30
желекпен бірігіп қоршаған жергілікті жердің еңіс сызығына өтеді.Шұңқыр тау
секілді бекітілген горизонтальдармен жүргізіліп бергштрихтарды ішіне қарай
көрсетеді.
Жəй жота – жоғары көтерілетін екі еңістен пайда болады. Олардың
беттесу сызығы
суды бөлу сызығы болып келеді. Жота төменгі бөлігінде
жергілікті жердің тік жерлеріне өтеді.
Алқап – төмен түсетін жəне беттескенде
тальвег сызығын беретін екі
еңістен пайда болады.
Сонымен рельефті горизонтальдармен бейнелеу карта бойынша
рельефтің элементтері мен формаларын тану жəне оның сандық
сипаттамаларын алу мүмкіндіктерін береді. Карта масштабы кішірейген майын
рельефтің бейнелеу айқындылығы да азаяды, себебі рельефтің қима биіктігі де
үлкейеді. Картада ұсақ формалар бейнесі алынып тасталады. Көптеген рельеф
формалары масштабтан тыс шартты белгілермен бейнеленіп кетеді.
Рельефтерге жинақтау жүргізіледі яғни рельеф бейнеленуіне генерализация
жүргізіледі.
Əр түрлі карталарда рельефті бейнелеу əдістері.
Картада рельефті бейнелеудің мақсаты
оның сипаттамалы формасы мен
типін, сонымен қатар бағытын, сырғу құлдилығын, бөлініп кетуін дұрыс
бейнелеу болып келеді. Картада рельефті бейнелеудің бірнеше тəсілдері бар:
штриховка, отмывка, горизонтальдармен, қабаттастырып
боялған
горизонтальдармен. Оларды қолдану картаның типі мен арналуына байланысты
болады.
Штриховкамен рельефті бейнелеу.
Рельефті штриховкамен бейнелеу əдісі XVIII ғасырдың соныңда пайда
болды. Бұл тəсілмен беткейлерді ақ бөлінділері бар қара түсті штриховка
көмегімен көрсетеді. Тау бөктерінің əр түрлі құлдилығына байланысты
штрихтер əр түрлі қалындықпен беріледі. Еңіс бұрышы үлкен болған сайын ақ
бөлінділерге қарағанда қара штриховка басым болады.
Нүкте биіктіктерін жəне еңіс бұрыштарын анықтауға мүмкіндік жоқ.
Рельефті штриховкамен бейнелеу əдісі тек
қана кейбір ұсақ масштабты
карталарда қолданылады.
Отмывкамен рельефті бейнелеу.
Бұл əдіс рельефтің пластикалық көрінісін көрсетеді, бірақ карта бойынша
сырғу құлдилығын жəне нүкте биіктіктерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан
оны ұсақ масштабты карталарды немесе жергілікті жердің рельефі жайлы
жалпы мəліметі ғана қажет арнайы карталарды құруда қолданады. Кейбір
жағдайларда горизонтальдармен бірге қосып рельефтің пластикасын көрсету
үшін бірге қосып бейнелейді.
Жұмыс алдында орындаушы бейнеленетін рельеф формасының негізгі
өзгешіліктерін анықтай отырып ірі
масштабты материалдарды оның
орографиялық (физикалық географиялық жер бетіндегі рельефті, тауларды
тексеретін бөлім) сипаттамасымен жəне орографиялық схемасымен танысып
барып қана рельеф отмывкасының түп нұсқасын орындайды. Отмывка түп
31
нұсқасын орындау процессінде горизонтальдарға, гидрография
элементтеріне
жəне нүкте биіктіктеріне жүгінеді.
Достарыңызбен бөлісу: