Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет33/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Айнымалы капитал – бұл құнын дайын өнімге бірден өткізіп және капиталдың әр айналымында иесіне ақшалай формада қайтатын өндірістік капиталдың бөлігі. Оларға: шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады.
Негізгі капитал физикалық және моральды тозуға ұшырайды.
Физикалық тозу – бұл негізгі капиталдың элементі қызмет етуге физикалық жарамсыз болып қалатын, нәтижесінде тұтынушы құнын шығындары пайда болатын үрдіс. Физикалық тозу табиғи күштердің әсерінен пайда болады. Физикалық тозуда екі жақты қарастырады:

  1. техникалық-өндірістік – тұтыну құнының жоғалуы;

  2. құндық – құнның дайын өнімге өтуі.

Моральді тозу- еңбек құралдарының құнының өзгеруі немесе барынша тиімді еңбек құралдарының пайда болуының нәтижесінде негізгі капиталдың құнсыздануы.
Моральді тозу екі түрінен жүзеге асыралады:
1) ұқсас, бірақ одан арзанға түсетін еңбек құралын шығару (бірінші жақты моральді тозу);
2) сол бағада өнімділігі жоғары еңбек құралдарын шығару (екінші жақты моральді тозу).
Негізгі капитал құнының оның қызмет ету мерзімі ішінде өндірілген тауардың құнына өтуі және оны амортизациялық аккумуляциялау амортизация деп аталады.
Амортизациялық қор негізгі капиталдың физикалық және моральді тозуына байланысты, оның өндірістік үрдістен шыққан элементтерін қайтадан қалпына келтіруге жұмсалады.
Физикалық және моральді тозуды есепке алудың амортизация нормаларын бекітудегі маңызы зор.
Амортизация нормасы – амортизациялық шегерістердің жылдық сомасының негізгі өндірістік капиталдың пайызбен көрсетілген жылдық орташа құнына қатынасы. Ол негізгі капиталдың құны қанша жылда қайтарылатындығын көрсетеді. Амортизацияны есептеудің негізгі екі әдісі бар:

Қайтарып алу – істен шыққан құралдардың орнына жаңа құралдар сатып алу. Капитал құрылымы оның айналу жылдамдығына әсер етеді. Ол белгілі бір кезеңде әдетте бір жылда (О), айналым санымен (N), немесе бір айналымның ұзақтығымен (о) анықталады:

N= =


Қор айналымының (Уақ) өндіріс уақытымен (Уө) және айналым уақытымен (Уа) анықталады, өйткені өндірістік қорлар өзінің айналысында өндіріс және айналым кезеңдерінен өтеді. Уақ = Уө+ Уа.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет