99
Қозғаушы сұрыптаумен қатар, табиғатта тұрақтандырушы сұрыптау да
кеңінен таралған. Біршама тұрақты орта жағдайларында тіршілік ететін
түрлерде болатын өзгерістер жағымсыз болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда аз
өзгерістерді тудыратын мутациялар сақталып, керісінше көп өзгеріс
тудыратын мутациялар жойылып отырады.
33-сурет. Қозғаушы сұрыптау көбелек түсінің өзгеруі
Тұрақтандырушы
сұрыптауда,
мысалы,
жәндіктер
арқылы
тозаңданатын өсімдіктер гүлінің бір шағын бөлігі ғана өзгереді.
Бұл сол
жәндіктің мөлшеріне ғана шақ келеді, ал олай болмаған жағдайда
тозаңдануға жағымсыз әсер еткен болар еді.
Мезозой дәуірінде пайда болған саусақ
қанатты балықтарға жататын
латимерия осы күнге дейін өзгеріссіз тіршілік етіп келеді.
34-сурет. Тұрақтандырушы сұрыптау латимерия балығы
Сол сияқты Қазақстанда кең тараған ақбөкен Кайнозой дәуірінен бері
қарай орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне қарамастан сақталып келеді.
Бұларды тұрақтандырушы сұрыптаудың нәтижесі деп білеміз.
Қозғаушы сұрыптау мен тұрақтандырушы сұрыптау бір-бірімен тығыз
байланысты. Қозғаушы сұрыптау қоршаған ортаның ауыспалы жағдайында
түрлердің өзгеруіне ықпал етеді. Ал тұрақтандырушы
сұрыптау біршама
тұрақты орта жағдайларында тиімді өзгерістерді сақтап, тұрақтандырып
отырады.
100
Сонымен, популяциядағы генетикалық
тұрғыдан талдау жасау
микроэволюция мен түр пайда болуының негізгі факторы — табиғи
сұрыптаудың механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: