Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет26/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар

1. Макроэкономикалық негізгі көрсеткіштер


2.Ұлттық экономика жүйе ретінде
3.ЖҰӨ-ді шығындар бойынша есептеу
4.ЖҰӨ-ді табыстар бойынша есептеу


Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.


Модуль №3 : «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жетілдіру бағыттары»


11-Дәріс Еңбек нарығы және жұмыссыздық

1.Еңбек нарығы:мәні , элементтері


2.Жұмыссыздықтың себептері мен түрлері
3.Жұмыссыздыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары
Дәріс мақсаты: Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері (формалары). Осы күнгі жұмыссыздықтың себептері. Толық жұмысбастылық және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.Жұмыссыздықтың ЖҰӨ мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы. Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың ерекшеліктері мен себептері туралы студенттерге түсіндіру.
Негізгі сөздер: Экономикалық белсенді халық, экономикалық белсенді емес халық, жалдамалы қызметкерлер, жұмыс берушілер, өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер, жұмыссыздар, жасырын жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық.


1. Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың аса күрделi элементтерiнiң бiрi. Мұнда еңбектің құнын және оның қызмет ету шарттарын анықтауда тек жұмысшы мен жұмыс берушiнiң мүдделерi айқындалып қана қоймайды, сонымен бiрге, қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк - экономикалық құбылыстар бейнеленедi.
Экономикалық әдебиеттерде еңбек нарығының мынадай индикаторлары айқындалған. Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін халықтың экономикалық белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы халықтың бір бөлігі. Экономикалық белсенді халық санына барлық қызмет түрінде жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар кіреді.
Экономикалық белсенді емес халық – қарастырылған кезең бойында жұмыс істемеген немесе жұмыссыз болған халықтың экономикалық белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы тұлғалар.
Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлереңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және т.с.с. түрде немесе заттай нысанда ақы (сыйақы) төлеу қарастырылған жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Жұмыс берушілер өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.
Өз бетінше жұыс істейтін қызметкерлер өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктестерпен жұмыс істей отырып, өз бетінше жұмыспен қамту негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар.
Жұмыссыздар -жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ,лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар.
2. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)
Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

  • Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

  • Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

  • Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

  • қазына – қор қысқарады,

  • инвестицияға сұраныс қысқарады,

  • өндіріс құлдырайды.

  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

  2. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

3. Халықты жұмыспен қамтуға мемлекеттік әсер ету механизмдері еңбек нарығындағы мемлекеттік саясатты күшейту және белсендіруге бағытталуы тиіс:
- отбасылық бизнесті, шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;
- жеке кәсіпкерлерді, оның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді шағын несиелеу жүйесін кеңінен қолдану;
- ауылшаруашылық және жергілікті шикізатты пайдалануға және дайын өнімді шығаруға бағытталған еңбекті қажетсінетін өндірістің дамуын жеделдету;
- ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың ауылшаруашылық емес салаларына жастарды орластару мәселелерін шешу және қызмет салаларын дамытуға аса көңіл бөлу;
- жұмыспен қамту қызметінің жұмысын жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қоғамдық жұмыстар жүйесін жетілдіру бойынша бағыттау;
- қалалық және ауылдық жерлердегі еңбек нарықтарындағы өзгеріп отырған жағдайды ескере тотырып, бәсекеге қабілеттілік пен жұмыс күшін кәсіби икемділігін арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға бағытталуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет