Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Жылытылатын бөлмелерден жоғалатын жылуды анықтау



бет10/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Жылытылатын бөлмелерден жоғалатын жылуды анықтау. Бөлмелерден және ғимараттан жоғалатын жылу мөлшерін анықтау үшін мынадай мәліметтер болуы керек:
1) ғимараттың салынатын жері (қаланың немесе елді мекеннің атауы);
2) ғимараттың географиялық бағыттарға байланысты орналасуы және жел бағыттары
3) барлық құрылыстық өлшемдері көрсетілген қабаттар жоспары мен қималары;
4) әр бөлменің мақсаты;
5) барлық сыртқы қоршаулардың конструкциялары және олардың жылутехникалық көрсеткіштері.
Жылыту жүйесін жобалау үшін анықталатын бөлмелердің сыртқы қоршаулары арқылы жоғалатын жылу мөлшерлері негізгі және жылу жоғалуға әсер ететін қосымша болып бөлінеді.
Бөлмеден жоғалатын негізгі жылу мөлшері сыртқы қоршаулар арқылы жоғалатын жылу мөлшерлерінен тұрады. Сыртқы қоршаулар арқылы жоғалатын негізгі жылу мөлшері мына өрнекпен анықталады:


Q=F k (ti-tc) n, Вт (40)

мұндағы F – жылу жоғалатын қоршаудың ауданы, м2;


k - осы қоршау конструкциясы арқылы жылу тасымалдау коэффициенті, Вт/м2 0С;
tі – ішкі ауаның есепті температурасы0С;
tс – сыртқы ауаның есепті температурасы, 0С;
n - температуралардың есепті айырымына енгізілетін түзеті коэффициенті.
Қоршау конструкциясының ауданы арнайы және анықтама әдебиеттерінің «қоршау конструкцияларының беттерін өлшеу ережелеріне» сай жүргізіледі.
Жылу тасымалдау коэффициенті қоршау конструкциясының материалдарына байланысты есепті жолмен, немесе қоршау конструкциясы типтік болса, анықтама әдебиеттерден анықталады.
Ішкі ауа температурасы бөлменің арналуына байланысты нормативтік құжаттардан алынады.
Сыртқы ауаның есепті температурасы ғимарат салынатын ауданның климаттық сипатына қарай СНиП-тен, ең суық бес күндік температура алынады.
40-ші өрнектегі түзету коэффициенті сыртқы қоршаудың орналасу ерекшелігіне байланысты енгізіледі. (40) өрнекпен анықталатын жоғалатын жылу мөлшері, оған әсер ететін мынадай факторларды ескермейді:
1) қоршаулардың әлем бағытына қарай орналасуын;
2) қоршаудың желге ұшырауын;
3) жекелеген бөлмелердің биіктігін;
4) бөлмелерге сыртқы есіктерден, қақпалардан келетін сыртқы ауа мөлшерін;
5) сыртқы ауаның инфильтрация арқылы енуін.
Бөлмелерден жоғалатын жылуды есептегенде бұл факторларды негізгі жоғалатын жылу мөлшеріне CНжЕ және арнайы анықтама әдебиеттерде ұсынылған пайыздық есеппен алынатын қосымша жылу жоғалтуларды қоса отырып ескереді.

Бақылау сұрақтары:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет