Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген


II кезең (2019ж). Өтініш беруші: «KLPE» ЖШС БК: LG Chem Ltd - 50%, «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС – 25%, «SAT&Company» АҚ - 25%



бет19/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.81 Mb.
#7950
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

II кезең (2019ж). Өтініш беруші: «KLPE» ЖШС БК: LG Chem Ltd - 50%, «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС – 25%, «SAT&Company» АҚ - 25%.

2,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі сомаға Корея Республикасының экспорттік-несиелік K-SURE мен K-EXIM-мен және 600-ден 800 миллион АҚШ доллар сомасына ECGD (Ұлыбританияның эксперттік-несиелік агенттігі) - агенттіктерімен түсіністік туралы Меморандум жасалды.

2013 жылдың құркүйек айында Petrofac-GS-Linde консорциумымен ЕРС келісім-шарт жасалды. Жоба құнының едәуір қымбаттауы бойынша бас мердігермен берілген есепке байланысты ЕРС келісім-шартын бұзуы жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Жобалық жұмыстар аяқталды (OpenBookEstimated кезең шеңберінде – ашық кітап әдісі бойынша шығындарды бағалау). Қаржыландыру жобасын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жалғасуда. Теңізде газсепарациялық қондырғы алаңында бастапқы жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның операторы «KLPE» ЖШС жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу шеңберінде Кеңес заманындағы нормалық құжаттармен қарастырылып әзірленген өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жобалау және құрылыс талаптарын орындағанда жобаның құны орта есеппен 20% дейін қымбаттау мәселесіне тап болды. Жоба құнының өсуін болдырмау мақсатында арнайы техникалық шарттар әзірленіп жатыр.

Мұнайхимия және химия өндірістерінің спецификасы пайдалануға берілген және коммерциялық пайдалану кезеңінде ұзақ жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тартуды талап етеді. Осындай өндірістердің Қазақстанда жоқтығын ескерсек, тиісті мамандар шетелден тартылатын болады. Осыған байланысты 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде шетелдік жұмысшаларды тарту үшін тиісті өзгерістер енгізілді. Осы заң жоба ҚР Парламентіне егізілді. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысы).

3-стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту

3.1-мақсат. Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру және төменкөміртекті дамуға көшуі бойынша жағдай жасау

3.1.1-міндет. Қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақтандыруы және мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру

Берілген бағыттағы жұмыс шеңберінде Министрлікпен бірнеше міндеттер іске асырылуда.

Берілген бағыт бойынша мақсатты индикаторлар анықталған:

1) Шығарындылардың рұқсат етілген лимиті республика бойынша 2014 жылы 4,16 млн. тоннаны құрады.

2) Шығарындылардың рұқсат етілген лимиті республика бойынша 2014 жылы 4,16 млн. тоннаны құрады.

Берілген көрсеткіштер бойынша тұжырымды мәлімет осы жылдың сәуір айында қалыптасады.

Динамикада 2013 жылмен салыстырғанда төгінділердің көлемі бұрыңғы деңгейде қалады. Шығарындылар деңгейі бойынша 3,88 млн. тоннадан 4,16 млн. тоннаға дейін ұлғаю байқалады, және келесі факторларға себепші болады. Мемлекеттегі экономика өсу есебімен жалпы бірнеше кәсіпорындарда күштердің өсуі байқалады. Қазақстанның индустриаландыру Картасы және басқа бағдарламалар шеңберіндегі кәсіпорындардан басқа қоршаған ортаға қосымша эмиссия беретін жаңа объектілерді пайдалануға беру жоспарлануда.

«Барлық берілген нұсқамалардың ішінде орындалған нұсқамалардың үлесі» тікелей нәтижесінің жоспарлы көрсеткіші 2014 жылға 87% деңгейде белгіленген болатын. 12 айдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіштің дерегі 92,4% құрады.

2014 жылы бойынша атқарылған инспекциялық бақылау қызметінің негізгі көрсеткіші:

Экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша шаруашылық субъектілерде жүргізілген тексеріс саны – 2 135;

4 627 экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды, 3 529 нұсқама берілді;

Жалпы сомасы 232 604,3 млн. теңге болатын 4 262 әкімшілік айыппұл салынып, оның жалпы сомасы 13 793,3 млн. тенге болатын 3 848 әкімшілік айыппұл төленді;

Есептілік кезеңде мемлекет кірісіне өткен жылы салынған жалпы сомасы 3 334,9 млн. тенге болатын 344 әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп төленді.

Жалпы 2014 жылы 12 ай бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 17 128,2 млн. тенге болатын 4 192 әкімшілік айыппұл төленді.

Есептілік кезеңде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша талаппен жалпы көлемі 390 697,9 млн. тенгеге 1 357 нұсқама берілді, оның 20 126,4 млн. тенгеге 1 073 талап төленді, сонымен қоса өткен жылдан ауыспалы жалпы сомасы 10 304,8 млн. тенге болатын 191 талап өтелді.

Жалпы 2014 жылы 12 ай бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 30 431,2 млн. тенге болатын залалды өтеу бойынша 1 264 талап өтелді.

Шаруашылық қызметін тоқтату туралы сотқа жіберілген материалдар саны 689, оның ішінде қанағаттандырылғаны 590.

Ескерту: Ерікті түрде төленбеген әкімшілік айыппұлдар мен талаптар мәжбүрлеп төлету үшін сот органдарына жолданады.

Сонымен қатар, жыл сайын экологиялық инспекциямен тексерілетін объектілер санының қамтылуы кеңейіп келеді. Сонымен қатар, 2012 жылдан бастап тексеріс бірлігіне заңбұзушылық анықталуының жоғарлағаны байқаланады (2008 жыл - 0,98; 2009 жыл - 0,95; 2010 жыл - 0,81; 2011 жыл - 0,76, 2012 жыл – 0,92, 2013 жыл- 1,297, 2014 жыл – 2,167).

Атмосфераға шығарулар мен суға төгулер бойынша өндірістік экологиялық мониторинг нәтижесі бойынша мониторинг есебі аясында, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті экология департаменттерімен сәйкес жұмыс жүргізіледі.

Осы ретте, мұндай есептілікпен жұмыс уәкілетті органда оны жинақтаумен ғана шектеледі, және есептілікте дұрыс емес ақпарат берілгендігін табиғат пайдаланушылармен экологиялық заңнамаларды сақтауын тексеру кезінде ғана анықтау мүмкін екенін айта кету керек.

Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты, Өндірістік кәсіпорындардың аппатық дүркін жағдай да зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы.

Мұнай-газ кешеніндегі негізгі заң бұзушылықтар газ алуда жағу кезінде, технологиялық құрал-жабдықтардың жұмысының бұзылуынан туындаған және оның нәтижесінде зиянды заттардың шығарындылардың нормативтен асуымен байланысты.

2014 жылы аппатық оқыс жағдайлар қоршаған орта ластау үшін жалпы саны – 43.

Соның ішінде көбінесе Атырау облысы «Тенгізшевроил» ЖШС –інде 23 оқыс жағдай болған.

Қалған аппатық жағдайлар Қызылорда, Қарағанды, Манғыстау және Онтүстік -Қазақстан облыстарында болған.

Барлық оқыс жағдайлар бойынша инспекторлық тексерістер жүргізіліп заңға сәйкес шаралар қолданылады.



3.1.2-міндет. Тарихи ластануларды жою, табиғи ортаны қалпына келтіру және өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару

Қалдықтарды басқару саласында экологиялық проблемаларды шешу үшін «2014-2050 жылдар аралығында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы» әзірленген және 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген, ол жерде «Өндірістің қалдықтарды өңдеу бөлігі» нәтиженің көрсеткіші республикада 2020 жылға 25% қол жеткізуге міндет. Қазіргі уақытта «Өндірістің қалдықтарды өңдеу бөлігі» нәтиженің көрсеткіші бойынша талдауға сәйкес 2014 жылғы 23 % құрады.

Қалдықтарды басқару саласында экологиялық проблемаларды шешу үшін «2014-2050 жылдар аралығында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы» әзірленген және 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген, ол жерде «ҚТҚ жалпы көлемінен қалдықтарды өңдеу бөлігі» нәтиже көрсеткіші 2020 жылда 10% қол жеткізуге міндет. Қазіргі уақытта «ҚТҚ жалпы көлемінен қалдықтарды өңдеу бөлігі» 2014 жылда 2,21 % құрады.

3.1.3-міндет Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың нарықтық тетігін ендіру және «жасыл экономикаға» ауысу

2013 жылдан бастап парниктік газдар (бұдан әрі – ПГ) шығарындыларын азайтудың нарықтық тетігі іске қосылды.

Бекітілген ПГ шығарындыларына 2014-2015 жылдарға арналған квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес квоталауға бір парниктік газ – көміртегі қос тотығы жатады. Өз кезегінде метан ПГ шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобалар шеңберінде реттеледі. Базалық желі 2011-2012 жылдардағы көміртегі қос тотығының жиынтық шығарындыларынан орташа мәні деңгейінде айқындалған, осылайша квоталарды бөлу 166 кәсіпорын үшін экономиканың үш секторы (мұнайгаз, энергетика, өнеркәсіп) бойынша жүзеге асырылды.

2014 жылы 158 кәсіпорынға жалпы квота көлемі 305,491 млн СО2 тоннасымен сертификат берілді. Онымен қоса, өндірістің артуымен және ПГ шығарындыларының жаңа көздерін енгізумен байланысты кәсіпорындар берілген квоталарды қайта қарауға және тиісінше қосымша квота беруге 32 өтініш берілді. Алайда 22 өітініш мақұлданды және 12 млн СО2 тоннансынан аса қосымша квота көлемі берілді.

Сонымен қатар, алынған квота бірліктері көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде электрондық форматта белгіленеді. Квота берудің қағаз (сертификат) және электрондық (мемлекеттік тізілімде) түрде қайталануын жою мақсатында ҚР Экологиялық кодексінің 9-бөліміне сертификатты алып тастау бойынша өзгерістер енгізілуде. Бұл ретте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заңымен «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру» 323-тармағы «Рұқсаттамалар мен хабарламалар туралы» ҚР Заңының 2-қосымшасынан алынып тасталғандығын атап өтеміз.

Құқықтық қолдану тәжірибесі көрсеткендей қолданыстағы заңнама құқықтық олқылықтарды жою және нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу үшін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты, ҚР Экологиялық кодексіне екі заң жобасы шеңберінде пысықталуда, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 3 қаулы жобасы және ҚР Энергетика министрінің 16 бұйрық жобасын бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, халықаралық донарлармен және біріккен бірлестірмен бірлесіп үлесті коэффициенттеді қолданумен ПГ шығарындыларына квоталар бөлудің басқа әдісі – бенчмаркке көшу мүмкіндігін қарастыру бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бенчмаркинг әдісі ПГ шығарындыларына кврталармен сауда саласында квоатларды бөлудің тарихи әдісі тиімді бала болы отырып, халықаралық мойындау және әлемдік аренада кең тарауға ие болды. Бенчмаркинг практикасы шығарындыларды төмендету процестеріне бастамашылық еткен кәсіпорындарды анықтап және оларды марапаттай алады. Бенчмарктерді әзірлеу кәсіпорындардың парниктік газдар эмиссиялары бойынша қызметін салыстырмалы бағалау жүргізуге немесе жалпы стандарттарға сәйкес шығарындыларға квота бөлудің жүйелі тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Вице-министр Т. Ахсамбиевтің төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Әр сектордан жеке кәсіпорындармен Жұмыс тобының кіші топтарының 4 отырысы өткізілді. Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша жиналыс 2014 жылы 28 қарашада өтті, мұнда талқылау үшін алдын ала есептер ұсынылды. Бенчмарктердің қорытынды нұсқасы әзірлеу сатысында.

28.03.2014 жылы «Каспий» Тауар Биржасында» алғашқы парниктік газдар шығарындыларына квоталармен биржалық сауда өтті. Саудаға 20 компания қатысты. Барлығы 35 мәміле жасалды. Биржалық мәміленің жалпы көлемі СО2 1 271 289 тонна. СО2 квота бірлігінің 1 тоннасы үшін баға 406 тенге 4 тиынды (2,2 АҚШ долл.) құрады.

Салыстыру үшін Калифорнияда квота бірлігінің 1 тоннасы үшін баға – 12,09 АҚШ долл., Жаңа Зеландияда – 3,5 АҚШ долл., ЕО – 6,36 евро, Шанхай жүйесінде – 5,8 АҚШ долл., құрағандығын ақпарат етеміз. Онымен қоса, Ресей мен Белорусь қазіргі уақытта Қазақстанның тәжіриебесін мұқият зерттеуде және сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларымен сауда жасау жүйесін ендіру ниеті туралы мәлімдеді. ШЫғарындылармен сауда жасаудың ұлттық жүйесі Оңтүстік Кореяда ресми түрде 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді, ол экономиканың 23 саласында 525 коммерциялық құрылымын қамтиды, және қазіргі уақытта Еуропалық ШСЖ кейінгі әлемдегі екінші ең ірі көмірсутекті нарықты құрайды. Әлемдік беталысқа сәйкес көп елдер парниктік газдар шығарындыларымен сауда жасау жүйесін ендіру, немесе көміртегі салық енгізу туралы мәлімдеуде, ол кейбір елдерде СО2 әр тоннасы үшін 5 АҚШ долларына дейін жетеді.

Соынмен қатар, халықаралық деңгейде көміртегі шығарындыларына баға белгілеу туралы мәселе талқылануда. Осындай мәлімдемемен БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун 2014 жылы 23 қыркүйекте БҰҰ Климат бойынша саммиттінде сөз сөйледі, осында жүз мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ сегіз жүзден аса бизнес және азаматтық қоғамның жетекшілері қатысты.

Көміртегі нарығын кеңейту, ПГ шығарындыларын азайту және сіңірулері бойынша жобаларды іске асыру бойынша бұдан көп мүмкіндіктер алу, сондай-ақ қазақстандық көміртегі бірліктерінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен ішкі жүйені басқа шетелдік нарықтармен біріктіру мүмкіндіктері туралы мәселе қарастырылуда. Қазіргі уақытта ЕҚҚДБ қаржыландырылатын «ЕҚҚДБ операциялар аймағында шығарындылармен саудаға дайындық» (PETER) жобасы шеңберінде ПГ шығарындыларына квоталармен сауда жасаудың сыртқы жүйелерімен біріктіру әлеуеті бойынша талдау жүргізілуде. Аталған зерттеуді жүргізу басқа көміртегі нарықтарымен біріктірудің проблемалары мен артықшылықтары туралы көрсетеді.

Дүниежүзілік банктің Нарықтық дайындық бойынша серіктестік шеңберінде (PMR) квоталармен сауда жасаудың қазақстандық жүйесін жетілдіру бойынша талдау, институционалдық инфрақұрылымы және парниктік газдар шығарындыларын реттеу бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарға қатысты тосқауылдарды анықтау және жою жүзеге асырылуда.

3.2-мақсат. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру

3.2.1-міндет. Гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын көтеру және атмосфералық ауа мониторингісі жүйесін жетілдіру

«Қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылдық ескертулердің деркезділік уақытын арттыру»:

Қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылдық ескертулердің деркезділік уақыты 2013 жыл сияқты бұрынғы 48 сағатта қалды. 2014 жылға осы индикатордың өсуі жоспарланбаған. Деркезділік уақыты сағатпен есептелген. Ай сайынғы шығатын өнім Энергетика министлігі Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментіне көрсетіледі.



«Республика территориясының атмосфералық ауаның ластануы жөнінде мониторингпен қамтамасыз етілуі»:

Республика территориясының атмосфералық ауаның ластануы жөнінде мониторингпен қамтамасыз етілуі минималды қажет бекеттердің 46 % құрады. (Қажетті атмосфералық ауаны мониторинг жасайтын бекеттерге қатысты есептеледі. Минималды қажетті бекеттердің саны 250. Қазіргі уақытта 114 бекет әрекет етеді, қамтамасыз етілу пайызы 114*100/250=46%.)



3.2.2-міндет. Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету бөлігінде авиациялық қауіпсіздікті арттыру және авиациялық метеорологиялық өнімнің сапасын арттыру

4 235 742 мың теңге мөлшеріндегі Республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат Қоғамның Қазынашылық шотына 2014 жылдың наурызында түсті.

Қоғаммен 2014 жылғы 5 ақпандағы №32/Ө бұйрыққа сәйкес, Қоғам акцияларын шығару және орналастыру бойынша шаралар жүргізілді. Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 6 наурыздағы №71 шешімімен акцияларды орналастыру номинальды құны бір акцияға 1000 теңге мөлшерінде және 021 Бағдарламасымен қарастырылған 4 235 742 мың теңге сомаға 4 235 742 дана санында жарияланған акцияларды орналастыру белгіленді.

Жоғарыда баяндалған бұйрықтың және Директорлар кеңесінің негізінде, №5461 эмиссионды бағалы қағаздардың мемлекеттік реестріне енгізілген уәкілетті органда Қоғамның акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуі жүзеге асырылды .

Заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шотына акцияны есептен шығару бойынша әрекет жүзеге асырылды және жарғылық капиталды ұлғайту бойынша міндеттеме орындалды.

Бюджеттік қаражатты игеру мақсатында, мынадай шаралар жүргізілді:



1. Орнату орнын белгілеу бойынша. 7 өкілдік үшін жер телімін жалға алу келісім-шарты жасалды. Бірақ ҚР Жер кодексінің 43 бабында көрсетілген талаптарға сәйкес жер телімін таңдау рәсімі «Радиотехникалық объектілерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкестігіне жер теліміне «Радиолокациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» гигиениалық нормативтерге сәйкестігіне дозиметрлік бақылау жүргізу ұзақ мерзімді алды ( 1,5 - тен 3 айға дейін). Сонымен қатар, ЖСҚ әзірлеу бойынша конкурс жариялау үшін ҚР заңнамалық нормаларымен көзделген мерзімге сәйкес ұзақ уақыт алатын, сәулет-жоспарлау тапсырмасын рәсімдеу, әлсіз қайралған желі және электр жабдықтауға техникалық шартты алу талап етіледі (15 - тен 30 күнге дейін).

2. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша. Мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілген рәсімдердің нәтижесі бойынша Қоғаммен 7 өкілдік бойынша ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалды. Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Қызылорда, Петропавл қалаларының 7 өкілдігі бойынша ағымдағы датада халықаралық әуежайлардың және Арал қ. метеорологиялық белгілеудің радиотехникалық құралдарын орнатуға техникалық жарақтандыру құрылысы жобасы бойынша «Мемлекеттік сараптама» РМК оң қорытынды алынды. Сонымен қатар, 19.08.2002 ж. ҚР №918 қаулысымен бекітілген ЖСҚ сараптама жүргізу ережесіне сәйкес жобаға сараптама жүргізу мерзімі 45 күнтізбелік күнді алады.

3. Бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша. Конкурстық рәсімдерді жүргізгеннен кейін Қоғаммен Қоғамның 9 өкілдігі үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен МАРС метеорологиялық автоматтандырылған радиолокациялық желінің жұмыс станциясын сатып алуға шарт жасалды.

4. ДМРЛ сатып алу бойынша. Атырау қ. бойынша толық аяқтау мердігерлік әдісімен ДМРЛ орнатуға құрылыс-монтаж жұмыстары және ДМРЛ сатып алуға мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ұлттық валютаның құнсыздануынан кейін жабдық құнының қымбаттауы себебінен қатысуға өтініштің болмауынан өтпеді. 2 кезеңде мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесі бойынша, ДМРЛ сатып алуға шарт жасалды. Ағымдағы күні СМР жүргізуге және техникалық қадағалауға конкурс жарияланды.

Нысаналы индикаторлар бойынша көрсеткішке жету мақсатында Қоғамның Стратегиялық жоспарына өзгерту енгізілді, «Бюджеттік бағдарламалар» №7 бөлімінде 2014 жылы 1 ДМРЛ ғана сатып алу, 2015 жылы 2014 жылы сатып алынған 1 ДМРЛ есебімен 8 ДМРЛ орнату.



Функционалдық мүмкіндіктерді талдау

ЖҚПББМЖ дамыту шемберінде жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттарын жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай басқару жүйесімен қамтуы 100% құрайды.



Ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша талдау мұнай өндіру мен тасымалдау кезіндегі мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасы жағдайына мониторинг жүргізу, рұқсат етілмеген кірекесулер мен мұнай төгілулерінің алдын алу, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауға жәрдем көрсету, жер қойнауын пайдаланушылардың салық салу және кеден төлемдері мәселелері бойынша өзара іс-қимылы, мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыруға жәрдем көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жөніндегі іс-әрекеттерінің келісуін анықтады.

Тәуекелдерді басқару бойынша талдау

Талдау қорытындысы бойынша 2013 жыл бойынша мұнай-газ секторы көрсеткіштерінің жоспары қайта каралды және Стратегиялық жоспарға тиісті өзгерістер енгізілді.



Бюджеттік бағдарламалардың талдауы

2013 жылы Министрлік 17 293 357,7мың теңге қаржыландыру көлемімен 9 бюджеттік бағдарламалар іске асырылды, есепті жылда орындалуы 17 287 082,6 мың теңгені немесе 99,9 % құрады.



Министр В. Школьник



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет