8.2 ҚС-ның жұмыс жасап тұрған кездегі, жылдық эксплутатациялық шығындар
Эксплуатациялық шығындар – жалпы қосалқы электр станциясын түрлендіріп, тарату, пайдалану кезіндегі жұмсалынатын шығындар. Эсплуатациялық шығындарға барлық шығындар: амортизация аударылымдары, транспорт шығындары, жұмысшылардың еңбекақысы, жіберілетін электр энергиясын тарату кезіндегі шығындар, байланыс қызметтері, іс – сапарлар, кеңселік тауарлар, қызметкерлерге төленетін еңбек ақы, қауіпсіздікті сақтауға арналған іс-шараларға кеткен шығындар және т.б. шығындар жатады.
Эксплуaтaциoнды шығындaр келесідей есептелінеді. Жылдық эксплуатациялық шығындарды есептеу:
∑Иж= Иа + Имат + Иә.н.+ Иқос +Ие.а. (8.7) мұндағы, Иа – амортизациялық аударылым соммасы;
Им.ш. – материалдық шығындар және қосымша бөліктер;
Иә.н. – әлеуметтік салық, зейнетақы қорына кететін бөлігінің 9,5%; Иқос – қосымша шығындар (кәсіпорынға қызметкерлерді дайындап,
оқыту, көлік, концелярлық шығындар). Жалпы, қосымша шығын барлық шығындар сомасының 12÷15 % құрайды.
Ие.а. – еңбекақы құны;
Иөнд – өндірістік қажеттіліктер, электр энергиясының шығындары, жалпы салымның 1,5%-ы.
Амортизация аударылымын есептеу:
Иа=К0∙h0/100, (8.8)
мұндағы, К0 – негізгі қорлар соммасы,теңге;
h0 – амортизациялық аударылымның белгіленген нормасы, мәнін 8
% деп қабылдаймыз.
Иа=11 189 398 ∙8/100 = 895 151 тенге.
Жұмысшылардың еңбекақылық жиналым қоры:
Иеа = Еор ∙ Жор ∙ 12,
|
(8.9)
|
мұндағы, Еор − орташа айлық жалақы шамасы;
Жор − тізімдегі жұмысшылар саны;
Иеа = 100 000 ∙ 6 ∙ 12 = 7 200 000 тг.
Жалпы әлеуметтік салық:
Иә.н. = (Ие.а. − Из.қ.) ∙ 9,5%,
|
(8.10)
|
мұндағы, Ие.а. − жұмысшылардың еңбекақы қорына салым;
Из.қ. − зейнетақыға қорына салым (еңбек ақыдан 10%).
Иә.н. = (120 000 − 12500) ∙ 9,5% ∙ 12 = 123 120 тг,
Материалдық шығын көлемі немесе тағы да басқа бөліктер шығындарына капиталдық салымның 0,5%-ы алынды:
Им.ш. = 11 189 398 ∙ 0,5% = 55 946 тг
|
(8.11)
|
Өндірісті жүргізуге қажетті шығындарға капиталдық салымның 1,5%-ы алынды:
Иөнд = 11 189 398 ∙ 1,5% = 167 840 тг
Жалпылама сомалық шығын:
∑Иж = 1 350 288 + 7 200 000 + 123 120 + 55 846
+ 167 840 = 8 897 094 тг
|
(8.12)
|
Достарыңызбен бөлісу: |