Бекітуге арналған сұрақтар
1. Қазақстандағы табиғи қазба байлықтар
2. ҚР-дағы өндіріс орындарының жағдайы
3. Өндіріс факторларын тиімді пайдалану
4. Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс кезеңдерi
5.А.Маслоудың қажеттілік иерархиясы
6.Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар
7. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:
Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б
2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.
Дәріс: Сұраныс және ұсыныс нарықтың қозғаушы күштері
1 Сұраныс.Сұраныс қисығындағы ауытқулар мен қозғалыс.Сұранысқа әсер ететін факторлар
2 Ұсыныс. Ұсыныс қисығындағы ауытқулар мен қозғалыс.Ұсынысқа әсер ететін факторлар
1 Сұраныс – тұтынушылардың төлем қабілеті бар қажеттілігі, яғни сатып алушылардың сатып алу мүмкіндігі бар игіліктер мен олардың саны арасындағы қатынасы.
Экономикалық мағынасында сұраныс негізіне жай ғана қажеттілік немесе мұқтаждық кірмейді, қандай да бір игілікті сатып алу дайындығы мен төлем қабілетін кіргізуге болады.
Сұраныс заңы – тауардың немесе қызметтің бағасы төмендеген сайын оған сұраныс көбейеді, ал жоғарылаған сайын сұраныс азаяды (яғни P Q; P Q ). Сұраныс көлемі бағамен кері байланыста болады. Сұраныс көлемінің бағаға тәуелділігін сұраныс функциясы түрінде көрсетуге болады:
Qd = Qd (P)
Сұраныс функциясы – сұраныс көлемі мен сұранысқа әсер етуші факторлар арасындағы арақатынас. Сұраныс функциясының жазықтықтағы графикте бейнеленуі сұраныс қисығы деп аталады.
P
D
Q
Сурет . Сұраныс қисығы
Сұранысты жеке сұраныс және рыноктік сұраныс қисығы деп екіге бөледі:
Жеке сұраныс қисығы - әрбір жеке тұтынушының тауарлар мен қызметіне деген сұраныс қисығы. Әрбір жеке тұтынушыға ұсынылған мүмкін боларлық баға жеке сұраныс шамасын анықтайды.
Рыноктік сұраныс қисығы – кез-келген бағадағы барлық тұтынушылардың жалпы сұраныс көлемін көрсетеді. Рыноктік сұраныс жеке тұтынушылар сұранысының қосындысы болып табылады. Сондықтан бұдан әрі сұраныс деп рыноктік сұранысты айтамыз.
Сұраныс қисығы бойындағы қозғалыс сұраныс көлемінің өзгеруі деп аталады. Ол бағаның өзгерісі жағдайында сатып алынатын тауарлар санының өзгеруін білдіреді. Жалпы жағдайда сұраныс тек қана тауарлар бағасы мен берілген тауарлар санына тәуелді емес, ол сұраныс детерминанттары деп аталатын басқа да көптеген факторларға тәуелді.
Сұраныс детерминанттары (анықтауыштары)
Талғам және ұнату
Табыс
Өзара байланысты тауарлар бағасы (өзара толықтырушы және өзара орын ауыстырушы)
Сатып алушылар саны, сатып алу жиілігі
Болашақта күтілетін бағалар мен табыстар
Климаттық жағдай
Тауар сапасы
Тұтынушылар болжамы, жорамалы
2 Ұсыныс (S) – берілген уақыт аралығында сатушылардың саны мен бағасы арасындағы байланыс.
Ұсыныс – белгілі уақыт аралығында тауар өндірушінің рынокқа шығарып отырған тауарлар мен қызметтер жиынтығы.
Ұсыныс заңы – тауарлардың бағасы жоғары болса, тауар өндірушілер көп мөлшерде өндіруге талпынады (P Q ), керісінше тауар бағасы төмен болса, аз өндіреді.(P Q )
Ұсыныс көлемі деп белгілі бағада, белгілі уақытта сатушылар немесе сатушылар тобының қандай да бір жоғары мөлшерде тауарлар санын ұсынуды айтамыз.
Ұсыныс функциясы – ұсыныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы тәуелділік. Ұсыныс функциясы төмендегі түрде беріледі:
Qs = Qs (P)
Берілген ұсыныс функциясының графикте бейнеленуі ұсыныс қисығы деп аталады.
P
S
Q
Сурет Ұсыныс қисығы
Тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығы бойындағы өзгерісті тудырады. Ұсыныс қисықтарының оңға немесе солға жылжуы ұсыныс детерминанттары деп аталатын бағалық емес фактор әсерінен туындайды.
Ұсыныс детерминанттары (анықтауыштары)
Өндіріс факторларының бағасы
Технология
Мемлекет салықтары мен субсидиялары
Басқа тауарлар мен қызметтер бағасы (табыс табудың басқа да мүмкіндіктері)
Сатушылар саны
Болашақта күтілетін өнімдер бағасы
Өндіріс шығындары
Достарыңызбен бөлісу: |