптамалық қортынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

1) оқу мерзiмi;

2) оқытылған пәндер тiзбесi.»;

мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:

«28-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

1) оқу мерзiмi;

2) оқытылған пәндер тiзбесi мен көлемі;

3) практиканың бар болуы;

4) қорытынды аттестаттаудың және деңгейінің бар болуы. Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.»;

29 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Өтілген бейінді пәндер тізбесіндегі айырмашылық 35% - дан асқан кезде Орталық 1 ай ішінде өтініш білдірушіні тестілеуден өту үшін оқу орнына жібереді. Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, өтініш білдірушінің білім туралы құжаттары Орталықтың сараптау комиссиясының отырысында қаралады, керісінше жағдайда, құжаттар пакеті иесіне кері қайтарылады.»;

32 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Орталық уәкілетті органға:

1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын ақпарат;

2) шетелден алған білім мазмұны ҚР МЖБС сәйкестігі туралы оң сараптама қортындысы;

3) Қазақстандағы және білім туралы құжатты берген елдегі білім құрылымындағы жалпы талаптардың сәйкестігі;

4) прецендент негізінде мәселенің оң шешімі туралы ұсыныс енгізеді.»;

33-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шет мемлекеттердің негізгі және жалпы орта білім берудегі жалпы нормативтік оқу ұзақтығы ҚР МЖБС стандартына қарағанда кем дегенде бір жылға аз.»;

35 және 36-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«35. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсынысты уәкілетті органға ұсынады.»;

«36. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде осы ереженің 4-9 қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімдейді»;

41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«41. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлігін жоғалтқан жағдайда өтініш беруші Орталыққа немесе ХҚО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің дубликатын беру туралы өтініш;

2) білім туралы құжат иесінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен);

3) Қазақстан Республикасы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;

4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатының немесе паспортының көшірмесі және өкілеттікке уәкілдігін куәландыратын құжаты (алушының өкілі жүгінген кезде);

5) төлем туралы түбіртек.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің дубликаты түпнұсқада көрсетілген, тегіне, атына, әкесінің атына (бар болған жағдайда) ресімделеді. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына «Дубликат» деген жазу жазылады.»;

Мынадай мазмұндағы 42-1 тармақпен толықтырылсын:

«42-1. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау куәлігінің дубликатын беру туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айды құрайды.».

2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті:

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр А.СӘРІНЖІПОВ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазандағы №416 бұйрығына 1-қосымша 

Үлгі
Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді тіркеу журналы




Реттік тіркеу №

Өтінішті тіркеу күні

Өтініш 

берушінің тегі, аты, әкесінің аты



Білім деңгейі

Оқыған

мемлекеті



Білім туралы

құжаттың 

нысаны


Құжаттың 

сериясы


мен нөмірі

Кім және 

қашан


берген

Ескертпелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 2-қосымша 

Үлгі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
КУӘЛІК 

(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 

нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

БТ N 000001


Осы білім туралы _______________________________________________ 

_________________________________________________________________ 

(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 

_________________________________________________________________ 

(тегі, аты, әкесінің аты) 

_________________________________________________________________ 

_________________________________________________________________ 

_________________________________________________________________ 

(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні) 

Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады.


Негіздеме: ______________________________________________________ 

_________________________________________________________________

Мөрінің орны Комитет төрағасы ____________________ 

(қолы)
Тіркеу нөмірі N_________

20____жылғы «______» ________________


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 3-қосымша 

Үлгі
Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініштерді тіркеу журналы


Реттік тіркеу

Өтінішті тіркеу күні

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Білім деңгейі

Оқыған 

мемлекеті



Білім туралы құжаттың 

нысаны


Құжаттың 

сериясы мен

нөмірі


Кім және қашан 

берген


Ескерт

пелер


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 4-қосымша 

Үлгі
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi

КУӘЛIК

(бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның



нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

ЖБ-II N 0000012

Осы бiлiм туралы ____________________________________________

____________________________________________________________________

(құжаттың атауы, сериясы және нөмiрi)

____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(бiлiм туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күнi)

_________________________________________________берген құжат сәйкеc

құқықтық теңдiгiмен_________________________________________________

___________________________________________________мамандығы бойынша

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

___________________________________бiлiктiлiгi қоса берiлген жоғары

оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы қазақстандық дипломға баламалы деп

куәландырылады.

Негiздеме: ___________________________________________________

___________________________________________________

Мөрiнiң орны Комитет төрағасы ________________

(қолы)


Тiркеу нөмiрi N_________

20____жылғы «____»________________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 5-қосымша 

Үлгі


Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi

КУӘЛIК

(бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның



нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

ЖБ-I N 0005330

Осы бiлiм туралы ____________________________________________

____________________________________________________________________

(құжаттың атауы, сериясы және нөмiрi)

____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(бiлiм туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күнi)

_________________________________________________берген құжат сәйкеc

құқықтық теңдiгiмен_________________________________________________

___________________________________________________мамандығы бойынша

____________________________________________________________________

____________________________________бiлiктiлiгi қоса берiлген жоғары

бiлiм туралы қазақстандық дипломға баламалы деп куәландырылады.

Негiздеме: _________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мөрiнiң орны Комитет төрағасы ___________________

(қолы)


Тiркеу нөмiрi N_________

20____жылғы «_____» ________________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 6-қосымша

Үлгі
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi

КУӘЛIК


(бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның

нотариалдың расталған аудармасымен нақты)

ТКБ N 0001507

Осы бiлiм туралы ____________________________________________

___________________________________________________________________

(құжаттың атауы, сериясы және нөмiрi)

___________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

(бiлiм туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күнi)

________________________________________________берген құжат сәйкес

құқықтық теңдiгiмен________________________________________________

__________________________________________________мамандығы бойынша

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

__________________________________________бiлiктiлiгi қоса берiлген

техникалық-кәсiптiк бiлiм туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп

куәландырылады.

Негiздеме: ________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мөрiнiң орны Комитет төрағасы ________________

(қолы) Тiркеу нөмiрi N_________

20____жылғы «____» ________________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 7-қосымша 

Үлгі
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi

КУӘЛIК

(бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның



нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

ОБКБ N 0001507

Осы бiлiм туралы ____________________________________________

____________________________________________________________________

(құжаттың атауы, сериясы және нөмiрi)

____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(бiлiм туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күнi)

________________________________________________ берген құжат сәйкес

құқықтық теңдiгiмен_________________________________________________

__________________________________________________ мамандығы бойынша

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_____________________________________бiлiктiлiгi қоса берiлген орта

бiлiмнен кейiнгi бiлiм туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп

куәландырылады.

Негiздеме: _________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мөрiнiң орны Комитет төрағасы ________________

(қолы)

Тiркеу нөмiрi N_________



20____жылғы «____» ______________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 8-қосымша


Үлгі

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi

КУӘЛIК


(бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның

нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

ЖОБ N 0000012

Осы бiлiм туралы _____________________________________________

____________________________________________________________________ (құжаттың атауы, сериясы және нөмiрi)

____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(бiлiм туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күнi)

_______________________________________________________берген құжат

жалпы орта бiлiм туралы қазақстандық аттестатқа баламалы деп

куәландырылады.

Негiздеме: _________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мөрiнiң орны Комитет төрағасы ________________

(қолы)


Тiркеу нөмiрi N_________

20____жылғы «____» ______________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 9 қазан №416 бұйрығына 9-қосымша 

Үлгі
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi
КУӘЛIК

(бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның

нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

НОБ N 000002

Осы бiлiм туралы ____________________________________________

____________________________________________________________________

(құжаттың атауы, сериясы және нөмiрi)

____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(бiлiм туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күнi)

берген құжат негiзгi орта бiлiм туралы қазақстандық куәлiкке

баламалы деп куәландырылады.

Негiздеме: _________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мөрiнiң орны Комитет төрағасы ________________



(қолы)

Тiркеу нөмiрi N_________



20____жылғы «____» ______________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 12 қараша Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8901 болып енгізілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет