Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет67/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115
акушерство китап

Ұрық даму аномалиясы. Аталық немесе аналық жыныс клеткаларының генеративтік ұлпаларының анатомиялық өзгеруі генетикалық дамуының дұрыс еместігінен (ата-анасының жыныс клеткаларындағы гендер дефектілері), зат алмасуы бұзылуы сыртқы фактордың қайшы әсері салдарынан ең алдымен ұрықтардың және аналық жыныс клеткасының толық дамымауына, ал кейіннен өскіңн өліміне әкеледі.
Өскін компоненттерінің толық еместігі, оның зигота бөлу сатысында немесе эмбриональды мезгілде (туу болған бедеулік) өліміне әкеледі.
Төлдің өлуіне әкелетін ішкі факторлар өте көп және әртүрлі. Идиопатикалық іш тастаудың себептеріне төл жынысын жатқызуға болады. Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша биеде, сиырда, мегежінде өлі туған аталық төлдер аналық төлдерге қарағанда жиі кездеседі. Бұның себебін төлмен анасының ұлпалық сұйықтықтарындағы биохимиялық сәйкес еместігінен іздеу қажет шығар. Зерттеулер бойынша аталық торайлардың ұрық маңы суының уыттылығы аналық торайларға қарағанда неғұрлым жоғары, ал ол аутоинтоксикацияның болу мүмкіншілігін тудырады.
Ұрық қабықтарының шемені. Ұрық жанындағы несеп немесе бір уақытта екі сұйықтықтардың көп мөлшерде жиналуымен сипатталады. Бұл ауытқу барлық мал түрлерінде, көбіне сиырларда кездеседі.
Ұрық қабықтары шеменінің себептері анықталған жоқ, бірақ олар анасы және төл организмдерінің патологиялық процессі, қан айналымының бұзылуымен (жүрек, бүйрек, бауыр, ұрық қабықтарының бұралуы) сипатталатын ауытқу болып саналатын шығар. Көптеген ғалымдар ұрық қабықтары шеменін егіздік кезінде байқаған.
Клиникалық белгілері. Процесстің даму дәрежесіне байланысты. Қарынның үлкеюі (бөшке тәрізді) байқалады, аш бүйірі толған, тыныс алуы қиындаған, тамыр соғуы жиелеген және әлсіз, әдетте мал аяғын алшайтып тұрады, жатпайды. Кілегей қабықтар, әсіресе қынапта гиперемиеленген. Құрсақ қабырғасын перкусиялағанда қатты дыбыс естіледі. Тәбеті төмендеген. Зәр және нәжіс шығаруы сирек. Тік ішек арқылы зерттегенде төл сезілмейді.
Болжау. Әдетте төлдер ісінген, нашар дамыған, егер мерзімінде туса, сол кезде өледі. Сұйықтықтың көп жиналуы жатыр және іштің бұлшық еті үзілуіне әкеледі. Егер буаздылықтың аяғына дейін анасы тірі қалса, онда туу үрдісі созылады.
Емі ауру әлсіз даму жағдайында, диета (концентраттармен азықтандыру, суды азайту) және серуен маңызды роль ойнайды. Төл мерзіміне дейін жету кезінде акушердің негізгі көмегі әлсіз толғақтар кезіндегідей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет