«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» ШЖҚ РМК
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6В01508- Математика-Информатика
(ББ шифры және атауы)
Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған
«Дифференциалдық тендеулер» пәні бойынша
(пәннің толық атауы)
Арқалық, 2021
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Физика және математика кафедрасы
Оқу түрі: күндізгі
ББ: 6В01508- Математика-Информатика
Оқу-әдістемелік кешен
«24» 04 2019 ж. хаттама №11 Ғылыми кеңес бекіткен 6В01508- Математика-Информатика білім беру бағдарламасы
«Дифференциалдық тендеулер» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сабитбекова Гулмира (87087458913, gulmira_76_29@mail.ru) дайындады және физика және математика кафедрасының мәжілісінде ұсынылды 07» 04 2021 ж.,., хаттама №6.
Құрастырушы Сабитбекова Г.
Кафедра меңгерушісі Тулегенова А.Қ.
Институттың ОӘК отырысында мақұлданды, 2021 ж. «21» 04 № 5 хаттама.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
|
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
|
|
Физика және математика кафедрасы
|
6В01508- Математика-Информатика
|
«Дифференциалдық тендеулер» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Ғылыми кеңестің 2019 жылғы 24 сәуіріндегі мәжілісінде (№»». хаттама) бекітілген 6В01508- Математика-Информатика білім беру бағдарламасы негізінде әзірленді
|
Магистр, аға оқытушы Сабитбекова Г. әзірледі және физика және математика кафедрасының 2020 жылғы «07» 04 мәжілісінде ұсынылды, №6 хаттама
|
Қ ұрастырушы: Сабитбекова Г.
|
Кафедра меңгерушісі Тулегенова А.Қ.
|
Институттың ҒӘК-нің 2021 «21» 04 мәжілісінде мақұлданды, №5 хаттама
|
1. Сабитбекова Гулмира – лектор, gulmira_76_29@mail.ru
Сабитбекова Гулмира – практикалық сабақ сабақ, gulmira_76_29@mail.ru
2. Студенттерге кеңес беру уақыты (ОСӨЖ): сәрсенбі, жұма, 15.00-ден 16.00-ге дейін.
3. Аудитория: 510.
4. Курстың қысқаша сипаттамасы: Жай дифференциалдық теңдеулер, реті, шешімдері, интегралдық қисықтар, алғы шарттар. Коши есебі. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер. Біртекті және біртекті емес дифференциалдық теңдеулер. Тұрақтыларды вариациялау тәсілі. Екінші ретті дербес туындылы сызықтық теңдеулерді классификациялау..
5. Курстың мақсаты: жай дифференциалдық теңдеулер теориясын және жаратылыстанудың әр түрлі облыстарындағы кездесетін нақты дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерді шешуді меңгеру.
6. Курсты оқу нәтижелері:
Осы пәнді сәтті аяқтаған студент:
Дифференциалдық теңдеулер ұғымдарын, түрлерін, анықтамалар мен теоремаларды біледі;
теңдеулерді шешу әдіс-тәсілдерін, шешу жолдарын меңгереді;
алынған нәтижелерді тексеру, есептеулер жүргізуге икемделеді;
есеп шығаруда туынды мен интегралдың байланысын бағалайды;
есеп шығаруда тиімді әдісін дұрыс таңдай, анализдеу жолын анықтай алады.
7. Пререквизиттер: дифференциалдық және интегралдық есептеулер курсы
8. Постреквизиттер: ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
9. Курстың саясаты: студент сабаққа қатысуға міндетті және кешікпей келуі керек; барлық тапсырмалар уақытылы орындалып тапсырылуы керек; барлық жазбаша жұмыстар плагиатқа тексеріледі, талап етілген деңгейен төмен көрсеткішке ие болған жұмыс 0-мен бағаланады; бақылау жұмысы, межелік, қорытынды бақылауларда рұқсат етілмеген көмекші материалдар мен құралдарды (шпаргалка, конспект жазылған дәптер, қосылған не ажыратылған ұялы телефон, өзге де электронды құрылғылар т.б.) қолдануға болмайды; сабақта өзімен Периодтық жүйе мен калькулятор болуы міндетті; ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие студенттер межелік және қорытынды бақылауды қолайлы формада тапсырады.
10. Оқу жоспарынан көшірме
Курс – 3
Семестр – 5
Кредит саны –5
Дәріс – 10 сағат
Практикалық сабақ – 40 сағат
СӨЖ – 75 сағат
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(академиялық сағатпен)
Апта №
|
Дәріс
|
Практикалық сабақ
|
СӨЖ (үй жұмысы)** (жоба, эссе, шығармашылық жұмыс, есеп шығару, кейс шешу, семестрлік жұмыс, курстық жұмыс т.б.)
|
1-апта
|
Дифференциалдық теңдеулер Айнымалылары ажыратылатын теңдеулер – 1 сағ.
|
Дифференциалдық теңдеулерге есептер шығару. Айнымалылары ажыратылатын теңдеулерге есептер – 3 сағ
|
Есеп шығару
|
2-апта
| Біртекті теңдеулер және біртекті теңдеулерге келтірілетін дифференциалдық теңдеулер Сызықтық дифференциалдық теңдеулер – 1 сағ. |
Біртекті тақырыбына есеп шығару . Сызықтық дифференциалдық теңдеулер тақырыбына есеп шығару.
1-аптаның үй жұмысын тапсыру. –3 сағ
|
Есеп шығару
|
3-апта
|
-
|
2-аптаның үй жұмысын тапсыру – 2 сағ.
|
Есеп шығару
|
4-апта
|
Толық дифференциалдық теңдеулер– 1 сағ.
|
Толық дифференциалдық теңдеулер
3-аптаның үй жұмысын тапсыру – 3 сағ.
|
Есеп шығару
|
5-апта
|
Туынды бойынша шешілмеген дифференциалдық теңдеулер – 1 сағ.
|
Туынды бойынша шешілмеген дифференциалдық теңдеулер тақырыбына есеп шығару– 2 сағ.
|
Есеп шығару
|
6-апта
|
|
5-аптаның үй жұмысын тапсыру – 2 сағ.
Бақылау жұмысы – 50 мин.
|
Есеп шығару
|
7-апта
|
Реті төмендетілетін дифференциалдық теңдеулер – 1 сағ.
|
Реті төмендетілетін дифференциалдық теңдеулер – 2 сағ.
|
Есеп шығару
|
8-апта
|
|
7-аптаның үй жұмысын тапсыру – 2 сағ.
|
Есеп шығару
|
1- межелік бақылау жазбаша түрде қабылданады. Тапсырма бір теориялық сұрақ және екі есептен тұрады. Тапсырманы орындауға 30 минут уақыт беріледі
|
9-апта
|
n-ші ретті сызықты дифференциалдық теңдеулер– 1 сағ
|
n-ші ретті сызықты дифференциалдық теңдеулер -3 сағ
|
Есеп шығару
|
10-апта
|
Коэффиценттері тұрақты біртекті емес сызықты дифференциалдық теңдеулер – 1 сағ
|
Коэффиценттері тұрақты біртекті емес сызықты дифференциалдық теңдеулер
тақырыбына есеп шығару – 3 сағ.
|
Есеп шығару
|
11-апта
|
-
|
10-аптаның үй жұмысын тапсыру – 3 сағ
|
Есеп шығару
|
12-апта
|
Қатардың көмегімен теңдеулерді интегралдау– 1 сағ.
|
Қатардың көмегімен теңдеулерді интегралдау тақырыбына есеп шығару – 2 сағ
Бақылау жұмысы – 50 мин.
|
Есеп шығару
|
13-апта
|
Сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйелері Сызықтық дифференциалдық жүйені шешу әдістері – 1 сағ.
|
Сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйелері
12-аптаның үй жұмысын тапсыру – 3 сағ .
|
Есеп шығару
|
14-апта
|
Тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдықтеңдеулер жүйелері – 1 сағ.
|
Семестрлік есеп тапсыру – 3 сағ.
|
Есеп шығару
|
15-апта
|
-
|
Есеп тапсыру – 2 сағ -
|
|
2- межелік бақылау жазбаша түрде қабылданады. Тапсырма бір теориялық сұрақ және екі есептен тұрады. Тапсырманы орындауға 30 минут уақыт беріледі
|
Қорытынды бақылау
|
Емтихан ашық кітап түрде қабылданады. Тапсырма бес есептен тұрады. Тапсырманы орындауға 50 минут уақыт беріледі
|
11. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
№
|
Автор, атауы, шыққан жылы
|
Ақпарат көзі
|
Бары (дана)
|
Негізгі әдебиет
|
1
|
Мирзалыұлы Ж. Дифференциалдық теңдеулер.
|
Астана, 201.
|
10
|
2
|
Тілеубердиев Б. Дифференциалдық теңдеулер.
|
Шымкент. 2004
|
10 дана
|
3
|
Байарыстанов А. О. Жоғары математика теориясы және жаттығулар жинағы: оқулық . -
|
Алматы, 2013
|
10 дана
|
4
|
Кадикенов Б.М. Дифференциалдық теңдеулердің есептері мен жаттығулары .
|
Алматы, 2002.
|
5 дана
|
5
|
Тоқбергенов Ж.Б. Жоғары математика: Оқулық.
|
Алматы, 2015
|
10
|
Қосымша әдебиет
|
1
|
БайарыстановА. О. Жоғары математика: II- бөлім. Оқулық.
|
Алматы, 2015
|
10
|
2
|
Сабитбекова Г. Дифференциалдық теңдеулер. Оқу-әдістемелік нұсқау.
|
Арқалық, 2012.
|
5 дана
|
12. Оқу нәтижелерін бағалау жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |