Қазақстан республикасы білім және ғылым


Болат маркасын және болат табақшалардың қалыңдығын, олардың оқшаулау түрін таңдау, магниттік жүйенің индукциясын анықтау



бет11/28
Дата20.05.2022
өлшемі415.18 Kb.
#458082
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Куштик трансформатор диплом

Болат маркасын және болат табақшалардың қалыңдығын, олардың оқшаулау түрін таңдау, магниттік жүйенің индукциясын анықтау


Күштік трансформатордың магнитті жүйесі үшін Болаттың маркасы мен қалыңдығын таңдау кезінде жоғары магнитті қасиеттері бар болаттың бағасы да жоғары екенін, ал жоғары магнитті қасиеттері бар қалыңдығы аз болаттың толтырудың коэффициенті аз ктол екенін ескеру қажет. Бұл болат берілген өлшемдер пакетін алу үшін магнитті жүйені құрастыру, дайындауды, күйдіруді және салу кезінде үлкен қалыңдықтағы болатпен салыстырғанда табақшалардың көп санын талап етеді.


Күштік трансформаторлардың негізгі салмағы жекелеген технологиялық операциялардың еңбек сыйымдылығын, болаттың магниттік қасиеттері мен бағасын ескергенде қалыңдығы 0,35 және 0,30 мм, 3404 және 3405 маркалы болаттар пайдаланылады. Төмен шығындар шешуші фактор болған жағдайда, қалыңдығы 0,27 мм болат пайдаланылуы мүмкін.
Трансформаторды есептеу кезінде магнит жүйесінің өзегінде индукцияны дұрыс таңдау өте маңызды. Магниттік жүйе болатының санын, орама металының массасын және активті бөліктің құнын азайту мақсатында есептік индукцияның үлкен мәнін таңдау керек, алайда, шығынның салыстырмалы түрде ұлғаюы және бос жүріс тогының елеулі өсуіне байланысты болады. Есептік индукцияның азаюы материалдардың массасын және активті бөліктің құнын ұлғайту есебінен бос жүрістің (ең бастысы токтың) өте жақсы параметрлерін алуға әкеледі.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, табақшалардың ыстыққа төзімді оқшаулағыш жабыны бар, қалыңдығы 0,3 мм, 3404 маркалы электр техникалық суықтай иленген анизотропты жұқа табақты болатты таңдаймыз. Берілген трансформатор үшін магнит өткізгіштегі индукцияны алдын ала қабылдаймыз:

B = 1,55 Тл.


    1. Орамның өткізгіш материалын таңдау


Орама материалы ретінде ұзақ уақыт бойы мыс қолданылды, бірақ мыс кендерінің табиғи қорларының әлемдеаз таралуына байланысты табиғатта кеңінен таралған мысты басқа металмен, бірінші кезекте алюминиймен алмастыру (мыстан 10-15% арзан) жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Трансформаторлардың қысқа тұйықталу параметрлері мен мыс орамдары бар бос жүріс параметрлері, қуаты бойынша эквивалентті негізгі өлшемдердің ара қатынасы бойынша алюминий орамдары бар трансформаторлар айтарлықтай ерекшеленеді. Алюминий орамдары бар трансформатордың магнитті жүйесіндегі айырмашылығы диаметрі аз, магнит жүйесінің терезесінің ауданы мен өзектің биіктігі үлкен болып табылады. Алюминий орамдарының бірнеше көп орамы бар.


Эквивалентті мыс орамалармен салыстырғанда алюминий орамаларының орамдары мен орамаларының қималарының санын ұьлғайту орамаларды орау бойынша жұмыс құнының өсуіне және кейбір оқшаулағыш материалдар – қағаз - бакелитті цилиндрлер (25-30%), электр оқшаулағыш қалың қағаз бен сіңдіргіш лактың (50-60%) тұтынудың едәуір артуына алып келеді. Магнитті жүйенің үлкен биіктігінде бактың биіктігі мен майдың салмағы да артады. Жұмыс және материалдар құнының ұлғаюы орам сымының салмағы мен құнының азаюымен өтеледі (орнын толтырады), яғни алюминий орамдары бар жобаланған трансформатордың жалпы құны мысты орамдары бар эквивалентті трансформатордың құнынан іс жүзінде өзгеше емес.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, берілген трансформатор
қуатын есепке ала отыра, орамалардың өткізгіштік материалы ретінде алюминий таңдаймыз.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет