Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет1/5
Дата11.06.2016
өлшемі376 Kb.
#127870
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығына

қосымша


Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


17-шығарылым
«Абразивтер өндірісі» бөлімі

Астана 2009


Кіріспе

Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы № 130-ө бұйрығымен бекітілген, бұрын қолданыста болған БТБА 17-шығарылымының «Абразивтер өндірісі» бөлімі негізінде әзірленді.


Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды толық қамтымайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды; ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың түрлерін; өндірістік дабылдатуды, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшыларды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында, әдетте, көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттама сегіз разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

«АБРАЗИВТЕР ӨНДІРІСІ» бөлімі


§ 1. Құрғақтай ажарлау үшін ажарлайтын қажауқағаз жасайтын Аппаратшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аппретирлеу желісіндегі қосқыш машиналарға біліктер жүйесі арқылы кендір мата орамаларды толтыру. Аппретті қосқыш машинасының астауына құю. Біліктер арасындағы саңылаулар мен қысымды реттеу жолымен аппреттердің тиімді мөлшерін жағуды қамтамасыз ету. Кептіргіш агрегаттардың температурасын және желідегі тексеретін құрылғыларды реттеу жолымен аппретирлеудің ақауларын жою. Каландра және домалату машиналары арқылы маталарды реттеу және толтыру. Дайын ажарлайтын қажауқағаздарын орамдарға орау. Орау станогының мойынтіректеріне алмалы-салмалы штангаларды орнату. Ажарлайтын қажауқағазды барабанға – алмалы-салмалы штангаға толтыру. Ажарлайтын қажауқағазды орау жылдамдығын реттеу. Ажарлайтын қажау қағаздың сыртқы түріне қарап, сапасын бақылау және ақауды кесіп тастау. Ажарлайтын қажауқағаздарды орамдарға буып-түю және таңбалау.

Білуге тиіс: қосқыш машиналарының, кептіргіш агрегаттардың, қадағалау құрылғыларының, домалату машиналарының және орау станоктарының құрылғысын; ажарлау қабықшасының сапасын бақылау әдістерін; ажарлайтын қажауқағаздарын орау жылдамдығын реттеу әдістерін; шығарылатын ажарлайтын қажауқағаздарының түрі және түйіршіктігі бойынша түр-түрін.


§ 2. СИнтетикалық шайырларда ажарлайтын қажауқағаздар жасайтын Аппаратшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Маталар бумаларын (орамдарын) жеткізу. Тарқату станоктарына мата орамдарын орнату. Матаны станокта желімдеу. Аппрет-машиналардың біліктері арқылы мата негіздерін толтыру. Аппрет-машинаның ваннасына аппретирлеу ын беру және маталарды аппретирлеу. Аппрет-конвейердің біліктері арқылы аппретирленетін маталарды толтыру. Сіңдіргішті, талап етілетін түрі мен түйіршіктері бар, ажарлау материалдарымен зарядтау. Ваннаны желім ерітіндісімен немесе синтетикалық шайырмен толтыру. Аппрет-конвейерді қосу. Негізге байланыстырғыш және ажарлау материалдарын жағу, қабықшаны термоөңдеу. Электродтар арасындағы кернеуді және электродаралық кеңістіктегі ажарлау материалдарының қарқынды орналасуын реттеу. Ажарлайтын қажауқағаздарды орамдарға орау. Реостаттың көмегімен ажарлайтын қажауқағаздардың орау жылдамдығын реттеу. Ажарлайтын қажауқағаздардың сыртқы түрі бойынша ажарлайтын қажауқағаздың сапасын бақылау, ақауды кесіп тастау. Орамдарды буып-түю, таңбалау және дайын өнім қоймасына орналастыру.

Білуге тиіс: орау станоктарының, желім және лак жағу машиналарының құрылғысын; барлық бақылау және реттеуіш аспаптардың міндетін және қолдану шарттарын; аппрет-конвейердің жылдамдығын реттеу тәсілдерін; станок білектері мен аппрет-конвейр арасындағы ажарлайтын қажауқағаздары негіздерінің толтыру тәсімін; Ажарлайтын қажауқағаздың белгілі нөмірін алу үшін кенептің қозғалу жылдамдығын. Жағылатын байланыс материалдарының санын бақылау әдістерін; жасалатын ажарлайтын қажауқағаздың түйіршіктігіне қарай ерітінді ын; шығарылатын ажарлайтын қажауқағаздарының түрі және түйіршіктігі бойынша түр-түрін; орамға оралатын ажарлау қажауқағаздардың, оның түйіршіктігіне қарай саны.


§ 3. СИнтетикалық шайырларда ажарлайтын қажауқағаздар жасайтын Аппаратшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аппрет-машинаның ваннасына аппретирленетін ды беру және матаны аппретирлеу. Таңбалау клишелерін, тарту құрылғыларын толтыру және реттеу. Электростатикалық камералардың және гравитациялық қондырғысының жұмыс режимін, ажарлау материалдарын жағудың берілген тығыздығын қамтамасыз етуге арналған электродтар арасындағы кернеуді бақылау. Қағаз немесе мата бетіне негізгі және бекітуші қабаттарды жағуды бақылау. Термокамераларда жылу режимдерін түзету. Кептірудің температуралық аймақтары бойынша процестерінің технологиялық параметрлерін, өзекшелердің автоматты түсірілу және олардың орналасу жұмысын, кептіру камерасында гирлянда қозғалысын реттеу.

Білуге тиіс: шығарылатын ажарлайтын қажауқағаздың типіне қарай негіздерін толтыру тәсімдерін; қызмет көрсетілетін машиналар мен агрегаттарды басқару ережесін, орларды реттеу әдістерін; жұмыс композициялары мен дайын ажарлайтын қажауқағаздарды сақтау шарттары мен мерзімдерін; бақылау-өлшеу аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін.


§ 4. БакелизаторШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 800 С температураға дейін қыздырылған қалақ бұлғауыштарда ажарлау материалдарын бакелизациялау. Технологиялық картаға сәйкес вагонеткаларға бұйымдарды тиеу тәсімі мен сапасын тексеру. Қалыпталған бұйымдарды сыртқы түрі бойынша тексеру және механикалық зақымданған дөңгелектерді іріктеу. Көлемі, түйіршіктелгені және материалдары бойынша бұйымдарды бакелизациялау мен сипаттаудың температуралық режиміне қарай вагонеткаларды бакелизатордың туннелдеріне тарату. Бакелизатор камераларының тиімді қызмет етуін ескере отырып, вагонеткаларды бакелизаторға беру.

Білуге тиіс: қосалқы бұлғауыштардың құрылғысын; вагонеткаларда дөңгелектер тиеу тәсімін; қалыптаудан кейін механикалық зақымданған дөңгелектерді іріктеу қағидаттарын; бакелизацияға дейін төзімділіктің технологиялық уақытын; бакелизатор аймақтарының температуралық режимдерін; бұйымдардың сипаттама бойынша түр-түрін.


§ 5. Бакелизаторшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикалық және физикалық қасиеттеріне қарай, бұйымның параметрлерін тексерумен камералы және туннелді бакелизаторларда абразивтік бұйымдарды бакелизациялау. Соратын желдеткіштердің бақылау аспаптарының, желдеткіштернің және белгі лампаларының жұмысын бақылау. Бұйымның бакелизациясы мен сипаттамасының температуралық режимін ескере отырып, бакелизатордан бұйымдарды шығару. Ақауды айқындау және оларды сипаттамасы бойынша іріктеу. Химиялық дарды сіңдіру және қайта бакелизациялау әдісімен түзетілетін ақауларды қалпына келтіру. Бакелизаторды техникалық тексеруге және күрделі жөндеуге дайындау. Жөндеуден кейін бакелизаторды және бакелизация режимдерін реттеуді тексеру.

Білуге тиіс: мерзімдік және үздіксіз іс-қимылды (камералық және туннельдік) бакелизаторлардың конструкциясын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және реттеу ережесін; бакелизация режимдерін; сыртқы түрі бойынша ақау бұйымдарды алу қағидаттарын және түзелетін ақауларды жою әдістерін; апат кездерінде бакелизаторларды тоқтату және қосу тәсілдерін; бакелизаторға жөндеу жүргізу мен қосу үшін алдын ала жұмыстарға қойылатын техникалық талаптарды.


§ 6. Бакелизаторшы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік бұйымдарды камераларда және туннельдік бакелизаторларда бакелизациялау. Бакелизациялау аспаптары мен процестері бойынша бақылауды жүзеге асыру. Әртүрлі конструкциялық қондырғыларда химиялық дас абразивтік бұйымдарды сіңдіру. Сіңдіргіш қондырғыларды берілген жұмыс режиміне дайындау және оларды жөндеу. Қорларда қажетті вакуум, қысым жасау. Сіңдіру аларының қыздыру және балқыту температураларын реттеу. Абразивтік сіңдіру сапасын тексеру.

Білуге тиіс: мерзімдік және үздіксіз іс-қимылды (камералық және туннельдік) бакелизаторлардың, сіңдірілетін қондырғылардың құрылғысы мен конструкциясын; бакелизациялау мен сіңдірудің технологиялық процестерін; сіңдіру қондырғыларын жөндеу және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын реттеу ережесін.


§ 7. абразивтік шеңберлерді теңдеуші-құюшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы теңгерім станоктарында теңгерімнің үшінші және төртінші сыныптағы барлық өлшемдегі А және Б сыныптарының абразивтік бұйымдарын теңдеу. Станоктарға дөңгелектерді орнату және тексеру. Үлгілердің көмегімен шабу ұясын белгілеу. Жүк салмағын және оны бекіту орнын белгілеп, теңгерімсіздікті жою. Қорғасынды балқыту үшін электр пешті дайындау, балқыту үшін қорғасынды электр пештің камерасына . Абразивтік бұйымды парафинмен жеңіл сіңдіру әдісімен статикалық теңсіздікті жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін теңгерім станоктарының құрылғысын және жұмыс принципін; шеңбердің сипаттамасына қарай, жіберілетін және өтелетін теңгерімсіздікті; теңгерім станоктары жұмысының дәлдігін тексеруге арналған құралдарды; шабу ұясын белгілеу үшін қолданылатын үлгілер; шеңбердің теңсіздік шамасын айқындау әдістерін; қолданылатын қарсы салмақтар.


§ 8. абразивтік шеңберлерді теңдеуші-құюшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бірінші және екінші сыныптағы теңгерім бойынша бір типтес өлшемдегі абразивтік бұйымдарды, А және прецизия сыныбындағы абразивтік бұйымдарды – арнайы теңгерім станоктарында теңгеру. Қорғасынды балқыту режимін реттеу. Арнайы құрылғымен белгі бойынша пневматикалық балғамен ұя шабу. Ұяны сығылған ауамен тазалау және теңгерімсіздікті өтеу мақсатында оған қорғасын құю. Теңгерім станоктарын жөндеу және реттеу. Теңгерімсіздікті айқындау үшін бұрыштарды градуспен өлшеу, жүктің салмағын есептеу және оны бекіту орнын белгілеу.

Білуге тиіс: барлық конструкциядағы теңгерім станоктары мен қорғасынды балқытуға арналған электр пештерінің құрылғысын және жұмыс принципін; жіберілетін және өтелетін теңгерімсіздіктердің сыныптары; қорғасынды электр пешке және оның жұмыс режимін реттеу ережесін; шеңбердің қосымша бөлігін теңгеру, шабу және құю әдістерін; шығарылатын шеңбердің түр-түрін және сипаттамасын.


§ 9. вулканитті байланыстырғыштағы массаны Біліктеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. әртүрлі өлшемдегі табақтарды алу үшін илемдеу тоқпақтарында вулканитті байланыстырғыштағы массаны жаншып қақтау. Дайын шеңбердің берілген биіктігіне қарай табақтың қалыңдығын айқындау. Тығыздық пен түйіршіктелу бойынша вулканитті массаның сапасын тексеру. Саңылауға білік массаларын беру және жаншып қақтау, штангенциркулем табағының қалыңдығын өлшеу және дайын табақтарды түптерге тиеу. Шабу престерінде белгілі өлшемдегі шеңбер дайындамаларын, алдын ала калибрлі және бақылау қақтаулары арқылы өткізіп, шабу.

Білуге тиіс: илемді калибрлі және бақылау қақтауларының, шабу престерінің құрылғысы мен жұмыс принципін; қақтаулар арасындағы саңылауларды реттеу тәсілдерін; қолданылатын материалдардың түрлері түйіршіктелу нөмірлерін және сапаларын; қақтау және ораларды шабу тәсілдерін.


§ 10. вулканитті байланыстырғыштағы шеңберлердің вулканизаторшысы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр қыздырумен үздіксіз іс-қимыл вулканизаторларында бұйымдарды вулканизациялау. Дөңгелектерді вагонеткаларға тиеуге дайындау. Вагонеткаларға дөңгелектерді тиеу. Цех ішіндегі маневрлі көлік операцияларын жүргізу. Сыртқы түрі бойынша қалыпты бұйымдардың сапасын тексеру және механикалық зақымданған дөңгелектерді іріктеу. Температуралық режимге және типтік өлшемдер, түйіршіктігі және материалдары бойынша вагонеткаларды туннелдерге бөлу. Вагонеткаларды вулканизаторға беру.

Білуге тиіс: вулканизатордың құрылғысы және жұмыс принципі; вагонеткаларға дөңгелектерді тиеу тәсімін; қалыптаудан кейін сеханикалық ақаулықтары бар дөңгелектерді іріктеу принципі; сипаттамалары бойынша бұйымдардың түр-түрін; вулканизатор аймақтарының температуралық режимдерін; вагонеткаларды вулканизаторларға беру және оларды тиеу ережесін.


§ 11. вулканитті байланыстырғыштағы шеңберлердің вулканизаторшысы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр қыздырумен және вулканизациялаудан кейін бұйымдардың геометриялық параметрлерін тексерумен үздіксіз іс-қимыл вулканизаторларында бұйымдарды вулканизациялау. Бақылау аспаптарының жұмысын мерзімдік бақылау, вулканизация температурасын реттеу. Вулканизацияның температуралық режимдерін және бұйымдардың сипаттамасын ескере отырып вулканизаторлардан бұйымдарды түсіру. Вулканизациядан кейін бұйымдарды іріктеу.

Білуге тиіс: вулканизаторлардың конструкциясын; бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын; вулканизациялау режимдерін; бұйымдарды вулканизатордан шығару ережесін; вулканизациялаудан кейін бұйымдарды іріктеу ережесін; апат кездерінде вулканизаторды тоқтату және қосу тәсілдерін.


§ 12. ажарлау түйiрлерiн, ажарлау ұнтақтарын және шихталық материалдарды бөлшектеушi

                     3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдарды, керамикалық байланыстырғыш құраушыларын, шикізат және қорытпалардың қайтарма материалдарын шнектік, конустық, инерциялық, білікше және балға бөлшектерде, өзекшелі және доңғалақ диірмендерде, басқа да бөлшектеу-ұнтақтау жабдықтарында құрғақ және дымқыл тәсілдермен бөлшектеу және ұсату. Материалдарды, суды беруді реттеу және есеп жүргізу.

Білуге тиіс: шнектіқ, конустық, инерциялық, білікше және балға бөлшектердің, өзекшелі және доңғалақ диірмендердің және сонымен байланысты тасымалдау жабдықтарының, мөлшерлеуіштердің, сіңдіргіштердің құрылғысын және жұмыс принципін; агрегаттың жекелеген механизмдерін қосу және тоқтату жүйелілігін; абразивтік материалдардың, керамикалық байланыстырғыш құраушыларының, қорытпалардың шихталы және қайтарма материалдарының түрлері мен оларға қойылатын талаптарды.


§ 13. ажарлау түйiрлерiн, ажарлау ұнтақтарын және шихталық материалдарды бөлшектеушi

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдарды, керамикалық байланыстырғыш құрауыштарын, шикізат және қорытпалардың қайтарма материалдарын бөлшектеу және ұнтақтау жабдықтарында құрғақ және дымқыл тәсілдермен бөлшектеу және ұсату. Бөлшектеу мен ұсатудың берілген сапалы және санды тәсіміне сәйкес бөлшектеу және ұнтақтау жабдықтарын жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бөлшектеу, ұнтақтау және олармен байланысты тасымалдаушы жабдықтардың конструкциясы мен кинематикасын; агрегаттағы жекелеген механизмдерді автоматтандыру және блоктау тәсімін; агрегат механизмдерінің жұмыс режимін; тиеу нормаларын және өзекшелер мен доңғалақтардың түр-түрін; шығарылатын өнім стандарттарын және оларға қойылатын техникалық шарттарды.


§ 14. абразивтік Массаны дайындаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конструкциясы әртүрлі араластырғыш машиналарда керамикалық байланыстырғыштағы массаны дайындау. Құрауыштарды өлшеу, ауыстыру және оларды араластырғышқа тиеу. Массаның дайын болған дәрежесін байқау, оны түсіру және өлшеп орау. Керамикалық байланыстырғыш құрауыштарын дайындау. Құрауыштарды араластыру арқылы керамикалық байланыстырғыштарды дайындау. Байланыстырғыштардың дайын болғандығын белгілеу, дайын байланыстырғышты түсіру, оны тазалау және ыдыстарға .

Білуге тиіс: араластырғыш және көтергіш-көлік жабдықтарының құрылғысын және қызметтерінің принципін; байланыстырғыш құрауыштарына қойылатын талаптарды, олардың түрлерін, міндетін және қасиетін; байланыстырғыштардың дайын болғандығын және сапасын белгілеу әдістерін; абразивтік массаны дайындау үшін, оның рецептурасына қарай, бастапқы материалдардың түр-түрін.


§ 15. абразивтік Массаны дайындаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конструкциясы әртүрлі араластырғыш машиналарда кермикалық байланыстырғыш массасын дайындау. Ұсақ түйіршіктелген масса үшін тартылған құрауыштардың жіңішкелігіне қарай шарларды іріктеу. Рецептке сәйкес құрауыштардың ілмегін есептеу. Ажарлайтын бұйымдардың сипаттамасына қарай араластыру режимін. Құрауыштардың дымқылдығына және тартылған байланыстырғыштардың жіңішкелігіне қарай судың мөлшерін түзеу. Берілген рецептура бойынша құрауыштарды өлшеу үшін автоматты таразыларды теңшеу. Микроұнтақтардан құйылған қайрақшалар мен дірілдісырттазартқыш денелерге абразивтік масса дайындау. Себу сапасын және дайындалатын абразивтік материалдардың дайындығын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды және құрылғыларды баптау және реттеу.

Білуге тиіс: конструкциясы әртүрлі қызмет көрсететін араластырғыш машиналардың құрылғысы мен қызмет қағидаттарын; абразивтік массаға қойылатын талаптарды; қолданылатын материалдардың түрлері, сорттары және түйіршіктілігі; массаның дайын болғанын және сапасын қарап айқындау; қызмет көрсетілетін жабдықтар мен құрылғыларды жөндеу және реттеу тәсілдерін.


§ 16. абразивтік Массаны дайындаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Престеу жабдықтарының ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, престерге бір қалыпты беруді ескере отырып, керамикалық байланыстырғыш массаларды дайындау. Араластырудың жалпы циклін ескере отырып, белгілі жүйелілікпен белгілі уақыт өткеннен кейін құрауыштарды араластырғыштарға тиелуін және мөлшерлеуді бақылау. Престердегі қалған массаларды қайта пайдалану және шеңберлердің шикі ақауларын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикасын, электр тәсімін және дәлдікке тексеру тәсілдерін; шеңберлер өндірісінің технологиясын; массаның рецептурасын, оны араластыру режимдерін; берілген рецептураға қарай құрауыштарды тиеудің технологиялық тәртібін; шикі ақауды қалпына келтіру және массаны қайта пайдалану әдістерін; массаның тұру уақытын.


§ 17. бакелитті, вулканитті және эпоксидті массаны дайындаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Араластырғыш машиналарда бакелитті және вулканитті массаларды дайындау. Тоқпақтарды каучуктың белгілі мөлшерімен, ұнтақ тәрізді құрауыштармен, абразивтік түйірлермен толтыру. Құрауыштардың әрқайсысының біліктердің ұзындығы бойынша біркелкі таралуын қадағалау. Біліктер арасындағы саңылауларды реттеу. Біліктердің температурасын қадағалау және дайындалатын массаның дайын болған дәрежесі мен сапасын айқындау.

Білуге тиіс: тоқпақтардың құрылғысын және жұмыс принципін; қолданылатын материалдардың міндетін және олардың қасиетін; байланыстырғыш пен массаның әрбір түрін дайындаудың рецептурасын; тоқпақтау тәсілдерін; байланыстырғыштарды сақтау ережесін; дайындалатын массаның дайын болған дәрежесі мен сапасын айқындау әдістерін.


§ 18. бакелитті, вулканитті және эпоксидті массаны дайындаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Араластырғыш машиналарда бакелитті, вулканитті және эпоксидті массаларды дайындау. Талап етілетін құрауыштардың санына қарай мөлшерлегіштердің импульс санын айқындау. Дайындалатын массаның түйіршіктілігіне қарай електерді іріктеу. Дымқылдағышты дайындау. Қажетті мөлшерде және белгілі жүйелікте құрауыштарды араластырғыш машиналарға тиеу, мөлшерлеу және орналастыру. Дайындалатын массаның дайын болғандығын және сапасын қарап айқындау. Берілген рецептура бойынша құрауыштарды өлшеу үшін автоматты таразыларды орнату. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды теңшеу және реттеу.

Білуге тиіс: конструкциясы әртүрлі араластырғыш машиналардың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; түрлері, сорттары және түйіршіктілігі бойынша қолданылатын материалдарды; бакелиттің, дымқылдағыштардың созылымдылығы; массаны жасау рецептурасын және араластыру режимдерін; дайындалатын массаның дайын болған дәрежесі мен сапасын айқындау әдістерін.


§ 19. бакелитті, вулканитті және эпоксидті массаны дайындаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Уақ сериялар өндірісі және тәжірибе-эксперименталдық жұмыстар үшін конструкциясы әртүрлі араластырғыш машиналарда дымқылдығына, түйірлігіне, толтырғыштығына қарай, физикалық-механикалық қасиеттерінің өзгеру жылдамдығымен бакелитті және вулканитті массаны дайындау. Сұйық бакелиттің созылмалылығына қарай массаның дымқылдығын түзеу. Араластырудың температуралық режимін белгілеу.

Білуге тиіс: конструкциясы әртүрлі араластырғыш машиналардың кинематикасын; массаның физикалық-механикалық қасиетін; массаның салмағын түзеу тәсілдерін.


§ 20. Мерзімдік күйдіру пештеріне абразивтік бұйымдарды Тиеуші-түсіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік бұйымдарды мерзімдік күйдіру пештеріне тиеуге дайындау. Шашылатын материалды себу орнына жинақтау және орналастыру. Електердегі фракция бойынша шашылатын материалдарды себу. Абразивтік бұйымдар мен отқа төзімді құралдарды пешке апару. Отқа төзімді тақталарды, тіреулерді және шығыршықтарды шашылатын материалдардан тазалау.

Білуге тиіс: шашылатын материалды себу үшін електердің құрылғысын; абразивтік бұйымдар мен отқа төзімді жинақтарды орналастыру тәсілдерін.


§ 21. Мерзімдік күйдіру пештеріне абразивтік бұйымдарды тиеуші-түсіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мерзімдік күйдіру пештеріне қолмен әрі механизмдердің көмегімен абразивтік бұйымдарды тиеу және түсіру. Маршруттық қағаздарға сәйкес партиялар бойынша сұрыптау алаңына бұйымдарды орнату. Бұйымдарды сұрыптау.

Білуге тиіс: күйдіру пештеріне абразивтік бұйымдар мен отқа төзімді жинақтарды тиеу және түсіру тәртібі мен тәсілдерін; механизмдерді басқару ережесін; абразивтік бұйымдардың түр-түрін.


§ 22. Мерзімдік күйдіру пештеріне абразивтік бұйымдарды тиеуші-түсіруші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мерзімдік күйдіру пештеріне тікелей бейінді бұйымдарды, сондай-ақ ПН, ПНВ, ПВ, ПНР типті ажарлау шеңберлерін қолмен әрі механизмдердің көмегімен тиеу және түсіру. Тиеуге арналған бұйымдардың партияларын іріктеу.

Білуге тиіс: күйдіру үшін салынатын абразивтік бұйымдар мен отқа төзімді жинақтардың түр-түрін; күйдіру пештерінің температуралық аймақтарын; күйдірілетін бұйымдарды тиеу тәсімін және тәсілдерін; механизмдерді басқару ережесін; абразивтік материалдар мен керамикалық байланыстырғыштардың негізгі қасиеттерін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет