Дайындық жұмыстары. Іс жүзінде геометриялық нивелир- леудің екі түрі кездеседі: ұзынабойлық нивелирлеу, яғни қандай да бір бағыттағы трасса бойымен нивелирлеу жəне алаңдарды нивелирлеу, бұл нивелирлеу түрі топографиялық түсірістерде көбірек қолданылады.
Ұзынабойлық нивелирлеу алдын ала таңдап алынған түзу не- месе сынық сызықты бағыттарда жүргізіледі. Бұл жағдайда трасса болашақ инженерлік құрылыстың (авто немесе темір жол, канал, электр жəне байланыс желілері, су, газ, мұнай құбырлары, т.т.) осі бойымен өтуі мүмкін. Дегенмен нивелирлеуді қолдану аясы өте
кең. Ол тірек торлары қосындарынан құрылыс алаңдарындағы нүктелердің (реперлердің) биіктік шамасын анықтау үшін, су көздеріндегі ізденіс жұмыстарында, топографиялық жəне геоло- гиялық түсірістерді жəне де басқа осыларға ұқсас жұмыстарда қолданылады. Трасса бойымен нивелирлеудің жұмыстарын тия- нақты қарастырып көрейік.
Трасса бойымен ұзынабойлық нивелирлеу жүргізу үшін ал- дын ала бірнеше жұмыстарды атқару керек: рекогнисцировка- лау (болашақ трасса бағытын шолып, ең тиімді бағытты таңдау), трассаны белгілермен қадалау, бағытын көрсету (вешание), трасса бойындағы белдемелерді (көлденең бөгеттерді, оны қиып өтетін басқа құрылымдарды, т.т.), бекеттерді, трасса бұрылыстарындағы жазық бұрыштарды жəне бұрылыс элементтерін өлшеп белгілейді. Бекетке бөлудің мағанасы мынада, трасса бойымен əр 100 м сайын бекеттерді (нүктелерді) белгілеп, жер бетімен бірдей қылып қазықша қағады жəне оның жанына қарауыл-қазық орнатып, оған трассаның басынан басталатын (бастапқы бекет нөлдік бекет деп аталады) бекеттің реті жазылады. Қарауыл-қазықшалардың жер бетінен биіктігі 25-30 см, алыстан көрінетіндей болуы керек. Тек қана бекеттер арқылы трасса бойының бедерін жəне оның бойындағы құрылымдарды толық көрсете алмайтындықтан, бе- кеттер арасындағы ойлы-қырлы, айтулы тұстарында (трассаны басқа трассалардың қиып өтетін тұстарында) аралық нүктелерді белгілейді. Бұл нүктелерді «плюстік» нүкте деп атайды, жəне де оны бекеттік нүктелер сияқты бекітеді. «Плюстік» нүктелердің жанындағы қарауыл-қазықшаға нешінші бекеттен бастап өлшен- генін, ол қанша метр жерде екені жазылады, мысалы, ПК 1+45, сонда қосындының бірінші цифры бекеттің реті, ал екінші цифр
«плюстік» нүкте бірінші бекеттен қанша жерде екенін көрсетеді. Трассаның басы жəне соңы, бүтін санды (шақырымдық) бе-
кеттер, бұрылу бұрыштары, бұрылыстардың басты элементтері тиянақты белгілермен бекітіледі. Оларды көбінесе ағаш баға- налармен бекітіп, оған түсініктемелерін жазып қояды. Мұндай белгілерді уақытша реперлер ретінде пайдаланады.
Трассаны нивелирлеу кезінде рейканы бекеттік, «плюстік» жəне жалғастырушы қазықшалардың (нүктелердің) үстіне (қа- рауыл қазықшалардың үстіне емес) жəне шақырымдық, бұрыш- тық бағаналар жəне бұрылыс элементтерін бекіткен бағанала-
рының арнаулы тұстарына (арнаулы тиянақтарына, кесіліп белгі- ленген тұстарына) ұстайды. Тексеру жалғастыру нүктелерді арқы- лы жүргізіледі, олар арқылы барлық нивелирленуші нүктелер биіктік бойынша бір-бірімен жалғасады. Өте ойлы-қырлы жерлер- де жалғастырушы нүктелер болып, негізінен «икстық» (иксовые) нүктелер алынады. Олар нивелирленуші бекеттердің өсімшесі рейкадан ұзын (биік) болған жағдайда пайда болады.
Егер нивелирлеу құрылыс алаңдарындағы реперлерге биіктік шамасын беру, тірек қосындарының биіктігін анықтау, топо- графиялық, геологиялық түсіріс, əртүрлі инженерлік ізденістер үшін жүргізілсе, онда рейканы қазықшалардың үстіне қоймайды. Мұнда арнаулы геодезиялық башмактер мен қазықшалар (косты- ли) қолданылады (56 в, г-суретті қараңыз).
Берілген дəлдік, нивелирлеу түрі, рейка мен нивелир типтеріне байланысты нивелирлеу жоспары жəне жұмыс істеу реті өзгеріп отырады.
Жоғарыда келтірілген шарттарға қарамастан, нивелирлеу кезінде төмендегі жалпы ережелер сақталуы керек.
Станцияларды (нивелирді орнататын тұсы) таңдау кезде сол жерден рейка жақсы көрініп, көздеу осінің биіктігі жер бетінен 30 см аз болмауы керек. Аспапты орнату кезінде, үштағанның екі аяғы трасса бағытына параллель болғанын қадағалап ор- натады. Нивелирді үштағанға қатты бекітпей, оның жоғарғы аспап орнататын алаңы мүмкіндігінше жазық жазықтықта жа- туын қадағалайды. Батпақты жəне құмды жерлерде рейканы башмактың үстіне емес, қазықшалар мен ұзын темір қазықтырды қағып пайдалынады. Рейка табанының таза болғанын қадағалап отырады. Екі рейканың нивелирден қашықтығы мүмкіндігінше бірдей болулары керек. Арақашықтықты рейка арқылы, дүрбінің арақашықтық өлшегіш тор жіптері, ұзын сым-темір немесе рей- ка ұстаушының адымымен өлшеуге болады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін, цилиндрлік деңгейдің осі, екі көтергіш бұранда бағытымен орнатылады, ал үшінші көтергіш бұрандамен аспапты қалыпты жағдайға келтіреді.
Станцияда нивелирлеу реті. НЛ-3 немесе НВ-1 нивелирі жəне екіжақты рейкалармен техникалық нивелирлеу жұмысын жүргізу ретін қарастырайық.
Нивелирді қалыпты жағдайға келтіріп алғаннан кейін,
дүрбіні соңғы (З) рейкаға бағыттап, рейка бейнесінің анық көрініп тұруын қамтамасыз етеді;
Цилиндрлік деңгейді ортасына келтіре отырып (элевацион- дық бұранда-тетікпен), соңғы нүктенің үстіне тік қойылған рей- каның қара жағынан есеп алады. Мысалы, 1522 есебі милли- метрмен, ешқандай үтір, нүкте қойылмай жазылады. Рейкадан есеп алу, деңгей көпіршігінің тура ортасында тұрғандығына көз жеткізіп барып іске асады;
Аспапты (жоғары жағын) алдыңғы рейкаға бұрып, деңгей көпіршігінің ортасында тұрғандығына көз жеткізіп, рейканың қара жағынан есеп алады;
Дүрбіні алдыңғы рейкаға бағытталған бетінде, орындаушы, рейка ұстаушыға рейканың қызыл жағын ұқыпты түрде аударып нүкте үстіне қоюын сұрайды; одан əрі жоғарыда айтылған ретпен рейканың қызыл жағынан есеп алады;
Дүрбіні соңғы рейкаға бұрып, оның қызыл жағынан есеп алады;
Рейканы трасса аралық нүктелерінің үстіне қойып, рей- каның екі жағынан есеп алады (тəжірибелі орындаушылар үшін, рейканың тек қана қара жағынан алуға болады).
Аспапты штативтен алмастан, рейканың қара жəне қызыл жақтарынан алынған есептер арқылы өсімшені есептейді де, оларды бір-бірімен салыстырады. Егер айырмасы 5 мм аспапса, бұл станцияда жұмыс дұрыс істелді деп, келесі станцияға аспап- ты көшіреді. Қате алынған (немесе қате жазылған) есептерді журналда өшірмейді, тек қана үстінен көлденең бір сызып қояды (қандай цифр жазылғаны көрініп тұруы керек). Нивелирлеуші (атқарушы) рейкалардың дұрыс ауысып тұрғандығын қадағалап отырады. Рейкалардың қара жəне қызыл жақтарынан есеп алу, рейка табандарының айырмасы арқылы тұрақты тексеріліп отырылады.
Н3 (НВ-1) нивелирі жəне екіжақты рейкамен инженерлік құрылыстың ұзынабойлық профилін түсіру үшін жүргізілген нивелирлік жұмыстың жазу, есептеу жұмыстарының үлгісі 7-кес- теде көрсетілген. Жазу реті жақша ішінде көрсетілген. Бастап- қы репердің №48, биіктігі 92,274 м нивелирлеу каталогынан алынған.
7-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |