Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет15/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Экономикалық теорияның қоғамдағы орны

  2. Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы

  3. Экономикалық теорияның даму кезеңдері

  4. Экономикалық теорияның құрылымы

  5. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері

  6. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

  7. Экономикалық заңдар мен категориялар



Қолданылатын негізгі әдебиеттер:



  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.



  1. Дәріс Қоғамдық өндірістің негіздері

1. Адам және экономика.Қажеттіліктер мен экономикалық ресурстар


2. Қоғамдық өндірістің негізі. Өндіргіш күштер мен экономикалық қатынастар

Дәріс мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру. Осы арқылы эконмиканың ең түпкі мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне қалай жетуге болатындығын көрсету.


Негізгі сөздер: табиғи ресурстар, материалдық ресурстар,адам ресурстары, ресурстардың шектеулілігі, өажеттіліктердің шексіздігі, қажеттілік, материалдық қажеттіліктер, руани қажеттіліктер, әлеуметтік қажеттіліктер, материалдық сала, материалдық емес сала,еңбек заттары, еңбек құралдары, жұмысшы күші, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет, өндіріс және ұдайы өндіріс. өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну. Жай және ұлғаймалы (экстенсивті, интенсивті) ұдайы өндіріс


1. Кез-келген экономикалық жүйе қызметiнiң түпкi мақсаты қоғам және жеке адамдардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру болып табылады. Тауарлар мен қызметтердi пайдалану, қоғамдағы ресурстарды өндiру үшiн жұмсаумен тiкелей байланысты өндiрiс үдерiсiне бағытталған.
Экономикалық дамудың барлық мәселелерi қажеттiлiктердi қанағаттандыру барысында ресурстарды қоса жұмсаумен байланысты. Бұл мәселелердiң шешiмдерi екi iргелi экономикалық аксиомаларға негiзделген. Бiрiншi аксиома - қоғамның қажеттiлiктерi шексiз, сондықтан толық қанағаттандырылмайды. Екiншi аксиома - тауар,қызметтердi өндiруге қажеттi қоғамның ресурстары шектелген ( немесе сирек).
Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Планетамыздың барлық ресурстары шектеулi мөлшерде болады. Ресурстардың жеткiлiксiздiгi оларды үнемдеу, таңдау мәселелерiнiң қажеттiлiгiн тудырады. Мысалы: базарға барғанда сатып алуым керек дейтiн 5-6 заттың бiр-екеуiн таңдауымыз керек. Экономистердің айтуынша, адамдардың материалдық тұтынушылығы шектеусiз. Ал осы тұтынуды қанағаттандыратын қызмет көрсету және өнiм өндiру үшiн қолданылатын заттар - ресурстар шектеулi. Таңдау, табыс, тұрмыс жағдайымызға байланысты.
Сонымен, аталған қарама-қайшылық iрiктеу (таңдау) жолымен шешiледi. Экономиканың қоғамдық ғылым ретiндегi анықтамасы мынадай болуы кездейсоқ емес: экономика қажеттiлiктi барынша қанағаттандыру үшiн шектелген ресурстарды таңдауды сипаттайды және талдайды.
Қажеттiлiк - қоғамның дамуы үшiн қажет нәрсе. Адамдарға қажет тауарлар мен қызметтер миллиондап есептеледi, олардың шеңберi ұдайы кеңейiп отырады.
Қажеттiлiк дегенiмiз - адамның немесе қоғамның жағдайын қалыпты деңгейде жүргiзуге қажет қандай да бiр нәрсеге талабы.
Материалдық қажеттiлiк - киiм, тамақ… т.б. күнделiктi заттар.
Рухани қажеттiлiк - ғылыммен, өнермен, бiлiм алумен т.б. барысында адамдардың қанағаттандырылуы.
Әлеуметтiк қажеттiлiк - ортамен, адамдар тобымен қарым-қатынас орнату.
Материалдық және материалдық емес игiлiктердi өндiру адам қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн жасалады.
Материалдық өндiрiс саласында - заттық игiлiктер өндiрiледi. Оған өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, сауда, транспорт салаларын жатқызуға болады.
Өндiрiстiк емес салада - рухани құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетiледi. Оған бiлiм беру, мәдениет жұмыстары жатады.
Экономикалық өркениет тарихын қажеттiлiктiң қалыптасуы және жүзеге асырылу үдерiсi ретiнде елестетуге болады. Қажеттiлiктi қанағаттандыру үдерiсiнде саны және сапасы жағынан жаңа қажеттiліктер қалыптасады, олардың құрылымы өзгередi, басымдықтар пайда болады, өзара алмасу дамиды. Қажеттiлiктiң үздiксiз өсуi, өркендеуi адамзаттың экономикалық эволюциясымен дәлелденедi. Әр он жылда тұтыну тауарларына қажеттiлiк екi еседен астам ұлғаяды. Бұл тарихи заңдылық әлдеқашан негiзделген және “қажеттiлiктi көтермелеу заңы” деп аталады. Адам табиғат ресурстарын қарапайым пайдаланудан өндiрген табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға дейiнгi бүкiл кезеңдерден өттi .

Экономика адаммен бiрге пайда болды және адам игiлiгi үшiн дамиды. Алайда экономика да, өз кезегiнде жеке тұлғаның, ұжымның, қоғамның қалыптасуына және дамуына ықпал етедi.


Экономика - адамның табиғатқа белсендi және саналы әрекет етуiнiң нәтижесi. Осы мағынада экономика дегенiмiз адамның табиғат пен өмiрге қажет игiлiктердi алу үдерiсiндегi өзара iс-әрекетi. Адамдар өзiнiң экономикалық iс-әрекеттерi барысында байланысқа түсiп, табиғи ғана емес, сондай-ақ өздерi құрған табиғи ортаны пайдаланады. Сондықтан, экономика дегенiмiз тiршiлiк үдерiсiн қамтамасыз ету мақсатында, адамзаттың дамуына адамның қоршаған ортамен өзара iс-әрекетi деп тұжырымдауға болады.
Табиғат байлықтарын игеру және пайдалану барысында өмiрге қажет игiлiктер құруда адамдар арасында белгiлi қарым-қатынастар пайда болады. Материалдық игiлiктер өндiрiсiмен байланысты осы қатынастар өндiрiстiк деп аталады. Адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да түрлерi бар. Экономикалық дегенiмiз адамдар арасында игiлiктер мен ақша қаражатын өндiру, бөлу, айырбастау, тұтыну, иеленумен байланысты туындайтын қатынастар. Экономикалық қатынастарды зерттеу – экономикалық ғылымның аса маңызды элементi. Адам экономикада үш нысанада белгiленедi.
Бiрiншiден, адам - өндiрушi. Адамдар саналы түрде пайдалы еңбекпен айналысып, белгiлi жұмыс атқарады, өздерiне және қоғамға керек экономикалық өнiм шығарады. Олар өмiр үшiн қажет материалдық және рухани құндылықтар өндiредi. Қоғамның еңбекке қабiлетсiз тобын құратын балалар, қариялар, мүгедектер толық дәрежеде өндiрушi бола алмайды.
Екiншiден, адам тұтынушы болып табылады. Бұл жалпы сипатта болады. Барлық адамдар тұтынушы рөлiн атқарады, өйткенi адам материалдық және рухани тұтыну заттарынсыз өмiр сүре алмайды. Адамдар өздерi өндiрген заттарды өз қажетiне жұмсап, өз қажеттiлiгiн бiршама қанағаттандыра алады. Көбiне өндiрушi- адамдар игiлiктердi өздерi үшiн ғана өндiрмейдi, басқа адамдардың мұқтажын қанағаттандырады. Ал басқа адамдар, өз кезегiнде, осы адамға керек өнiм өндiредi.
Жекелеген адамдардың экономикада үшiншi рөлi де бар. Көпшiлiк өндiрушiлердiң қызметi iс-әрекеттердi келiстiрушiлердi, координацияны қажет етедi. Өндiрiс тұтынумен тығыз байланысты және оларды өзара реттеу керек. Сондықтан да өндiрушiлер мен тұтынушылардан өзге ұйымдастырушылар, өндiрiстi, игiлiктердi бөлу мен тұтынуды басқарушылар керек. Мұндай адамдар басқарушылар деп аталады, өйткенi олар экономиканы басқаруды жүзеге асырады.
2. Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет