Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет13/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
§ 102. СІҢДІРУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрғақ әдіспен және сулы жинау әдісімен вакуум сіңдіргіш құрылғыларда жинақталған қағаз конденсаторлар мен арнайы жоғары вольтты конденсаторларды сіңдіру және вакуумды жағу. Секцияларды сіңдіру және нитрат марганецті судың буында пиролитикалық орналастыру. Электродты өндіріс бұйымдарын сіңдіру. Температураға және вакуум дәрежесіне байланысты уақыт бойынша режимді есептеу. Талдау нәтижелері және сыртқы түрі бойынша салмақтың жарамдылығын айқындау. Электронды және сынап аспаптардың көмегімен вакуумды өлшеу. Сіңдіру құрылғыларын пайдалану үшін дұрыстығын тексеру. Вакуум майын пайдаланудағы сапасын және жарамдылығын айқындау. Сіңдірілген конденсаторлардың электр параметрлерін өлшеу жолымен сіңдіру сапасын айқындау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сіңдіру құрылғыларының құрылғысы, электр, вакуум тәсімдері; құрылғылардың ақауларын жөндеу және тексеру ережесі; (вакуум, электр параметрлер дәрежесін өлшеуге арналған) бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, сіңдіру массасының, вакуумды және майлардың қызметі, қасиеті және техникалық сипаттамасы; жоғары вакуумды қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдері; бұйымдардың сіңдіру режимінен электр параметрлердің тәуелділігі; вакуум және температура дәрежесіне байланысты уақыт бойынша сіңдіру ұзақтығын түзету тәсілдері; орындалатын жұмысқа қатысты электр техникасы мен вакуум техникасының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Оксидті-жартылай өткізгіш конденсаторлар анодтары – кейіннен оны құрылғыларда орналастыра отырып азотты қышқыл марганец ерітіндісінде, су буында сіңдіру.

2. Арнайы түзулегіштер – жинақтау және сіңдіру.

3. "Малютка", "Габарит", "Фактор", “Радиатор" үлгідегі саны 22-ге дейінгі жапырақты бұйымдар - ЭП- 49Д/2 жалған нығыздалған қабатты термореактивті ұнтақпен герметизациялау.

4. Істікше шықпалы платаларда жасалған бұйымдар, баспа монтаждау тәсімдеріне арналған – герметизациялау.

5. Құрғақ әдіспен құрастырылған қағаз, жиынтықталған, пленкалы конденсаторлар – сіңдіру.

6. Дымқыл құрастырылған жоғары вольтты арнайы конденсаторлар – сіңдіру.

7. Жинамалы оправалы тәжірибелі термостаттар – 102 т. өнім құю.

8. Тороидальды трансформаторлар мен дроссельдер, трансформатор катушкалар мен дроссельдер (арнайы) – машықтандыру режиміндегі эпоксидті компаундармен вакуумды сіңдіру; кептіру шкафтарында полимерлеу.
§ 103. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ КЕСУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Фольга табақтарын механикалық қайшылармен жолақтай, сондай-ақ сыртқы шықпаларды кесу. Фольга жолақтарында дәнекер қабатты ыстықтай балқыту. Орамалардан фольга табақтарын дайындау және муфельді пеште оларды күйдіру. Күйдіргеннен кейін табақтарды сұрыптау. Қылтанақтарды алу және жолақтарды тегістеу. Фольга табақтарын оңтайлы пішуді айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі; механикалық қайшылар мен муфельді пештің құрылғысы мен техникалық пайдалану ережесі; фольганы кесуге және қалайылауға қойылатын талаптар; шықпаларды кесуде және фольгаларды қалайылауда қолданылатын кесетін және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі; фольганың негізгі қасиеттері; шықпаларды, фольга табақтарын кесу, сондай-ақ оны қалайылау және ыстықтай балқыту процестері.


§ 104. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ КЕСУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оралған магнит сымдарды кемінде 0,3 мм жүрекшелердің параллельді емес кесіктерінің, кемінде 0,5 мм. перпендикулярлы жазықтық, 1 мм-ден аспайтын симметриялы емес жүрекшелердің дайындамаларын қолмен беретін айлабұйымдар мен станоктарда кесу.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтың құрылғысы, жұмыс істеу принципі, елеусіз ақаулықтарын жою ережесі; кесетін аспапты толтыру және орнату ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы; орындалатын жұмыс көлемінде электр- және радиотехниканы.

Жұмыс үлгілері: 0,75 мм қалыңдықтағы болаттан оралған магнит сымдар – қолмен беретін айлабұйымдар мен станоктарда кесу.
§ 105. ЭЛЕКТОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ КЕСУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 0,3 мм-ден аспайтын тесік жүрекшелері параллельді емес, 0,2 мм-ден аспайтын жазықтығы перпендикуляр емес, кемінде 0,5 мкм - жартылай сақиналары симметриялы емес, кемінде 2,5 мкм - беті кедір-бұдыр кесудің көп тұтқалы жартылай автоматтарында және фрезерлік станоктарда электр техникалық болаттан дайындалған қалыңдығы 0,35 мм, ені 5...80 мм магнит сымдар дайындамаларын кесу. Жабдықтарды дайындамаларды кесу режиміне дайындау. Кесу агрегатының жұмысындағы шағын ақаулықтарды анықтау және жою. Кесетін аспаптарды ауыстыру. Магнит сымдарды кесу сапасын бақылау, оларды арнайы термошкафтарда кептіру.

Білуге тиіс: Магнит сымдарды кесетін көп тұтқалы жартылай автоматтардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі, жөндеу ережесі; кесетін аспапты таңдау, орнату және оны жұмыс істеп тұрғанда тексеру; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың түрлері мен жұмыс істеу принциптері; кедір-бұдырлық квалитеттері және параметрлері; магнит сымдарды электромагнит параметрлері бойынша тексеру әдістері; орындалатын жұмыс көлемінде электр және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Ені 5...40мм оралған магнит сымдар - кесетін көп тұтқалы агрегаттарда көлденеңінен кесу.

2. Оралған магнит сымдар – фрезер станоктарда көлденеңінен кесу.
§ 106. ЭЛЕКТОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ КЕСУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 0,2 мм-ден аспайтын тесік жүрекшелері параллельді емес, 0,1 мм-ден аспайтын жазықтығы перпендикуляр емес, кемінде 0,2 мкм - жартылай сақиналары симметриялы емес, кемінде 0,63 мкм - беті кедір-бұдыр кесудің көп тұтқалы жартылай автоматтарында және фрезерлік станоктарда электр техникалық болаттан дайындалған қалыңдығы 0,05...0,15 мм, ені 5...80 мм магнит сымдар дайындамаларын кесу. Экспериментті және тәжірибелік үлгілерді кесу. Жабдықтарды берілген режимге реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу. Магнит сымдарды кесу кезінде ақауларды анықтау және жою. Магнит сымдарды кесу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: Магнит сымдар мен фрезерлік станоктарды кесетін көп тұтқалы жартылай автоматтардың қызметі, жұмыс істеу принципі және жөндеу ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу тәсілдері; айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың құрылғысы; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; электр магнитті паратметрлер бойынша магнит сымдарды тексеру әдістері; орындалатын жұмыс көлемінде электр және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Ені 5...80мм оралған магнит сымдар - кесетін көп тұтқалы агрегаттарда көлденең кесу.

2. Оралған магнит сымдар – ұзына бойы кесу.

§ 107. РЕНТГЕНГОНИОМЕТРИСТ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пластина (пьезокварц, германий және кремний кристалдары) кристалының кесетін бұрышын рентгенгониометрдің көмегімен белгілеу. Рентгенгониометр шкаласы бойынша 1-2'-ге дейінгі дәлдікпен кесетін бұрыштарды түзетуді есептеу және пьезокварц пластинасына деректерді түсіру. Рентгенгониометрдің көмегімен кесетін бұрыш бойынша блоктарды, секцияларды және суда ерігіш кристалдар пластиналарын бағдарлау. Керосинді шлифұнтақпен тегістейтін тақтада кесетін бұрышты суда ерігіш кристалдардың пластиналары мен блоктардың сыртқы бетін тегістеу. Блоктың бақылау тараптарын бұрыштама бойынша тексеру және тегістеу. Эталонның көмегімен рентгенгониометрді теңшеу және оны жұмыс процесінде реттеу. Теңшеу журналын жүргізу. Берілген кесу бұрышы бойынша айлабұйымдарды алмастыру. Рентгенгониометрді тазалау және майлау.

Білуге тиіс: рентгенгониометрдің жұмыс істеу принципі мен техникалық пайдалану; рентгенгониометрді теңшеу ережесі және айлабұйымдарды алмастыру; рентгенгониометрдің көмегімен кристалдардың және пьезокварц пластиналарының кесілетін бұрыштарын айқындау ережесі және принципі; бұрыштарды белгілеуге рұқсат беру, түзету тәртібі; суда ерігіш кристалдар блоктары мен пластиналарын бағдарлау және тегістеу тәсілдері; орындалатын жұмыс көлемінде электр және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Пьезокварц кристалдары мен пластиналары - рентгенгониометрдің көмегімен Z шарты ось бойынша ± 3 минуттық, Х(У) шартты ось бойынша ±10 минуттық дәлдікпен дифракциялық ең жоғарғы қисық сызық бойынша кесуді бағдарлауды айқындау.

2. Кварц пластиналар - ±З' .....±10' жол берілетін кесу бұрышы бойынша бағдарлау және оларды сұрыптау; түзету үшін түзету бұрыштарын жазып отыру.

3. Секциялар мен блоктар - жол берілетін ±10' бұрыш бойынша бағдарлау.
§ 108. РЕНТГЕНГОНИОМЕТРИСТ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. «Енсіз аша» әдісімен 1' – ге дейінгі дәлдікпен рентгенгониометрдің көмегімен пьезокварц пластиналарды бағдарлау. Берілген кристаллографикалық жазықтықта германий және кремний құймаларын, пластиналарын бағдарлау. Кез келген кескілерді бағдарлау үшін атомдық жазықтықты таңдау. Тегістеу станоктарында ±3' дәлдікпен берілген бұрыш бойынша тегістеу және кристаллографиялық осьтер бойынша платаларға пластиналарды жапсыру. Рентгенгониометрді атомдық жазықтықтың эталоны бойынша тексеру.

Білуге тиіс: тегістеу станоктарының құрылғысы, жұмыс істеу принципі және техникалық пайдалану ережесі; рентгенгониометр құрылғысы; тегістеу ұнтақтарының маркалары мен қызметі; кристаллографиялық ось бойынша платаларға пьезокварцты пластиналарды жапсыру ережесі; өлшеу аспаптарының (шаблон, микрометр, лекальды бұрыштама және сызғыш, ұзындықтың соңғы өлшемдері) қызметі мен қолдану; пьезокварцтың негізгі қасиеттері; тегістеу станоктарында рентгенгониометр көмегімен пьезокварцты пластиналарды бағдарлау тәсілдері мен берілген бұрыш бойынша тегістеу. Орындалатын жұмыс көлемінде пьезокварцты кристалдандыру.

Жұмыс үлгілері

1. Кристаллдар, галька, блоктар, пьезокварц пластиналары - рентгенгониометр көмегімен Z шартты ось бойынша ± 1 минут дәлдікпен, Х(У) шартты ось бойынша ±5 минуттық дәлдікпен ең жоғарғы дифракциялық қисық сызық бойынша кесетін жерін белгілеу.

2. Кварц пластиналар - Z шартты ось бойынша ±2 минуттық дәлдікпен, Х(У) шартты ось бойынша ±5 минуттық дәлдікпен - тегістеу әдісімен кесетін бұрышты түзету; жол берілетін ±1'........±3' кесетін бұрыш бойынша бағдарлау.
§ 109. РЕНТГЕНГОНИОМЕТРИСТ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рентген талдауы үшін үлгілерді дайындау. 30" –дейінгі дәлдікпен рентгенгониометр пластиналарын бағдарлау. Платаларға кристаллографиялық ось бойынша жапсыру және берілген бұрыштар бойынша тегістеу. "0" есептегішті және "0" үлгілі кезеңдік тексеру және оларды түзету. Қондырғыны ішінара түзету.

Білуге тиіс: тегістеу станоктарында берілген бұрыштар бойынша рентгенгониометрмен және тегістеуді бағдарлау тәсілдері; "0" есептегіш пен үлгіні тексеру, тегістегіш ұнтақтардың маркалары мен қызметі; өлшеу аспаптарының (шаблон, микрометр, лекальды бұрыштама және сызғыш, ұзындықтың соңғы өлшемдері) қызметі мен қолдану; орындалатын жұмыс көлемінде физика, электроника және кристаллографияның негізгі ұғымдары.

Жұмыс үлгілері

1. Кристаллдар, блоктар, пьезокварц секциялары - рентгенгониометр көмегімен ± 2 минуттық дәлдікпен ең жоғарғы дифракциялық қисық сызық бойынша кесетін жерін белгілеу.

2. Секциялар, пьезокварц блоктары - Z шартты ось бойынша ±2 минуттық дәлдікпен, Х(У) шартты ось бойынша ±3 минуттық дәлдікпен - тегістеу әдісімен кесетін бұрышты түзету.
§ 110. РЕНТГЕНГОНИОМЕТРИСТ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рентгенгониометрдің көмегімен 15 секундқа дейінгі дәлдікпен қисық және екі түрлі қисық кесіктерді бағдарлауды айқындау. Ауыспалы блоктарды екі түрлі кесіктерге бағдарлау. Бұрыштық түзетулердің көлемі мен белгісін есептеу. «Енсіз аша» әдісімен 10-15 секундтық дәлдікпен кварц пластиналарды өлшеу. Берілген жазықтық бойынша бағдарлауды айқындау және берілген атомдық жазықтықта эталон құйма бойынша бағдарлаудың дұрыстығын кезеңімен тексеру. Құрылғыны, гонометриялық бастауды қоса жөндеу, түтікше және есептегішті түзету. Кристалл ұстағыштарды орнату және бекіту.

Білуге тиіс: рентген аппаратының тәсімін; рентгенспектральді талдау жүргізу кезінде рентген құрылғысын және гониометрикалық құрылғыны теңшеу ережесін; бейнеленген рентген сәулесінің тігінен шығынының кварц пластиналарды өлшеу дәлдігіне әсері; әртүрлі кесілген рентгенгониометр құрылғыларының есептік бұрыштарын есептеудің әдістемесі; Шкалалардағы градустың жүздік үлесінде градусталған биссекторлармен жұмыс істеу тәсілдері; құрылғыларды түзету; физика мен оптиканың негізгі ұғымдары.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Кристаллдар, блоктар, пьезокварц пластиналары - рентгенгониометр көмегімен «енсіз аша» әдісімен Z шартты ось бойынша ± 10 секундтық дәлдікпен, Х(У) шартты ось бойынша ±1 минуттық дәлдікпен кесетін жерін белгілеу.

2. Пьезокварц пластиналар - Z шартты ось бойынша ±30 секундтық дәлдікпен, Х(У) шартты ось бойынша ±1 минуттық дәлдікпен тегістеу әдісімен кесетін бұрышты түзету.

3. Пьезокварцты өз бетімен кесу - ±30 секундтық дәлдікпен экваториальды өлшеулер.
§ 111. РЕНТГЕН МЕХАНИГІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рентген жабдығының механикалық және электр бөлігінің жай-күйін бақылау. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Рентген аппарат пен рентген түтікшелерді ағымдағы жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: рентген жабдығының механикалық және электр бөлігінің құрылғысы; рентген аппараттың жұмыс істеу принципі; рентген түтікшенің жұмыс режимі; слесарлық және электр монтаждық іс және электронды аппаратураны жөндеу әдістері; электр техникасы және рентген техникасы негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. РУП үлгідегі өндірістік рентген құрылғысы – жинақтау, бөлшектеу, тазарту.

2. МТР-3И, МТР-4 рентген телевизиялық микроскоп – қашау, синхрогенератор, бейнекүшейткіш, қоректендіру блогын электрмен реттеу.

3. МТР-6 рентген телевизиялық микроскоп – ағатын жерлерді іздеудің вакуумдық жүйесінің тораптары мен бөлшектерін вакуумға тексеру.

4. Рентген түтікшелер – бөлшектер бойынша ортаға келтіру.

5. «УРС», «Ригаку», ПГ-30, ДРК-2 – жөндеу және баптау.


§ 112. РЕНТГЕН МЕХАНИГІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рентген құрылғылары мен жабдықты жөндеу және монтаждау. Рентген құрылғыларды ағымдағы жөндеуден кейін жарату және режимге енгізу. Күш, жарықтандыру желілерін және дабыл қағу желісін жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықты орташа жөндеу.

Білуге тиіс: түрлі рентген аппараттар мен құрылғылардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптері; әртүрлі жүйе және құрылымдардың рентген түтікшелерінің жұмыс істеу режимі; слесарлық және электр монтаждық іс пен электронды аппаратураны жөндеу тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықты орташа жөндеу өндірісінің мерзімдері; электроника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. МТР-6 микроскобы, рентген телевизиялық - вакуум тораптарды механикалық реттеу; қашықтықтан басқару тораптарын және көтеру тетігін электр механикалық реттеу; жылжыту көздерін, қоректендіру тірегінің жекелеген блоктарын электрмен реттеу.

2. МТР-ЗИ, МТР-4 микроскобы, рентген телевизиялық - пайдалану кезінде кешенді теңшеу және жөндеу; рентген блоктарды электр механикалық реттеу, телевизиялық трактты кешенді теңшеу және жөндеу.

3. РУП үлгідегі өндірістік рентген құрылғысы – электр механикалық реттеу.


§ 113. РЕНТГЕН МЕХАНИГІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі рентген құрылғылары мен жабдықтың құрылғысы, жөндеу және монтаждау. Барлық жүйедегі рентген камераларды түзету. Рентген құрылғыларын зерттеп тексерушілер тапсырған режимде пайдалану. Рентген құрылғылар мен камераларды, оның ішінде прецизионды күрделі жөндеу. Рентген құрылымдық және рентген спектральді талдау зертханасының жабдықтарын күрделі жөндеу.

Білуге тиіс: зертханалық жабдықтарда орнатылған түрлі үлгідегі өлшеу аспаптарының құрылымы, тексеру тәсілдері және ережесі; түрлі күрделіліктегі жөндеу өндірісінің тәсілдері; күрделі бөлшектерді орнату, бекіту және тексеру тәсілдері; рентген құрылымдық талдау әдісінің физикалық негіздері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Әртүрлі үлгідегі дифрактометрлер - қызмет көрсету, реттеу, жөндеу.

2. "Дрон-1" - реттеу және жөндеу.

3. "Микрофлекс" - қызмет көрсету, реттеу.

4. МТР-6 микроскобы, рентген телевизиялық - пайдалану процесінде кешенді теңшеу және жөндеу; ЭОС және вакуум жүйесін электрмен реттеу.

5. МТР-3И; МТР-4, МТР-6 микроскобы - рентген блоктарды, қоректендіру тіректерін және жекелеген блоктарды электрмен реттеу; рентген сәулелену көздерін механикалық реттеу.
§ 114. ПРЕЦИЗИОНДЫҚ ФОТОЛИТОГРАФИЯНЫҢ РЕТУШЕРІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Таңбалау матрицалары мен тауар белгілеріндегі негативтерді өңдеу. Элементтердің ернеулерінен кетірілген нүктелер мен сызаттарды өңдейтін бояумен бояу. Негативтердегі ашық түсті дақтарды ортақ тонмен бояп жабу.

Білуге тиіс: фотографиялық бейнелерді алу принципі; пленкада дайындалған күрделі емес негативтердегі нүктелер мен сызаттарды қылқаламның көмегімен өңдеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Тауар белгілері мен таңбалау матрицаларының негативтері – техникалық бояу және қылқаламның көмегімен нүктелер мен сызаттарды бояп жабу.

2. Қанбаған мәтінді тізімдеме тәсімдерінің фотошаблондары - өңдеу.

3. Шильдиктердің фотошаблондары - № 5 шрифті мәтінді өңдеу.


§ 115. ПРЕЦИЗИОНДЫҚ ФОТОЛИТОГРАФИЯНЫҢ РЕТУШЕРІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әйнекте және пленкада жасалған негативтерді жоғарырақ білікті ретушердің нұсқауы бойынша өңдеу. Әйнекте және пленкада жасалған микротәсім негативтерінің ақауларын айқындау. Өңдеу үшін аспапты (ұстынды қылқалам) толтыру.

Білуге тиіс: негативтер мен диапозитивтердің сапасына қойылатын техникалық талаптар, әйнек пен пленкада жасалған микротәсімдердің негативтері мен диапозитивтерінің ақауларын жабу тәсілдері; өңдейтін бояу рецептурасы және оны жағудың тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Микротәсімдердің негативтері - нүктелер мен сызаттарды қылқаламмен бояп жабу.

2. Таңбалау матрицалары мен платаларының негативтері – ақауларды қылқаламмен бояп жабу және скальпельмен тазалау.

3. Орташа қаныққан суретті тәсімдердің, тізімдемелердің фотошаблондары - өңдеу.


§ 116. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯНЫҢ РЕТУШЕРІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әйнек пен пленкада жасалған негативтер мен микротәсім диапозитивтерін микроскоптың көмегімен техникалық өңдеу. Микротәсімдердің негативтердегі және диапозитивтердегі элементтердің ернеулерінен 0,2 мм-ге кетірілген фотографиялардың ақауларын (нүктелер, сызаттар) жою. Жоғары дәлдікті талап етпейтін негативтер мен диапозитивтердің ернеулеріндегі ақауларды қылқаламмен түзету.

Білуге тиіс: басатын және бос жерлердің баспа тәсілі бойынша тиісінше пайда болу принциптері, баспаның түрлі тәсілдерінде ақ-қара бейнелеу үшін негативтер мен диапозитивтердің сапасына қойылатын техникалық талаптар; фотопленкалардың сорттары; ерітінділердің рецептурасы және оларды қолдану; микроскоптың құрылғысы мен пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Платалардың негативтері мен диапозитивтері - тәсім элементтерін микро түзету (үзілген жерлерді байланыстыру, ернеулерін тегістеу).

2. Микротәсімдердің матрицалары мен платаларының негативтері мен диапозитивтері - ақауларды жою.

3. Сурет немесе тәсім – ақауларын жою.

4. Жұмыс және бақылау фотошаблондары - таңбалау бояуымен микроскоптың көмегімен өңдеу.
§ 117. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯНЫҢ РЕТУШЕРІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әйнекке жасалған экспериментальды микротәсімдердің негативтері мен диапозитивтерін техникалық өңдеу. Аралас жұмыстар (координаттар торы, жекелеген элементтер) үшін негативтерді пішу. Микротәсімдердің негативтері мен диапозитивтерін жекелеген белгілер мен элементтерді жағып немесе (скальпельдің көмегімен) кесіп (микроскоппен) түзету. Пленка мен әйнекте жасалған негативтер мен диапозитивтердегі тәсімнің ернеуінде орналасқан нүктелер мен сызаттарды жою.

Білуге тиіс: түпнұсқаларды ақ-қара бейнелеу принциптері; негативтер мен диапозитивтердегі желілерді кесу, сондай-ақ жазбалар мен жекелеген белгілер жасаудың техникасы; аспапты (скальпель) қайрау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. "Тропа" үлгісіндегі микротәсімдердің негативтері мен диапозитивтері - барлық ақауларды жою.

2. Барлық экспериментальды микротәсімдердің негативтері мен диапозитивтері – барлық ақауларды жою.

3. ППМ негативтері – аралық және жұмыс негативтерін өңдеу.


§ 118. ПРЕЦИЗИОНДЫ ФОТОЛИТОГРАФИЯНЫҢ РЕТУШЕРІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әйнекте жасалған микротәсімдердің аса нақты негативтері мен диапозитивтерін өңдеу. Екі жақты платалардың фотошаблондарын дайындау үшін негативтерді алмастыру. Жоғары дәлдікте орындалған негативтер мен диапозитивтердің ақауларын айқындау. Негативтер мен диапозитивтердің ернеулеріндегі ақауларды 5 мк-ге дейінгі дәлдікте (микроскоппен жұмыс) түзету.

Білуге тиіс: кейіннен өңдеу үшін негативтер мен диапозитивтердің сапасы мен жарамдылығын айқындау әдістері мен тәсілдері; элементтердің бет пердесінің, қараңғы жағының, бұзылған ернеулерінің тығыздығы, негативтер мен диапозитивтердің түрлі элементтердің дәлдік және жол беру деңгейі.

Жұмыс үлгілері

1. Бетперде - ақ түсті тонда жою.

2. «Микро», «Сегмент» үлгідегі негативтер мен диапозитивтер - ернеуіндегі ақауларды (тегіс емес, кетілген жерлер) 5 мкм-ге дейінгі дәлдікпен жою.

3. Баспа тәсімі - әйнектегі суретті микроскоппен өткізгіштер аралығы 0,3 мм-ге дейін өңдеу.

4. Фотошаблондар – суреттің тегіс емес жерлерін микроскоппен көлемі 0,005 мм-ге дейінгі ауытқуларын жою.

5. Баспа платаларының фотошаблондары – қанық суретті өткізгіштерді 0,03 мм-ге дейінгі аралықта техникалық өңдеу.


§ 119. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым кварц ұстағыштар мен пьезорезонаторлар құрастыру. Тұғырын, тірегін, шықпасын қалайылау. Нығыздағыш алынатын нысандардағы кварц ұстағыштардың, байланыс шықпалардың негіздемесін нығыздау. Копирлер бойынша оймалағыш станоктарда қалпағын оймалау. Байланыстарды тазалау. Айлабұйымдарды, жинақтау және өлшеу аспаптарын жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғылары туралы негізгі мәліметтер; айлабұйымдарды, жинақтау және өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану шарттары, кварц ұстағыштарды, пьезорезонаторлар мен басқа электронды техникалық бұйымдардың түрлері мен қызметі.

Жұмыс үлгілері: Пьезорезонаторлар - ұстағышқа пьезоэлементтерді отырғызатын, колоидті күмістің дақтарын кетіретін, дәнекер шайбаларды кесетін, пьезорезонаторларды шаятын қарапайым құрылымдардың пьезоэлементтерін монтаждау.
§ 120. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пьезорезонаторларды, монтаждаудың мықтылығын және байланыстардың сенімділігін қолмен қамтамасыз ететін жартылай автоматтарда, айлабұйымдардағы пьезоэлементтердің негізіндегі бұйымдарды құрастыру. 1-3 үлгідегі жартылай өткізгіш аспаптардың тораптарын жаныштау, нығыздау және дәнекерлеуді пайдалана отырып құрастыру. Бөлшектердің кішігірім санынан тұратын индикаторларды құрастыру, индикаторды қосымша герметизациялау, поляроидты пленканы айлабұйымдардың көмегімен кесу. Микротәсімдердің керамикалық платаларын қолмен нығыздағыштарда арматуралау. Втулкалар мен платалардың тесіктеріне шықпалар орнату, айлабұйымдарға микротәсімдердің жиегін орнату және жабыстырылатын жерлерге эпоксидті желім жағу. Бөлшектерді жұмысқа дайындау: ілеспе парақтың сәйкестігін тексеру, шықпаларды тарту және дәнекерлеу. Пьезорезонаторлы пластиналарды күйдіру әдісімен байланыстарға жағу, байланысты күйдіру үшін құрамында күміс бар пастаны дайындау. Пьезокварцты пластиналар мен резонаторларды таңбалау. Пластиналарды параллельді және бірізді біріктіру арқылы биморфты пьезоэлементтерді желімдеу. Пластиналарды осциллографта тексере отырып, өңдеу желілерінің орналасуы бойынша бағдарлау. Пьезоэлементтерді фольгамен желімдеу. Термостаттардағы, конвейер пештердегі жартылай өткізгіш аспаптар мен микротәсімдерді құрғату. Құрастыруға түсетін бөлшектер мен тораптардың сапасын айқындау. Құрастырудың сапасын өлшеу құралдарымен тексеру. Құрастыру кезінде қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды теңшеу.

Білуге тиіс: қажетті бөліктердің атауы және қызметі, қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану принципі; арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының қызметі мен қолдану шарттары; құрастырылатын бұйымдардың номенклатурасын; оларға қойылатын техникалық талаптар; кристал пластиналарды бағдарлау және желімдеу, шықпаларды жапсыру әдістері; пластиналарды параллельді және кезегімен біріктіру әдістері; дәнекерлеудің әдістері мен жолдары; құрғату шкафтарының құрылғысы мен пайдалану ережесі; құрастыруға баратын материалдар мен бөлшектердің механикалық, электрлік және диэлектрлік қасиеттері туралы негізгі ұғымдар; құрастырылатын бұйымдар параметрлерінің берілген номиналды мағынасынан шекті ауытқулары; орындалатын жұмыс шегінде электр техникасының негізгі заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Баллондар – төсемдерді нығыздау; түтікшелі кристалл ұстағыштарды құрастыру және дәнекерлеу; айлабұйымдарда бақылау.

2. Термобулы датчиктер – нығыздау, дәнекерлеу, құрастыру.

3. Диодтар, триодтар, транзисторлар – кассеталарды жүктеу және босату.

4. Детекторлар – шайырмен бекіту.

5. «Вибратор», «Звонок» үлгісіндегі бұйымдар – құрастыру.

6. Сұйық кристалды, 2 электродтан тұратын индикаторлар – құрастыру.

7. Катодты-люминесцентті индикаторлар – тегіс баллондарды (әйнекцементпен) штенгелдеу.

8. Бейнемагнитофонға арналған катушкалар – шыны ыдыстарды желімдеу.

9. ММТИ катушкалары – эпоксидті шайыр жағу.

10. Интегралды тәсімдердің корпустары – шықпаларды сығу.

11. Микротәсімдер – шықпаларды желімдеу, қысқарту; корпустың рамкасын кесу; корпустың түбіне белгі салу.

12. Аяқтары, баллондар – құрастыру.

13. Ниппельдер – керамикалық втулькасымен құрастыру; корпуста жаншу және тегістеу.

14. Поляроидты пленка – қорғау пленкасын алу.

15. Пьезорезонаторлар – монтаждау және құрастыру.

16. Кварцты негізгі жиілігі 25000 кГц-ке дейінгі резонаторлар – кварц ұстағышты пьезоэлементті құрастыру.

17. Пьезокварцты герметизацияланған резонаторлар – ұстағыштарды дәнекерлеу.

18. Жүрекшелер – төсемдерді желімдеу.

19. Қатты тәсімдер – корпустардың түбін қосарланған нығыздағыш нысандарда құю.

20. Коварлы түтікшелер – фланецте нығыздау.

21. Транзисторлар – шайбаға монтаждау.

22. Транзисторлар мен «Тропа» үлгісіндегі диодты блоктар – желімдеу.

23. Фланецтер, күміс сақиналар – нығыздағышта кесу.

24. Ферритті шыны ыдыстар мен сақиналар – ішкі және сыртқы бетіне желімді жағу.

25. Штифттер – байланыс сыммен құрастыру, корпуста нығыздау, осциллограф бойынша корпусқа орнату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет