Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет1/3
Дата04.11.2022
өлшемі271.05 Kb.
#463975
  1   2   3
ИВЭ лаб 4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ғ. Ж. ДӘУКЕЕВ атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы


«Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану» пәні бойынша
4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Жел генераторының сыртқы сипаттамаларын зерттеу
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Нұржігіт Ернұр
Тобы: 21-5
Тексерген: Даукенова.Н

Алматы, 2022


Зертханалық жұмыс №4. Жел генераторының сыртқы сипаттамаларын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: әр түрлі жиіліктегі айналма жел генераторының сыртқы сипаттамаларын түсіру.
2.4.1 Жұмыстың бағдарламасы.
2.4.1.1 Лабораториялық орналастырулар мен зертханалық жұмыстардың сипаттамасымен танысу.
2.4.1.2 Мнемосызбамен және жел электр генераторының тағайындалған элементтермен танысу.
2.4.1.3 Жел генераторының сыртқы сипаттамаларын түсірілуін жасау. Тәжірбиелі тәуелділігін тұрғызу, зертханалық жұмыстың қорытындысын жасау.

2.4.2 Жұмыстың сипаттамасы.
Зертханалық жұмысты бастар алдында синхронды жел генераторы бос жүріс режимінде болуы тиіс, ал батареясы - тұрақты тоқтағы шинадан өшірулі болуы керек. Ол үшін стендте жұмыс бастар алдында қосар алдында міндетті түрде автоматты қосқыш қуат көзі модулі QF1:
- АКБ модуліндегі аккумуляторлы батареяны «Өшіру» жағдайына қосқыш терминалын ауыстыру;
- SA1 – SA5 модуліндегі қосқыш «Жүктемені» төменгі жағдайға ауыстыру; - қосқыш «Пуск» тапсырма блогының жел жылдамдығын төменгі жағдайға қою. Жиілік түрлендіргіші осы арқылы құлыпталады;
- потенциометр тапсырмасы жел жылдмадығын төтенше жағдайға сағат тіліне қарсы қою.
Зертханалық жұмысты құралдардың өлшеу көрсеткіштері бойынша фиксирлау арқылы жүргізуге болады. Параметрлерін өлшеу үшін жел электр генераторын сондай- ақ дербес компьютерді қолдануға болады. Ол үшін міндетті түрде компьютерді қосып, «Windows» толық жүктелуін күтіп және «DeltaProfi» бағдарламасын орнату, қондырғыны орнату барысында заттаңба жұмыс үстелінде орналасады. Мәзір «Жұмысына» міндетті түрде №4 жұмысты таңдау керек, одан кейін «Пуск» кнопкасын басу арқылы жинау процесін жіберу (немесe F5).
Жел генераторының сыртқы сипаттамалары бойынша тәжірбие ЭҚК қозғалтқыштарының тәуелділігін түсіруімен (кернеуі тұрақты токтың шинасында U1) тоқ жүктемесінің шамасына қарай қорытындыланады (шығыс түзетуіш тогы I1) U1=F(I1).
Тәжірибе жүргізу сызбасы 2.4. суретінде көрсетілген.

Жабдықтау желдеткіші асинхронды айналу электр қозғалтқышымен жүргізіледі, кернеуді алушы инвертор типті жиілікті түрлендіргіш, тапсырма жел жылдамдығында орналасқан (суретте көрсетілмеген). Синхронды генератор статоры (А, В, С фазалары) «Түзеткіш» модуліне қосылады (А, В, С терминалдары). Тұрақты тоқ шинасына «+» және «-» өлшеуіш аспаптары «Түзеткіш модуліне», ток өлшегіші және кернеу шығыс түзеткішіне қосылады. Тәжірибе жүргізу барысында аккумуляторлы батарея өшіріліп, тұрақты тоқ шығысындағы «Түзеткіш» кіріс модуліндегі «Жүктемеге» қосылады. Тәжірибе жүргізу келесідей орындалады:
- автоматты қосқышты қосу арқылы QF1 модуліндегі қуат көзін керекті элементті зертханалық стендте кернеуді түсіру.
- клавишті қосқышты қосу арқылы «Желі» модулі «Жел 19 жылдамдығының тапсырма блогын» кернеуді түрлендіргіш жиілігіне түсіру.
- жиіліктік түрлендіргішке «Пуск» сигналын беру арқылы жел генераторын айналысқа келтіретін және ЭҚК өндіретін жел жылдамдығын тұрғызу керек;
- 2.4 кестеге ЭҚК бос жүріс кезіндегі мәнін жазып қою және дәйекті түрде жүктеме кедергісіні тұрақты ток тізбегіне енгізу 2.4 кестесіндегі нәтижелерді ескеріп сыртқы сипаттамасын алу. Тәжірибе жүргізу барысында генератордың айналу жылдамдығын тұрақты деңгейде ұстап тұру. Ол үшін қандай да бір жылдамдығы өзгергенде жылдамдығын потенциометр модулі «Жел жылдамдығы тапсырма блогымен» қалыпты күйге келтіру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет