Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №02-2/163 хатына №1 қосымша



Дата17.07.2016
өлшемі139.89 Kb.
#205819
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №02-2/163 хатына №1 қосымша
«Жарқын болашақ» VIII республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық кезеңнің ұйымдастыру комитетінің құрамы


Нұрбол Төлебаев

«KATEV» ХҚҚ тәрбие жөніндегі вице-президенті, төраға

Дарханбек Қожабеков

«KATEV» ХҚҚ Білім ұйымдарына кадрларды даярлау және жетілдіру жөніндегі вице-президенті, төраға орынбасары


Мүшелері:


Абдуррахман Сел

KATEV ХҚҚ вице-президенті

Қанат Ибрагимов

Қазақ тілі оқулығының авторы

Малик Сатаев

KATEV ХҚҚ маманы

Руслан Сихимбеков

ҚТЛ бірлестік жетекшісі, хатшы

Сапарғали Қанат

KATEV Халықаралық қоғамдық қорының журналисі

Жанар Молдабаева

«НұрОрда» балабақшасының меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №02-2/163 хатына №2 қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында«Жарқын болашақ» VIII республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасын өткізу ережелері

I. Жалпы ережелер

  1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өтетін «Жарқын болашақ» VIII республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының (бұдан әрі «Жарқын болашақ» олимпиадасы) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.

  2. «Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ) тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.


II. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері:

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:

  • мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

  • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

  • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

  • оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;

  • тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;


III. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7–11-сынып оқушылары қатыса алады.

  2. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: «Тілші-әдебиетшілер» (қазақ тіл білімі мен әдебиеті), «Жас ғалымдар» (ғылыми жоба), «Жазушылар» (жазбаша шығармашылық жұмыс), «Сөз шеберлері» (мәнерлеп оқу), «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту). (5 конкурстың ережелері №3 қосымшада берілген)

  3. «Жарқын болашақ» олимпиадасы үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – аудандық кезең. Ол қараша - желтоқсан айларында өтеді;

2-кезең – облыстық кезең. Ол 5 қаңтар – 15 ақпан аралығында өтеді;



3-кезең – республикалық кезең (финал) үш орталықта өтеді.

  1. 26-27 ақпанда Атырау қаласында өтеді. Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы және Атырау облысының командалары қатысады.

  2. 3-4 наурызда Павлодар қаласында өтеді. СҚО, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Ақмола облысы, Павлодар облысы және Астана қаласының командалары қатысады

  3. 10-11 наурызда Алматы қаласында өтеді. ШҚО, ОҚО, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Алматы облысы, Алматы қаласы, Семей қаласы командалары қатысады.




  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңін жергілікті ұйымдастыру комитеттері өткізіп, қорытындысын қаңтардың 5-іне дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне жібереді.

  2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып қазақ-түрік лицейлері өткізеді және оның қорытындысын ақпанның 16-сына дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне жібереді (№4 қосымшадағы үлгі бойынша).

  3. Республикалық кезеңге облыстық кезеңде 1-орын алған оқушылар ғана қатысады. Әрбір облыстан республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:

    Конкурс атауы

    Тобы

    Оқушы саны

    Барлығы

    «Тілші-әдебиетшілер»

    қазақ және өзге ұлт

    әр топтан 1 оқушы

    2 оқушы

    «Жас ғалымдар»

    қазақ және өзге ұлт

    әр топтан 1 оқушы

    2 оқушы

    «Жазушылар»

    қазақ және өзге ұлт

    әр топтан 1 оқушы

    2 оқушы

    «Сөз шеберлері»

    қазақ және өзге ұлт

    әр топтан 1 оқушы

    2 оқушы

    «Әнші-бұлбұлдар»

    қазақ және өзге ұлт

    әр топтан 1 оқушы

    2 оқушы

  4. Бір команда 5 конкурстың барлығына немесе бірнешеуіне қатыса алады. Республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны 10 оқушыдан аспау керек және республикалық кезеңге баратын оқушыларды финал өтетін қалаға апарып әкелуге әр облыстан 1 немесе 2 топ жетекшісі тағайындалады.

  5. «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Тілші-әдебиетшілер» конкурсының 1,2-кезеңдерінің тапсырмаларын жергілікті ұйымдастыру комитеті, ал 3-кезеңнің тапсырмаларын «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры дайындайды.

  6. Алдыңғы «Жарқын болашақ» олимпиадаларының республикалық кезеңінің жеңімпазы атанған оқушылар топ жарған конкурсы бойынша қатыса алмайды.


IVII. Қаржыландыру

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының 1-3-кезеңдерін жергілікті атқарушы билік қаржыландырады.

  2. Оқушының олимпиадаға қатысуға байланысты шығынын жіберіп отырған мекеме көтереді.

  3. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру комитетіне қатысушылардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, ынталандыру сыйлығын алуға қосымша қаражат бөлу жүктеледі.


VII. Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамын «KATEV» ХҚҚ бекітеді.

  2. Республикалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «KATEV» ХҚҚ-ның вице-президенті.

  3. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:

  • олимпиаданы ұйымдастырады және оны өткізуге тікелей басшылық жасайды;

  • қазылар алқасы құрамын (облыстық, республикалық) бекітеді;

  1. Республикалық ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі, 11/2. Тел: +7(7172) 42 79 37, +7(7172) 42 79 36; e-mail: info@katev.kz


VIII. «Жарқын болашақ» олимпиадасының қазылар алқасы:

  1. Облыстық кезеңнің қазылар алқасын республикалық ұйымдастыру комитеті тағайындайды;

  2. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсының қазылар алқасы: төраға, 2 мүше және хатшыдан тұрады;

  3. Қазылар алқасының міндеттері:

  • қатысушылардың жұмысын тексереді, олардың нәтижесін шығарады;

  • қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажетті түзетулер енгізеді;

  • жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

  • жеңімпаз оқушылардың мұғалімдерін марапаттау жөнінде ұсыныс енгізеді;

  • «KATEV» ХҚҚ-ға республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша есеп береді;


VIIII. «Жарқын болашақ» олимпиадасын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының ашылуы және қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

  2. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсы бойынша 6 жүлделі орын (бірінші орын – біреу, екінші орын – екеу, үшінші орын – үшеу) белгілеу ұсынылады. Жүлделі орын саны олимпиадаға қатысқан оқушылардың санына қарай өзгеруі мүмкін. Аудандық, облыстық кезеңнің жүлделі орын санын облыстық ұйымдастыру комитеті белгілейді. Республикалық кезеңде қатысушылардың 5%-ына – 1-орын, 10%-ына – 2-орын, 15%-ына – 3-орын беріледі.

  3. «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары ұйымдастыру комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады және оларға мүмкіндігінше бағалы сыйлық табыс етіледі. (Аудандық, облыстық кезеңнің жеңімпаздары жергілікті ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады)

  4. Жеңімпаздар атанған оқушылардың жетекші мұғаліміне грамота тағайындалады.

  5. «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізуде белсенді жұмыс атқарғаны үшін қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері Құрмет грамотасымен марапатталады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №02-2/163 хатына №3 қосымша
«Жарқын болашақ» VIII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының

5 конкурсы бойынша ережелер

I. «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау жарысы.

  2. Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.

  3. Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын және тест сұрақтарынан құралған сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары қазақ тілі пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы). 2-бөлімнің тест сұрақтары қазақ әдебиеті пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы).

  4. Әр сұрақтың бір дұрыс жауабы бар. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды.

  5. Сынаққа берілетін уақыт мөлшері – 120 минут.

  6. Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.


II. «Жазушылар» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.

  2. Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.

  3. Шарттары:

  • Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады;

  • Эссе көлемі (А-5 форматындағы) 3 беттен кем болмау керек;

  • Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.

  • Эссе тақырыптары: қазақтың тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер т.б.

  • Ұйымдастыру комитеті аталмыш тақырыптардың біреуін таңдауға құқылы.


III. «Жас ғалымдар» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.

  2. Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.

  3. Шарттары:

  • Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек.

  • Қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады.

  • Ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек).

  • Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады.

  • Қорғаушыға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 15 минут (қазылар алқасының қосымша сұрағы мен оның жауабына кететін уақытты қоса есептегенде).

  • «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

1) Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі.

2) Тың тақырып, жаңалығы



1) ғылыми жоба талаптарына сай орындалуы
2) дизайны

3) Уақытты дұрыс қолдану



Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай


IVII. «Сөз шеберлері» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы.

  2. Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.

  3. Шарттары:

  • Қатысушы 1 шығарманы немесе шығармадан үзіндіні (прозалық немесе поэзиялық) жатқа мәнерлеп оқиды.

  • Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау керек;

  • Қатысушылар қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

  • Мәнерлеп оқуға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 5 минут. (5 минуттан асқан жағдайда ұпай шегеріледі.)

  • Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) киімі
2) жатқа оқуы

3) әуені (фон)



5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай


VII. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы.

  2. Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.

  3. Шарттары:

  • Қатысушылар қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларынан бір ән (дәстүрлі немесе эстрадалық) орындайды.

  • Әнді орындаушы сахнаға жалғыз өзі шығу керек. (Бишілерге, екінші дауыстағы басқа орындаушыларға рұқсат етілмейді.)

  • Ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын ән болу керек;

  • Әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.

  • Ән жанды дауыспен орындалу керек және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек.

  • Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады.

  • Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

  • «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) вокалы
2) әуені

3) киімі


5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №02-2/163 хатына №4 қосымша

Қызылорда облысы бойынша

«Жарқын болашақ» VII республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының

финалына қатысатын оқушылардың тізімі

(үлгі)





Тегі, аты

Мектеп

Сы-нып

Ұлт

Ұл-қыз

Конкурс атауы

Тақырып

Мұғалімі

1

Ибрагимов Қанат

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, №55 орта мектебі

11

Қазақ

ұл

«Сөз шеберлері»

М.Шаханов «Төрт ана»

Әсетова Айна

2










Өзге ұлт




«Сөз шеберлері»







3










Қазақ




«Тілші-әдебиетшілер»







4










Өзге ұлт




«Тілші-әдебиетшілер»







5










Қазақ




«Әнші-бұлбұлдар»







6










Өзге ұлт




«Әнші-бұлбұлдар»







7










Қазақ




«Жас ғалымдар»







8










Өзге ұлт




«Жас ғалымдар»







9










Қазақ




«Жазушылар»







10










Өзге ұлт




«Жазушылар»






Топ жетекшісі:

Ұялы телефоны:

Астанаға келу уақыты: ___ сәуір, сағат ___:___ / Астанадан кету уақыты: ___ сәуір, сағат ___:___



№... пойыз, №... вагон

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет