Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің



Дата16.06.2016
өлшемі114.46 Kb.
#140655

ПРОЕКТ



Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігінің

« »_______ 201 жылғы №

бұйрығымен бекітілген










Республикалық орындаушылар байқауын ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер


  1. Республикалық орындаушылар байқауын өткізудің бұл ережелері (одан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жасалды. Олар техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдары арасында республикалық орындаушылар байқауын өткізу реттерін анықтайды.

  2. Орындаушылардың республикалық конкурсын (одан әрі - байқау) – Білім және Ғылым Министрлігі орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында (одан әрі-қатысушы) студенттердің кәсіптік дайындығын көтеру мақсатында, аса дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық жағынан өсуін, сонымен қатар Қазақстан музыка өнерін насихаттау үшін ұйымдастырады.

3. Байқаулардың басты мақсаттары – Қазақстан Республикасындағы музыкалық білім беруді дамыту және шыңдай түсу. Орындаушыларды оқытудың одан әрі тиімді әдістемелерін таңдап енгізу, білім беру саласының педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қызметіне дем беру.

4. Байқаулар келесі мамандықтар бойынша өткізіледі: 0404000 «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада мамандығы» (түрлері бойынша), маманданулар: 040401 3 «Фортепиано», 040402 3-1 «Үрмелі және ұрмалы аспаптар», 040402 3-2 «Ішекті аспаптар», 040403 3-1 «Халық аспаптары» (қазақ, орыс); 040404 3-1 «Эстрадалық музыка аспаптары»; 0405000 – «Хорда дирижерлік ету»; 040601 3 «Музыка теориясы» (1 – гармония мен сольфеджио, 2 – музыкалық әдебиет); 0407000 «Ән салу» (түрлері бойынша), маманданулар: 040701 3 «Академиялық ән салу», 040702 3 «Домбырамен халық әндерін орындау», 040703 3 «Эстрадалық ән салу» осы Ережелердің 2-ші қосымшасына сәйкес маманданулардың бағыттарын аламастыра отырып.


2. Байқауға қатысушылар
5. Байқауға қатысуға байқаудың бағдарламасын орындауға дайындалған және техникалы және кәсіптік білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің ұсынысын алғандар жіберіледі.

6. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары байқауда әр номинация бойынша екі адамнан артық емес қатысушыны қатыстыра алады. Өткен конкурсқа қатыстырған студенті 1 орын алған ұйым осы конкурсқа дәл сол номинация бойынша 3 студент қатыстыра алады.

7. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша байқауға өзге де музыкалық мамандықтар бойынша студенттер қатыса алады.

8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары концертмейстерлер мен тағы да бір оқытушыны жібереді.

9. Байқауға қатысуға ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті (одан әрі – ұйымдастырушы комитеті) бекіткен мерзім аралығында, тек қана мемлекеттік және орыс тілдерінде компьютерде терілген осы Ережелердің 1-ші қосымшасында көрсетілген, оқу орнының жетекшісі қол қойылған түрде қабылданады.

Өтінішке төмендегідей құжаттар тіркеледі:

1) туу туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке куәліктің көшірмесі);

2) 10х15 см үлгідегі сурет-1 дана;

3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогикалық кеңесінің ұсыныстары;

4) Байқауға қатысушылардың турлар бойынша бағдарламалары.

10. Республикалық орындаушылардың байқауында өткен жылдары аталған номинациялар бойынша 1-ші орын алған оқушылар осы байқауға қатысуға құқы жоқ.
3. Байқауды өткізу реті
11. Бірінші іріктеу тур қатысушыны Республикалық байқауға жіберетін білім беру ұйымында өткізіледі. Байқау екі турдан тұрады да 2-ші және 3-ші деп белгіленеді. Бұл талап 040403 3-1 «Халық аспаптары» (орыс), 0405000 – «Хорда дирижерлік ету», 0406000 «Музыка теориясы», 0407000 «Ән салу» (түрлері бойынша) мамандануларына қатысы жоқ. Сондықтан бұл маманданулар бойынша байқау үш турдан тұрады.

12. Барлық мамандықтар бойынша байқау Бағдарламаларына сәйкес өткізіледі. Ол Білім және Ғылым Министрлігінің бұйрығымен (Ереженің 3-ші қосымшасы) бекітіледі. Қатысушылардың орындау реті Ұйымдастыру комитеті байқау алдында алдын ала өткізетін жеребе тарту барысында анықталып, байқаудың аяғына дейін сақталады.

13. «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (түрлері бойынша), «Ән салу» (түрлері бойынша), «Хорда дирижерлік ету» мамандықтары бойынша байқаудың әр туры қатысушының орындауын сипаттайтын 25 баллдық бағамен белгіленеді:

Жарқын музыкалық дарыны – 5 балл;

Орындаушылық техникасы (тазалық, сауаттылық, фразировка) – 5 балл;

Шығарманың стильдік интерпретациясы – 5 балл;

әртістігі– 5 балл;

даралығы – 5 балл.

Екінші турға 18 баллдан кем емес балл жинаған қатысушылар жіберіледі.

Үшінші турға әр аспап (дауыс) бойынша, барлық мамандану түрінен жалпы саны 21 балл жинаған қатысушылар жіберіледі.

14. Қатысушылар ұсынған бағдарламалар өзгертілмеуі тиіс. Барлық шығармалар жатқа орындалады. Әр шығарма тек бір мәрте ғана орындалуы тиіс.

15. «Хорда дирижерлік ету» мамандығы бойынша конкурс формасы мен мазмұны әртүрлі үш турда өтеді.

15.1 1-ші турдың шығармалары жатқа орындалады. 1-ші турға қатысушылар хорға арналған бір шығарманы фортепианода a’capella орындайды.

15.2 Екінші турға жалпы сомасы 18 балл жинаған қатысушылар қатыса алады. 2-ші турда қатысушылар хорға арналған бір шығарманы өз қалауы бойынша a’capella немесе сүйемелдеумен орындайды.

15.3 Үшінші турға жалпы сомасы 21 – ден кем емес балл жинаған қатысушылар қатыса алады. Қатысушылар конкурс өтіп жатқан Колледждің аралас хор репертуарынан бір шығармаға дирижерлік етеді. Концерттік қойылым алдында әр қатысушыға дайындық жасауға 30 минут уақыт беріледі.

16. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша байқау 3 тур бойынша өткізіледі. Олар формасы мен мазмұны жағынан әртүрлі болмақ. Байқау мамандану бағыттарының кезектесуі бойынша өткізіледі: музыкалы-теориялық цикл пәндері бойынша (сольфеджио, гармония) және музыкалы-тарихи цикл пәндері бойынша (қазақ, орыс, шет ел музыкалық әдебиеті). Байқауға қатысушылар барлық турға бастан аяқ қатысады.

16.1 Музыкалы-теориялық цикл пәндері бойынша байқауда (сольфеджио, гармония) 2 тапсырма орындау керек. Біріншісі «сольфеджио» пәнінен, екіншісі «гармония» пәнінен.

І тур – жазба жұмыс;

ІІ тур – ауызша жауап;

ІІІ тур – есту арқылы сараптама және ойын.

Әр тапсырма 10 баллдық жүйе бойынша, төмендегідей параметрлермен бағаланады:

І тур екі бөлімнен тұрады:



  • сольфеджио;

  • гармониядан есептер.

Сольфеджиодан диктант мынандай параметрлер бойынша бағаланады:

  • диктантты сауатты да дұрыс жазу;

  • жазу уақыты.

Қосымша баллды диктантты ойша жатқа жазуға ниеттенген қатысушы иемденеді.

Гармония бойынша есептер төмендегі параметрлер бойынша бағаланады:

сауатты функционалдық;


  • дыбыстардың гармониялық қызметін дұрыс шешу;

  • қызықты дыбысталу;

  • теңдессіз дауыс алып жүру.

Есепті 2 түрлі вариантпен шешкен қатысушыға қосымша балл беріледі.

ІІ тур екі бөлімнен тұрады: парақтан оқу және секвенция ойнау.

Парақтан оқу төмендегідей параметрлер бойынша бағаланады:


Қосымша баллды өзіне фортепианомен сүйемелдеу жасаған қатысушы алады.

Секвенциялар төмендегідей параметрлер бойынша бағаланады:



  • сауатты орындау;

  • қадам мен бағытты таңдау;

  • музыкалық.

Қосымша баллды ұсынылған екі секвенцияның екіншісін орындаған қатысушыға беріледі.

ІІІ тур екі бөлімнен тұрады: есту арқылы талдау жасау және периодты орындау. Есту арқылы талдау төмендегідей параметрлер бойынша бағаланады:



  • Тоналдік планды есту арқылы анықтау;

  • Музыкалық материалдың аккордтық мазмұнын такті бойынша көрсету.

Қосымша балл алдын-ала жазып алусыз, есте сақтау арқылы талдау жасаған қатысушыға беріледі.

Периодты ойнау төмендегідей параметрлер бойынша бағаланады:



  • Алдын-ала ойлаған аккордтық емес дыбыстармен дауысты алып жүру (ең көп баллдар- периодты берілген бастауымен және тоналдік жоспармен ойнау-5; тоналдік жоспар бойынша жеке өзіндік басы - 4; үй тапсырмасы - 3);

  • Стилистикалық тегістік.

Қосымша балл периодтқа жанрлық өңдеу жасаған қатысушыға беріледі.

«Музыка теориясы» мамандығы бойынша ең көп балл-60-қа тең.

16.2. Музыкалық-тарихи циклдер (қазақ, орыс, шетел әдебиеті) пәндері бойынша байқаудың тапсырмалары формасы мен тақырыбы жағынан алуан түрлі болып келеді.

Материал көлемі:

3 курс студенттері үшін:

Қазақ музыка әдебиеті-толық көлемде;

Әлемдік музыка әдебиеті – 5 семестрлік көлемде (шетелдік – толық көлем, орыс - «Могучая кучка» композиторларына дейін).

4 курс студенттері үшін :

Қазақ музыка әдебиеті – толық көлемде

Әлемдік музыка әдебиеті – 7 семестрлік көлемде (шетелдік-толық көлем және ХХ ғ. композиторларының шығармашылығы, орыс – кеңестік кезеңіне дейін).



Бірінші тур: Концертке кіріспе

Тур екі кезеңнен тұрады:

Кіріспе сөзді жазбаша түрде 2 академиялық сағат аралығында (90 минут) дайындау

Қатысушылардың кезекпен (жеребе бойынша) кіріспе сөзді ауызша айтуы. (регламент 5-7 минут).

Ескерту: кіріспе сөзді жазбаша түрде дайындаған соң барлық жұмыстар қазылар алқасына қатысушылардың өнер көрсетуіне дейін өткізіледі. Әрбір қатысушының өнер көрсетуі кезінде Байқауға қатысушылар басқа жерде болулары керек. Бағалау критерилері: турдың әрбір бөлімі 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Жазбаша жұмыс:

1 .Тақырыпты толық ашу;

2. Мазмұндау логикасы;

3. Мазмұндау стилі.



Ауызша өнер көрсету:

1. Cөйлеу мәдениеті;

2. Сөйлеу техникасы;

3. Әртістік.



Жобалы тақырыптар:

  1. Қазақ халық орындаушылары;

  2. Кәсіби музыканың жанрлары (мысалы: операға, симфония, концертке т.б. мінездеме беру.);

  3. Ақынның музыкадағы шығармашылығы;

  4. Монографиялық тақырыптар (қандай да бір композитордың шығармашылығы);

  5. Өнердегі стиль (мысалы: романтизм, импрессионизм т.б.)

Екінші тур: Викторина

Нөмірлер саны – 20. Таспамен бір мәрте тыңдауға – 1 минут, нөмірді рәсімдеу – 1 минут. Шығарма түпнұсқада, әрі міндетті түрде оқу бағдарламасы бойынша дыбысталуы керек. Музыкалық материалдың көптігін ескере отырып, тақырыптар экспозициялық мазмұндаумен берілуі керек. Музыкалық викторинаның саны бағдарлама бөлімдерінің көлеміне және үйренген материалға сәйкес болуы тиіс:

2 курс: 20 нөмірден:

ҚМӘ – 8 – толық көлемде (халық және кәсіби музыка)

ШMӘ – 8 –толық көлем

ОМӘI – 4 – «Могучая кучка» композиторларына дейін.

3 курс: 20 нөмірден:

ҚМӘ – 6 – толық көлем

ШМӘ – 6 – толық көлем

ОМӘ – 6 –толық көлем

XX ғасыр – 2 (қосымшаны қараңыз).

Бағалау критерилері:

2 тур 20 баллдық жүйемен бағаланады. Жауаптың толықтығы ескеріледі (композитор, шығарма, көрініс, бөлік, тоналдік).

Үшінші тур: Коллоквиум және тақырыптар ойыны

Екі бөлімнен тұрады:

1. Ауызша жауаптар әңгімелесу түрінде. Сұрақтар мазмұнына сай, қысқа да нұсқа жауап беруге тұратындай, әрі алдын-ала дайындықты талап етпейтіндей болулары керек. Коллоквиум сұрақтары мынандай аспектілерге негізделмекші. Дәуір (барокко, классицизм т.б.);


  1. Жанрлар (пассакалия, ноктюрн, серенада т.б.);

  2. Орындаушылар (пианистер, дирижерлер, вокалистер т.б.);

  3. Композиторлық мектептер мен қауымдастықтар;

  4. Тіл байлығы (әдебиет, қыл қалам өнері, поэзия, театр, кино т.б.);

  5. Әмбебап композиторлар.

Турдың екінші бөлімі: оқушылар тізімі бойынша кемінде 100 мысалдан тұратын тақырыптарды ойнау. Тақырыптардың тізіміне барлық бағдарламалардың бөлімдеріндегі жанрлық шығармалар енуі керек.

Бағаның критериі:

Турдың әрбір бөлімі 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Әрбір конкурсант 10 сұраққа жауап береді де, 10 музыкалық үлгі орындайды. Бұл ретте орындау дұрыстығы ғана емес, оның музыкалылығы да ескеріледі.
4. Байқау нәтижелерін шығару
17.«Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (түрлері бойынша), «Ән салу» (түрлері бойынша), «Хорда дирижерлік ету» мамандығы бойынша байқауға қатысушылар қажетті баллдарды жинау барысында мынандай орындарды иемденеді:

І орын мен лауреат атағы – кем дегенде 24-25 балл;

ІІ орын мен лауреат атағы – кем дегенде 22-23 балл;

ІІІ орын мен лауреат атағы – кем дегенде 20-21 балл.

Байқаудың кем дегенде 18-19 балл жинаған қатысушысына дипломант атағы беріледі.

17.1 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша байқауға қатысушыларына:

І орын мен лауреат атағы кем дегенде 57-60 балл жинаған қатысушыға беріледі;

ІІ орын мен лауреат атағы кем дегенде 54-56 балл жинаған қатысушыға беріледі;

ІІІ орын мен лауреат атағы кем дегенде 51-53 балл жинаған қатысушыға беріледі;

Дипломант атағы 48-50 балл жинаған қатысушыларға беріледі.

18. Барлық лауреаттар жюридің қалауы бойынша ұйымдастыру комитеті өткізетін қорытынды концертке қатыса алады.

5. Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы
19.Ұйымдастыру комитеті мен байқаудың қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

20.Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізетін орынды белгілейді де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітуіне жібереді. 21. Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылығын бағалайды. Байқау тапсырмалары аяқталған соң қорытындыларын жариялайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды, сондықтан кесімді болып табылады.

22.Оқушысы конкурсқа қатысқан жағдайда қазылар алқасының мүшесі сол кандидатура бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең түскенде төрағаның дауысы салмақты болады.

23. Қазылар алқасы жүлделі орындардың барлығын да таратпауға құқылы.

24. Қазылар алқасы байқауға қатысушының шеберлігін бағалап, жүлделі орынды анықтайды, әрі жеңімпаздарды дипломдар мен естелік болып қалатын сыйлықтармен марапаттай алады.

25. Демеушілер мен өзге де ұйымдар байқау лауреаттарына жеке жүлделерді ұсына алады.


Орындаушылардың республикалық конкурсын өткізу ережелеріне Қосымша 1




ӨТІНІШ
Мамандық _________________________________________________
Мамандану _________________________________________________
Қатысушының аты-жөні ______________________________________________
Жынысы ____________________________________________________________
Туылған күні мен жері ___________________________________
Білім орнының атауы, курсы ______________________________
Оқытушы-педагогтың аты-жөні _______________________________________
Концертмейстердің аты-жөні _________________________________________
Ілесіп жүруші адамның аты-жөні ____________________________________
Үйінің мекен-жайы __________________________________________________
Телефон, факс, кодтың нөмері __________________________________

Өтінішті толтыру датасы ____________________________________________


Қолы ___________________________________________________
Білім орны жетекшісінің аты-жөні ___________________________

_______________________________________________________________________



М.О. Қолы
Ескерту: «Менің репертуарым» екінші парағы (1, 2, 3 тур)

Орындаушылардың республикалық конкурсын өткізу ережелеріне Қосымша 1




Орындаушылар конкурсының мамандықтары мен мамандануларының бағыттары тізбегі


Байқауды өткізудің 1 – ші жылы

Байқауды өткізудің 2 – ші жылы

0404000 – Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері (түрлері бойынша):

1.Ағаш-үрмелі аспаптар:

флейта, гобой, кларнет, фагот,

саксофон – альт, саксофон – тенор;


2. Жез үрмелі аспаптар: валторна, труба, тромбон, туба,

Ұрмалы аспаптар;


3. Қазақ халық аспаптары: домбыра, шертер, қобыз, қыл – қобыз;
4.Орыс халық аспаптары: баян, аккордеон, классикалық гитара,

домра -прима, домра – бас


5. Эстрадалық музыка аспаптары

0404000 - Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері (түрлері бойынша):

1.Фортепиано;

2.Ішекті аспаптар:

скрипка, альт, виолончель,

контрабас.
0405000 – Хорда дирижерлік ету
0406000 – Музыка теориясы ауысып:

1. музыкалы-тарихи пәндер (музыкалық әдебиет), бірінші жыл;



2. музыкалы-теориялық пәндер(гармония мен сольфеджио), екінші жыл.
0407000 – Ән салу

  1. Академиялық ән салу дауыстар бойынша: сопрано; меццо сопрано; тенор; баритон; бас.

  2. Домбырамен халық әнін орындау

  3. Эстрадалық ән салу





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет