ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Педагогика және психология факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы
Бастауыш сыынп оқушыларының оқу икемділігі мен машығын қалыптастыру
Алматы - 2009
Мазмұны
Кіріспе
1. Оқушылардың оқу икемділігі мен машығын қалыптастыру теоориялық негіздері
1.1. Оқу икемділіг мен машығының мәні
1.2. Қазіргі сабақ құрылысында оқу икемділіг мен машығының ролі
2. Оқушылардың оқу икемділігі мен машығын қалыптастырудың жолдары
2.1. Оқу еңбегін ұйымдастыу кезінде икемділіктер мен машықтарды қалыптастыру
2.2. Оқу икемділіктері мен машықтарын кезең бойынша қалыптастыру әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне қадам басуда.
Оқу жоспары мен бағдарламаларда анықталған мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білі мазмұны, оның басым бағыттары мен оқыту мүмкіндіктеріне сай оқыту мұғалімнен жоғары кәсіби дайындықты, шығармашылық ізденісті талап етеді.
Ұлы данышпан Аристотель кез келген әрекеттің жемісі ек ішартқа байланысты екендігін дәлелдеген.
соңғы мақсаттың (нәтиже) дұрыс қойылуы;
сол мақсатқа жету үшін мәтіндер мен құралдарды дұрыс пайдалану.
Оқушының жеке басын жан-жақты дамыту іс әрекет пен оқыту үрдісінде ғана іске асады. Жалпыға мәлім баланың жекеи басын дамыту барлық әлеуметтік әрекеттердің (ойын, оқу, еңбек, танымдық коммуникативтік) үйлесуі арқылы болады. Сондай-ақ жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында жеткіншек ұрпаққа ғылымның мнегізгі негіздерінен терең де тиянақты білім беру керектігіне баса назар аударылды. Сондықтан бүгінгі таңдағы «оқушыларды кітаппен және басқа білім көздерімен жұмыс істеуге белсендірек тартуға, олардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыруына көмектесуге тиіс.» [1]
Мектеп реформасында оқыту формаларын, әдістері мн құралдарын одан әрі жетілдіріп, иімді тәсілдерді қолдануды ұсынған.
Оқу министрілігінің мектептер бас басқармасы мақұлдаған «Оқушылардың жалпы оқу икемділігі мен машығын қалыптастыру туралы нұсқауы» оқушылрады оқыту, тәрбиелеу ісін жан-жақты дамытуға игі ықпал етеді.
Оқушылардың оқу еңбегін шебер ұйымдастыру тәсілдрі педагогика саласында жеткіліксіз зерттелген. Оқушылрадың белсенді таным-әреетін қалыптастыру методикасының жүйелі болмай отырған педагогика ғылымдары академиясының президенті М.И.Кондаковтың сөзінен көруге болады: оқушыларды қазіргі заманғы информация тасқынын бағдарлай ауға және өз бетімен білім алу деңгейін көтере білуге үйрету хақында талай ұрандар көтерілді. Ал іс жүзіне келгенде методикалық және басқа құралдары бұрынғысынша мұғалімдерге бағытталып отыр. [2]
Бастауыш сынып оқушыларының ісәрекетінде оқу еңбегі бастыроль атақарады. Сондықтан оқытудың бастауыш сатысындағы негізгі мақсат өз бетімен оқу икемділігн қалыптастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зертеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділіг мен машығын қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділіг мен машығын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік жолдарын айқындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш білім береін мектеп оқушыларынығң оқу икемділіг мен машығын қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалса; сол бойынша оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес материалдарды сұрыптап, оны меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері жүзенге асырылса; оқу-әдістемелеік кещендермен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың оқу икемділіг мен машығын қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігі мен машығын қалыптастырудың теориялық негізін айқындау;
бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігі мен машығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін саралу, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау, моделін құру;
бастауышысынып оқушыларының оқу икемділігі мен машығын қалыптастырудың педагогикалық тхнологиясын негіздеу, оны педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу әдітері:
Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық және әдістемелік еңбектерге ғылыми тұрғыда талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды сандық жағынан сараптап қорытындылау.
Дипломның құрылымы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Зерттеу жұмысында оның нәтижелері туралы мәліметтерді көрнекі үрде бейнелеген кесте, сурет орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |