Қазақстан Республикасы Әділет министрінің



Дата14.06.2016
өлшемі78.94 Kb.
#136087

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына    
4-қосымша      

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


      1. Осы «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты
 (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет берушілер).
       Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру аумақтық әділет органдары арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесі:
      әке болуды анықтауды тіркеу және жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде әке болуды анықтау туралы куәлік беру;
      әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі құжатты берген уәкілетті адамның қолы қойылып куәландырылған өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген жаңа куәлік беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібін сипаттау


      4. Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағыменкөрсетілген қажетті құжаттарды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен өтінішті қарау және ұсыныслған құжаттарды тексеру;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеу;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара әрекет тәртібін сипаттау


      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 
4-тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарауға береді;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысына немесе азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманына (бөлім басшының бірлігі қарастырылмаған аумақтық әділет органдарында) орындау үшін береді;
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 
9-тармағына, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкестігін тексереді;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті басып шығарады;
      5) тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді, одан кейін азаматтық хал актілері туралы куәлікке көрсетілетін қызмет берушінің елтаңбалы мөрі қойылады;
      6) дайын азаматтық хал актілері туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға қолхат негізінде беріледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 
4-тармағында бекітілген.
      Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
      1) өтініштің қабылданған күні;
      2) қоса берілген құжаттардың саны;
      3) құжаттарды беру күні, уақыты;
      4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші мамандарының рәсімдері кезектілігінің сипаттамасы осы Регламентке 
1-қосымшаға сәйкес кестеде келтірілген.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 
№ 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 
2-қосымшасында келтірілген.
      Ескерту. Регламент 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 
№ 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде  


азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу»     
Мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 № 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің)
сабақтастығын сипаттау




1

Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

2

3

4

5

6

2

Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі

Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы

Бөлім басшысы не бөлім маманы (бөлім бастығы бірлігі қарастырылмағанда)

Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы

Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі

3

Рәсімдердің (іс-әрекеттердің) сабақтастығы

Тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау

Бөлім басшысына немесе бөлім маманына (бөлім бастығы бірлігі қарастырылмағанда) қарауға жолдайды

Құжаттарды қабылдау және тексеру, құжаттарға талдау жасау, «АХАЖ» ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу, азаматтық хал актілері туралы куәлікті рәсімдеу

Азаматтық хал актілері туралы куәлікке қол қою, көрсетілетін қызмет берушінің мөрін басу

Дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қолхат негізінде беру

4

Аяқталу нысаны (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік)

Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру

Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде белгі соғу және құжаттарды қарауға ұсыну

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы  куәлікті көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдау

Ұсыну үшін кеңсеге беру

Көрсетілетін қызметті алушымен құжатты алу

5

Әр рәсімнің ұзақтығы

30 минут

15 минут

2 жұмыс күні, өзгерістер енгізу 15 күн, сұрау салу жолдағанда және қосымша тексеріс жүргізгенде 30 күнтізбелік күн

30 минут

15 минут

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде 
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу»     
мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша 

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің
АНЫҚТАМАСЫ
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
(көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы)


      Ескерту. Регламент 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 № 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      *Қызмет тек уәкілетті орган арқылы көрсетіледі



*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет берушінің (жұмыскерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттестігі;





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет