Ұшу-қону алаңына ізденіс жұмыстарын жүргізу кезінде, оған жақын маңдағы ұшып-қонудың дұрыс, қалыпты жұмыс істеуіне кедергі (ғимарат, антеналар, электр желілерінің бағаналары, т.т.) биіктіктерін анықтау керек болады.
Кедергі биіктігін анықтау геодезиялық нивелирлеу əдісі арқылы іске асады.
Тік бұрышты өлшеу үшін, теодолитті биіктігі белгілі алаңда, кедергіге дейінгі S қашықтықта орналасқан бір нүктенің үстіне орнатады (95-сурет).
95-сурет. Кедергі биіктігін анықтау тəсімі
Суреттен кедергі биіктігі h = h1 – h2 . Өйткені h1 = S tq ; h2 = Stq онда h = S( tq + S tq ).
HC = HA + i +Stq , (146)
мұнда i – А нүктесінде орналасқан аспап биіктігі.
Егер В нүктесінің кедергі табанындағы биіктігі белгілі болса, онда жоғарғы нүктесінің биіктігі мына формуламен анықталады:
HС = HВ + S( tq + S tq ). (147)
Аэропорт территориясында құрылыс салу зонасы бар, ол қызмет – техникалық жəне тұрғын қалашығы құрылымдарынан тұрады.
Аэропорттың қызмет ғимараттарына аэровокзал, ангарлар, жанар-жағармай сақтау орындары жəне ұшуды ұйымдастыратын, көлікпен тасымалдау жұмыстарын қамтамасыз ететін арнайы құрылымдар жатады.
Қызмет-техникалық құрылымы ұшақтар тұрағына жақын, ұшу жолағының сыртында, қону жəне ұшуға кедергі болмайтын жерде орналасады.
Тұрғын қалашығы, барлық аэропорттың ұшу құрамы жəне қамсыздандыру қызметкерелерінің тұрғын үйлерінен, мəдени- тұрмыс жəне коммуналдық құрылымдардан тұрады.
Ұшу зонасына ұшу алаңы, ұшақтар тұрағы, бұрылу-бағыттау жолдары жатады.
Ұшақтардың ұшуы жəне қонуы үшін ұшу алаңында ұшу жолағы орналасады.
Ұшу жолағы арнайы цемент-бетон қабатынан тұрады. Ірі аэро- порттарда мұндай жолақтардың 2-3 салады, ал олардың ұзынды- ғы 2-3 км, ені 80-100 м болып келеді.
Сонымен бірге, ұшақтарды орналастыру жəне техникалық қызмет көрсететін арнайы орын салынады, бұл орын ұшу алаңынан тыс, бірақ ұшу жолағымен бұрылу, бағыттау жолымен жалғасқан. Бұл жолдардың барлығы бетон қабаттарынан тұрады. Ұшу алаңы айналасы бағытында орналасатын кеңістік ұшу алаңына жақындау маңы болып саналады, мұнда орналасқан тік
құрылымдар биіктігі шектелген.
Ұшу-қону операциясы қауіпсіз болуы үшін ұшу алаңы шеті- нен көкжиекке бағытталған көлбеу жазықтық, ұшақтың ұшу (көтерілу) немесе қалықтау бұрышына тең, жəне де барлық ұзын- дыққа кез келген кедергіден 10 м биік болуы керек.
Аэродром салуда оның жер асты инженерлік құрылымдарын жүргізу маңызды жұмыстар қатарына жатады: су бағыттау жү- йесі (дренаж жəне жауын, ақпа суы канализациясы, су жеткізу жүйелері. Бұл торлар жоғарыда айтылған инженерлік геодезия əдістерімен атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |