ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ
Тақырып 1. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.
Экономика ғылымының қалыптасу және даму кезең-дері. Тарихтағы тұңғыш рет экономикалық ой-пікірлер алғашқы қауымнан көріне бастады десе де болады. Өйткені алғашқы қа-уымның бірлесе аң аулауы оны өзара бөлісуі және айырбастауы экономикалық теорияның дөрекі түрі болып келеді. Ежелгі дү-ниедегі экономикалық құбылыстар мен үрдістер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде де кездеседі.
«Экономика» термині алғаш рет ежелгі грек ойшылдары Ксенофонт (б.э.д. 430-355 жж.) пен Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) еңбектерінде кездеседі. Бұл термин гректің екі сөзінен құралған: "ойкос" - үй, шаруашылық, "номос"- заң, ілім деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі ойшылдардың экономика ғылымына қосқан үлесте-рін бағалай отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:
қоғамда қалыптаса бастаған тауар-ақша қатынастарын зерттеу кездейсоқ сипатта болды;
құл иеленушілік шаруашылықты ұйымдастыру және бас-қару қағидалары алғаш рет грек ғалымдарымен "экономия" атты ілімде сипатталды;
ежелгі ойшылдардың ой-пікірлерін ғылым деп атауға болмайды, олар тек теориялық бастамаларды құрайды. Деген-мен, олар келесі маңызды жағдаяттарды зерттеу қажеттігін атап өтті: (1) шаруашылықты жүргізудің заңдарын және (2) байлықты ұлғайтудың жолдарын.
Сол кезден бастап, "заң" және "байлық" деген категорияларды талдау көп уақытқа дейін экономикалық ғылымның зерт-теу объектісі ретінде сақталып келді.
Экономикалық ой-пікір ерте ғасырда пайда болғанымен, ғылым, яғни категориялар мен заңдар туралы білімнің жүйесі ретінде тек капитализм кезеңінде (XVІ – XVІІ ғғ.) ғана қалыптаса бастады. Алғашқы экономикалық ілім меркантилизм (ит. тілінен mercante – саудагер) деп аталды. Меркантилистер қоғам-дық байлықтың негізі ақша, алтын деп білді. Меркантилизм тео-риясының басты пікірлері:
қоғамның басты байлығы – ақша (алтын, күміс);
бұл байлықтың басты көзі – айналым (сауда және ақша айналымы);
тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, осылайша ақша қорын молайту.
Меркантилистер ең бірінші болып, бүкіл ұлттық экономи-каның деңгейінде жалпы экономикалық міндеттерді ойластыру әрекетін жасады. Меркантилистердің кемшілігі байлықты ақша-мен теңестіруінде және байлықтың көзін айналым саласынан іздеуінде болды. Меркантилистердің басты өкілдері Томас Ман (1571-1641), Антуан Монкретьен де Ваттевиль (1575-1621).
Достарыңызбен бөлісу: |