Естеріңізде болсын!
Аспаптың фотоэлементін өте күшті жарыққа (сүзгісіз) және ұзақ уақыт ұстауға болмайды. Сондықтан өлшемді КТ сүзгісін пайдаланып бастаған жөн. Және сүзгіні ауыстырған сәтте алдымен оң жақтағы түймені басып, содан кейін ғана сол жақтағы түймені басып басқа (төменгі) өлшеу шегіне ауыстыру қажет.
Өндірістік шу-адамға зиянды әсер ететін, уақыт сайын ретсіз өзгеріп отыратын, жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы.
Шу, ультрадыбыс және дірілдің табиғаты бір. Тек айырмашылықтары таралатын газды, сұйық және қатты денелер ортасындағы тербелістің берілуі.
Дыбыс энергия көзі болып табылады. Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс).
Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне, қарқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.
Өндірістік жағдайларда шуды адамның есту деңгейіне тең цех құрылғыларының 2/3 бөлігі жұмыс істеп тұрғанда өлшейді.
Ағзаға шудың ұзақ әсері шаршағыштық пен жұмыс қабілетін төмендетеді, сонымен қатар бас ауырады, жүйке мен жүрек қан тамыр жүйесін бұзады, кереңдікке әкеліп соқтырады. Бара келе шу назарды төмендетеді, қозғалыстың дәлдігі мен координациясын бұзады, түсті және дыбысты қауіпті сигналдарды қабылдаудың бұзылуы, содан жарақаттар пайда болуы мүмкін.
Адамның есту мүшесі жиілігі 16-дан 20000 Гц-ке дейінгі аралықта дыбысты естиді. Инфрадыбыстар (16 Гц-ке дейін), ультрадыбыстар (20000 Гц-тен жоғары) адам құлағы естімейтін жиіліктері.
Дыбыстың толқынды таралуы ауаның атмосфералық қысымның өзгеруін тудырады. Дыбыс толқынымен туындаған ауа қысымының атмосферадағы ауытқуын дыбыстық қысым деп аталады. Адам дыбыс қысымын 2 · 10 -5 Па-дан (есту табалдырығы), 200 Па-ға дейін (ауырсыну табалдырығы) қабылдайды.
Шудың көрсеткіштерінің бағалау үшін логарифмді шама алынады, ал аспаптарда логарифмдік шкалалар қолданылады.
Шу қарқындылығының бірлігі ретінде Белл (Б) бірлігі алынады.
0,1 Б=1дБ
Адамның есту органы әр түрлі жиіліктегі дыбыстырды әр түрлі қабылдайды, сондықтан дыбыстың қаттылығын білдіру үшін фон деген шама алынады. 1 фон дегеніміз- 1000 Гц жиіліктегі 1дБ қарқындылығындағы дыбыстың қатаңдығы. Бұл жиіліктегі дыбыс деңгейі дыбыс қысымына тең.
Дыбыстың жиілік спектріне байланысты шуды сипаттайтын шама үшке бөлінеді. Жиілігі 300 Гц төменгі жиілікті, 300-800 Гц орта жиілікті және 800 Гц-тен жоғары жоғарғы жиіліктегі шу деп саналады.
Шудың зиянды әсері жиілігіне байланысты болғандықтан, әрбір октавалық жолағының рұқсат етілген шу деңгейі болады.
3-кесте. Дыбыс қысымының рұқсат етілген мөлшері (МЕСТ 12.1.003-76 және МЕСТ 12.1.036-81)
дБ берілген қысымының мөлшері және орта геометриялық жиілік Гц-пен берілген октавалық тілігі
|
дБ берілген дыбыс қысымының эквиваленттік мөлшері
|
63
|
125
|
250
|
500
|
1000
|
2000
|
4000
|
8000
|
Жұмысшы бөлмелер мен басқару бөлімшелеріндегі және жұмыс орындарында
|
79
|
70
|
68
|
58
|
55
|
52
|
50
|
49
|
60
|
Мекеме аумағындағы және мекеме аумағындағы және тұрақты өндірістік бөлмелердегі тұрақты жұмыс орындағы нормалары
|
99
|
92
|
86
|
83
|
80
|
79
|
76
|
74
|
85
|
Жүргізушілердің жұмыс орындары,Тракторист, машинистердің жұмыс орындағы шудың деңгейі
|
99
|
92
|
86
|
83
|
80
|
78
|
76
|
74
|
85
|
Оқу залы, мәжіліс залы, аудитория, оқу залы,конференц залдары
|
63
|
52
|
45
|
39
|
35
|
32
|
30
|
28
|
40
|
Құралдар мен қондырғылар. Шуды тікелей өндірістік шарттарда зерттеу кезінде шуды және дірілді өлшегіштер ИШВ-1, шумомер Ш-70, комплект «Брюль және Кьер», «RFT», микрофон қажет.
Шуды лаборатория шарттарда зерттеу кезінде, 73 суретте көрсетілген: шуды және дірілді өлшейтін ИШВ-1; дыбысты канал; алмастыратын дыбысжұтқыш заслонкалар, лабораторлы столды орнатылған болса жеткілікті.
Жұмысты орындау тәртібі. Аспаптың құрылысын және жұмыс принципін, зерттеу әдістемесін және есептеуін оқып үйрену. Шу өлшегіште және ИШВ-1 дірілдері микрофон 1, электрлік кернеуге дыбыстық қысымының толқуын тудырады. Одан кейін күшейткіштен және түзеткіштен өтіп, магнит электрлік тілшілік аспаппен өлшенеді. Ол дицибелмен көосетіледі. Құрылғы тоқтан 220 В пен немесе 8 элементтік «373» батарейлік блоктан қоректендіріледі. Микрофон М101-1 құрылғымен өлшегіштің 2 кіруі арқылы жалғанады. Құрылғы панелінде орналасқан; фильтр жиілігін ауыстырғыш 3, реттеуші винттік ұя 4-5, «микрофон-датчик» ауыстырғышы 6, сигналды лампа 7, «Калибр» ұясы 8, тілшелі аспап 9, заземления қысқышы 10, «Шығу» ұясы 11, жұмыс түрлерін ауыстырғышы 12, «Децибел – ІІ» ауыстырғышы.
73.сурет. Шуды зерттеуге арналған қондырғы.
1- шу көзі; 2- микрофон; 3- лабораторлы стол; 4 – желі қосқыш; 5- сигналды лампа; 6-шумомер; 7 – сигналды қосатын кнопка; 8 және 9 – микрофонды бір жерден екінші жерге ауыстыратын кнопка; 10 – микрофон жылжыту электродвигателі; 11- дыбыстық канал; 12- дыбысжұтқыш заслонкалар; 13- қосымша шу көзі.
74.сурет. шу мен дірілді өлшейтін ИШВ-1
1 – микрофон; 2 – кіру өлшегіші, 3- жиілік ауыстырғыш фильтр; 4 және 5 – реттеу бұрандасы; 6 – «Микрофон Датчик» қосқышы; 7 – сигналды лампа; 8– «Калибр» ұясы; 9- тілшелік аспабы; 10 - заземление ; 11 – жазатын аспапқа шығу; 12- жұмыс түріне ауыстыру; 13 – «Децибел – ІІ» ауыстырғышы; 14- «Род измерений» ауыстырғышы; 15 - «Децибел – І» ауыстырғышы.
Достарыңызбен бөлісу: |