Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ұлттық және халықтық ойындар



бет11/18
Дата12.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#488920
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР

Ұлттық және халықтық ойындар. Бәсекелестік, жекпе-жектік элементтері бар қозғалыс ойындары, табандылықты, икемділікті, қозғалыс қимылдарының дәлдігін, көзбен мөлшерлеуді дамытатын арнайы ойындар.
3. Гимнастика
Саптық жаттыгулар. Қозғалыс кезінде залды айнала жүріп бір лектен екі, үш, төрт лекке қайта тұрып жүру. «Қиғаш жүру», «Сол (оң) жаққа қарсы жүріс жасау», «Жыланша (ирелендеп) жүру» командаларын орындап, лекпен қозғалу. Залды айналып және қиғаш қозғалып жүргенде созылған қолдардың қашықтығына (алға және жанға) екі лекке ажырату.
Биік белтемір (ер балалар). Асылыл тұрып, күшпен артқа аударыла көтеріп, таянып тұру; сол аяқты сілтеп, сол аяқпен атша мініп отыру; кері, солға қарай айналу (сол қолды айнала) - таянып отыру; аяқтарды доғаша сермеп, артқа секіріп түсу. Асылып тұрып, аяқтарды сілтеу. Асылып тартылу.
Әр түрлі биіктіктегі сырық (қыз балалар). Жоғарғы сырықта асылып тұрып иіле сілтеу; аяқты бірге сілтей, төменгі сырықта жатып асылу, төменгі сырықта артқа таянып отыру; солға, кері (сол қолды айналып) бұрылып, таянып отыру; артқы аяқтарды сілтей снарядқа сол бүйірді қарата оңға бұрыла секіріп түсу. Асылып тартылу (гимнастикалық орындыққа аяқты тірей).
Тіреліп секіру (гимнастикалық кіші ағаш ат және енді ағаш ат (конь в ширину); снарядтың биіктігі 120-130 см.) Екпін алу, көпіршеге секіріп түсу, итерілу, қолмен итерілгенге дейінгі ұшу, қолмен итерілу, қолмен итерілгеннен кейінгі ұшу, жерге түсу элементтері бойынша аяқтардың арасьш ашып немесе бүгіп секіру. Жеке нәтижелерді есепке ала толық үйесімділікте орындау.
Қос сырық (ер балалар). Білекке таянып, қолдарға тіреліп аяқтарды сілтеу, білекке таянып сілтегенде алға сермеп, аяқты алшақ қойып көтеріліп отыру; оң аяқты сілтей сол бүйірді снарядқа қаратып, солға кері бұрыла шалқая секіріп түсу.
Өрмелеу. Уақытты есептеп үш тәсілмен аралас асылудан өрмелеу (арқанның биіқгігі ер балалар үшін - 4 м, қыз балалар үшін - 3 м).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет