Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар
шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының меңгерушісі
|
_____________
|
Ә.Б.Алмауытова
|
Пән оқытушысы
|
_____________
|
Г.Ж.Баялиева.
|
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі___________________ Ә.Б.Алмауытова
«____» ______________________ 2022 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік картасы (ПОӘК)
Қазақ әдеби тілінің тарихы және қазақ диалектологиясы
2022-2023 оқу жылы
Мамандық
|
Студенттер саны
|
Оқу және оқу-әдістемелік құралдар
|
саны
|
Лекция конспектісі, практикалық және өзіндік жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулық
|
Саны
|
|
Се-местр
|
КІТАПХАНАДА
|
КАФЕДРАДА
|
КІТАПХАНАДА
|
КАФЕДРАДА
|
7
|
42
|
|
|
Р.Сыздық. Қазақ әдеби тілінің тарихы. «Ел шежіре»баспасы. Алматы,2014
Қ.Өмірәлиев. XY-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 2014
Р.Сыздық Тілдік норма және оның қалыптануы. А: Ел-шежіре, 2014
|
50
30
20
|
-
|
Момынова.Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А, 2011.
Г.Баялиева. Орта ғасыр ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілінің сабақтастығы. Ғылыми монография. Қарағанды, 2021
Қазақ әдеби тілінің анықтамалығы. Астана,2016
|
10
|
-
|
Пән оқытушысы _____________________________ Г.Ж.Баялиева.
ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ҚАМТАМСЫЗ ЕТІЛУІ
р/с
|
Сабақ түрі
|
Қолданылатын бағдарлама
|
Мультимедиалық
|
1
|
Практикалық сабақ
|
Microcoft Office Power Point
Camstudio
|
Слайдтар көрсетіледі
Бейнеролик дайындалады.
Дыбыс жазылады.
Дыбыс, көрініс, бейне, әуен қатар беріледі.
|
2
|
Білім алушының оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
|
Microcoft Office Power Point
Camstudio
Free Guiz Maker
Ispring Free
|
Слайдтар көрсетіледі
Бейнеролик дайындалады.
Дыбыс жазылады.
Дыбыс, көрініс, бейне, әуен қатар беріледі.
Аудиториядан бір мезетте тест тапсырмаларына жауап алады.
|
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасыныҢ арнаулы дәрісханаларЫНың саны
р/с
|
Дәрісхана (кабинет, зертхана)№
|
Дәрісхана (кабинет, зертхана) бекіту
|
Пәнді оқытуда қолданылатын құралдар мен жабдықтар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
322
|
322
|
Интерактивті тақта
|
Оқытушы __________ ф.ғ.к., доцент Г.Ж.Баялиева
Г. Баялиева
Қазақ әдеби тілінің тарихы және диалектологиясы пәні бойынша дәрістер жинағы
Дәріс №1
Әдеби тіл туралы ұғым.
1.Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты
2. Қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлер
3. Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері.
Әдеби тілдің тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби тілдің өзін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби тіл деп нені түсінеміз? Оның өмір сүру формасы қандай? Әдеби тілге не енеді? Қазақ әдеби тілінің тарихы қай кезден, неден басталады? Әр кезеңдегі әдеби тілдің дамуының, нормалануының тенденциясы, оның тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет нұсқалары жатқызылуға тиіс және олардың мазмұны мен сипаты қандай болмақ деген сұрақтардың нақты жауабы, әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты болып отыр. Соған орай әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі түсінудің салдарынан кейбір зерттеулерде оған қатысты проблемалық мәселелер әрқалай баяндалып жүр.
Орыс тіл білімі көрнекті өкілдерінің тұжырымдары мен пікірлеріне сүйенсек, ғылымның басқа да кейбір салалары сияқты қазақтың әдеби тілі жөніндегі ілімі де орыс тілінде ертеректе қалыптасқан «Литературный язык» деп аталатын ғылым саласын оқып үйретуден, соған сүйенуден туған жас ғылым. Әдеби тілді көп зерттеген А.Ефимов, В.Левин, А.Горшков, Ф.Филин, Р.Будагов, В.Виноградов сияқты көрнекті ғалымдардың барлығы да әдеби тіл дегеніміз қандай тіл деген сұрауға: ол-жазба тіл, баспасөз тілі, нормаланған тіл. Жазба тілсіз, баспасөзсіз әдеби тіл болмайды дейді. Бұл келтірілгендер «әдеби тіл дегеніміз қандай тіл» деген сұраққа беріліп жүрген бірінші жауап, осымен қатар қолданылып жүрген екінші жауап та бар, ол әдеби тіл болу үшін жазудың болуы шарт емес дейтін көзқарас. Қазақ тіл білімінде осы көзқарастың екеуі де бар. Бірінші көзқарасты жақтаушылар ғылымымыздың аға буын ғалымдары Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б.
Қазақ тіл білімінде М.Балақаев жазба әдебиет тілі ғана әдеби тіл бола алады деген принципті соңғы кезге дейін бұлжытпай ұстанып жүрген ғалым. Ол: «әдеби тіл-жазба тіл». Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды...Әдеби тіл деген ұғым халықтың жазу мәдениетімен тығыз байланысты екен. Әдеби тіл жазу арқылы әдеби мұраларды баспаға басып, жұртқа тарату арқылы, ауызекі тілдің бай-лықтарын екшеп саралау арқылы қалыптасады:-деп жазады М.Балақаев.
Сөйтіп, көптеген зерттеушілер әдеби тілді жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін халықтың бәріне не көпшілігіне ортақ, түсінікті, қоғамдық қызметі әр алуан жалпыхалықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған түрі деп көрсетіп жүр.
Әдеби тіл сөйлеу тілі (ауызша) арқылы да, жазба тіл (жазбаша) арқылы да көріне береді, жарыққа шығады. Сөйлеу тілі мен жазба тілі – жалпы тілдің өмір сүру формалары. Сондықтан әдеби тілдің жазбаша және ауызша түрлері өз ішінде бір ыңғайда бір-біріне қарама-қайшы болып келгенімен, бірін-бірі толықтырып тұтасып кететін реттері де бар.
Әдеби тілді тек жазбаша тіл деп түсінсек, тек орфографиялық норманы ғана мойындасақ, орфоэпиялық норма деген ұғымның барлығына ешкім күманданбайды және әдеби норманың бір саласы, түрі екеніне дау айтпайды.
Әдеби тілдің қарқынды дамыған шағында, жазу сөйлеу мәдениетінің толысқан кезінде оның орфоэпиялық және орфографиялық нормалары жеке-жеке қалыптасады. Ол нормалар тілдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, жазу дәстүрінің байлығына, көнелігіне байланысты бір-бірінен алшақ немесе жақын бола береді. Әдеби тілдің орфографиялық нормаларын жетілдіре түсуде көркем әдебиеттің, газет-журналдардың, ғылыми әдебиеттің, басқа да жазба әдебиет түрлерінің, жалпы оқу-ағарту ісінің орны ерекше. Жеке сөздер, тіркестер, сөйлем құрылыстары тілдің ішкі заңдылықтары негізінде жазба әдебиетінің әр салалары арқылы сыртқы тұлғасы жағынан тұрақталып, жұрттың бәріне ортақ бола бастайды. Бұл істе емле ережелерінің жиынтығы, орфографиялық сөздік сияқты құралдардың атқаратын қызметі зор.
Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тілді осылай басты-басты белгілеріне қарай анықтау арқылы оның ауызекі тілден айырмашылығы бар екенін де аңғарамыз. Әдеби тілмен қоян-қолтық қарым-қатынасқа енбеген ауызекі тілде шашыраңқылық, ала-құлалық күшті болады. Ауызекі тілді әдеби тіл дәрежесіне көтеру үшін алдымен оның байлығын арттырып тілдегі бар материалды жазба әдебиеттің елегінен өткізіп, таңдап, сұрыптап, сымбаттылық қасиетін, жетілдіру керек. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы болып есептеледі. Тілді, оның әдеби түрін де халық жасайды. Оның халықтық негізін бұзбай, ұтымды, өскелең байлықтарын кең түрде пайдаланып, жақсы қасиеттерін дамыта түсуде алдыңғы қатардағы прогресшіл халық уәкілдерінің, ақын-жазушыларының, өнер-білім иелерінің, басқа да қалам қайраткерлерінің атқаратын қызметі ерекше.
Көркем әдебиеттің, алдымен поэзия, сонан соң проза жанрларының, негізінде дамыған әдеби тіл мен ғылымның, өнер-білімнің, газет-журналдың, мемлекеттік іс қағаздардың т.б. тілдегі әр кезеңде әр түрлі дәрежеде дамыды. Бәрінің де әдебилік қасиетке ие болуы халықтың жазу мәдениетіне байланысты. Сонда да жазба тіл – тілдің әдеби қалыпқа түсінуінің басты белгісі. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары екшеліп, оның құрылысы жүйелі қалыпқа түсіп дамыды. Қазақ халқының жазуы болмай тұрған кезде бай ауыз әдебиеті болды.
Ауыз әдебиеті - әдеби тілді қалыптастырудың алғашқы лабораториясы әдеби тілді шыңдаудың әдепкі дүкені. Бірақ фольклор тілінде жалпыға ортақ тілдік нормалар түгел бола бермейді, көп жерде ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі ауызекі сөйлеу тілімен ұштасып жатады. Демек, фольклор тілі әдеби тілді жалпыхалықтық тіл негізінде дамытуға, халық тілінің байлықтарын, көркемдік мүмкіншіліктерін пайдалануға керек сарқылмас қазына болып табылады. Сөйтіп, жазба әдеби тіл деген ұғым халықтың жазу мәдениетімен тығыз байланысты екен. Жазба әдебиетін жазу арқылы әдеби мұраларды баспаға басып жұрт арқылы ауызекі тілдің байлықтарын екшеп саралау арқылы қалыптасады.
Әдеби тіл – жүйелі тіл. Жазба тілдің ілгері даму барысында халық тілінің сөз байлығы молайып грамматикалық құрылысы ықшамдалып сұрыпталады; жазу мәдениеті арқылы халықтың тіл мәдениеті артады. Сөйлеу тілінде, көптеген сөзді әркім әр түрлі айтатын, түрліше қолдану болса, әдеби тілде олар жұрттың бәріне бірдей, бір қалыпты жұмсалады. Ондай бір ізділік орфография да орфоэпия, грамматика термин, әйтеуір тілдің, тіл мәдениетінің барлық тарамдарында болуға тиіс. Нормаға түспеген тіл әдеби тіл деп есептелмейді.
Тілдің нормалану дәрежесі неғұрлым айқын болса, оның әдебилік қасиеті соғұрлым жоғары болады.
2. Әдеби тілдің стильдер жүйесі мен нормалары.
Әдеби тіл – белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Әдеби тілдің сұрыпталып, сымбатталған тұрақты нормалары болмаса ол жалпыхалықтық тілдің жетілген, ең жоғарғы сапалы түрі болу қасиетіне жетпес те еді. Тілдің әдебилігі, сол тілде сөйлейтін адамдардың баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның орныққан жүйелі нормалары негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар – бір күннің, тіпті бір жылдың ғана жемісі емес, тілдің даму барысында көптеген ғасырдың жемісі. Әдеби тілдің өзіндік нормалары тілдік құрылымының әрбір деңгейімен немесе қабатымен тығыз байланыста болып, солардың шеңберінде көрініп отырады.
Тілдік құрылымның әр деңгейінің қалыптасқан, шындалған, сымбатталған тұрақты нормалары болып отырады. Сол деңгейлік нормалар жиынтығы және солардың жүйесі жиналып келіп, әдеби тілдің бір бүтін жалпы нормаларын құрастырып қалыптастырады. Міне, сол нормаларының негізінде әдеби тіл адамдар арасындағы қатынас құралының басқа да түрлерінен, тіпті әдеби тіл шеңберіне енбейтін жалпыхалықтық тілдің диалекті-лері, қарапайым сөйлеу тілі, т.б. түрлерінен ажыратылады.
Әдеби тілдің нормаларын толық түсіну үшін, оны тілдік құрылымның жеке-жеке деңгейлерін және солардың жүйелі тілдік элементтері мен олардың қолданылуы ерекшеліктерін, ой білдіру үшін бір-бірімен тіркесу, қосылу мүмкіндіктерін ондағы белгілі заңдылықтарды ой білдірудің нормалы материалы болуын т.с.с. айқындап алу қажет.
Жазба әдеби тіл – стильдік тармақтары бар тіл. Жазба әдеби тіл қоғамның, мемлекеттің ресми тілі болған, оның қызметінде барынша кең болады. Ол – мемлекет бойынша жүргізілген іс қағаздардың, барлық әдебиеттің, оқу-ағарту жұмыстарының, өнер-білімнің тілі. Сол орайда түрлі-түрлі стильдер пайда болады.
Мысалы: Қазақ әдеби тілі ХҮІІІ ғ. – ІІ ж. іс қағаздар стилі, көркем әдебиет стилі болды. Қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің жұмсалу аясы кеңейді. Өмірдің әр алуан салаларында жұмсалатын әдеби тіліміз стилдік түрліше өң алып келеді. Қазір мынадай стильдер бар:
ресми іс қағаздар
публицистикалық
ғылыми-техникалық
оқу-педагогика
көркем әдеби тіл
Әдеби тілдің мұндай стильдік тармақтары әдеби тілдің дамуы нәтижесінде жасалады. Тілдің стильдік жүйелерінің саралануы тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі.
Әдеби тіл – қоғамдық қызметі ерекше тіл.Сөйлеу тілі бетпе-бет қарым-қатынас жасаудың құралы болса, әдеби тіл - өнердің, мәдениеттің, ғылымның, өнер-білімнің, саясаттың, кеңсенің, баспасөздің тілі әдеби тілдің біркелкі әрі жаппай қоғамдық өмірдің барлық саласында да жұмсалуы оның ұлы тілі болуының да белгісі. Әдеби тіл – қоғамдық қатынас құралы болуымен қатар, қоғамның ілгері даму күресінің де құралы. Ол өзінің ілгері даму барысында әдебиеттің, мәдениеттің, ғылымның, өнердің дамуына да ықпалын тигізеді. Әдеби тіл бір жағынан халық тілімен байланысу бойынша сіңіру орайында кемелденсе екінші жағынан халықтың сөйлеу тіліне өзі ықпалын тигізеді. Сауатты, мәдениетті жұрт әдеби тілмен сөйлеуге тырысады да ақырында, ол – жалпы халықтық дәстүрге айналдырады. Соның нәтижесінде әдеби тілдің екі түрі пайда болады: бірі – жазба әдеби тілі, екінші – сөйлеу (ауызша) әдеби тілі.
Басқа да қоғамдық құбылыстар сияқты әрбір әдеби тілдің туу тарихы, қалыптасып, даму кезеңдері болады. Әдеби тіл белгілі бір халықтың, қоғамдағы адамдардың бәріне түсінікті ортақ қатынас құралы болғандықтан, оның туып, қалыптасуы, дамуы сол халықтың шығуы мен тарихына байланысты. Өйткені дүние жүзіндегі әр түрлі әдеби тілдер бірдей, бір кезеңде, бір жолмен біркелкі қалыптасқан жоқ. Әр өзіндік ерекшеліктігі, айырмашылығы болады. Әдеби тілдің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ жайларды осыдан байқаймыз. Әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады.
Әдеби тіл халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір ғана диалектісінің негізінде қалыптасады. Басқаша айтқанда, белгілі бір халық бірнеше диалектіде сөйлейтін болса, диалектісінің біреуі бірте-бірте сол халыққа түгел ортақ бола бастайды да, кейін сол диалект әдеби тілге айналады. Бір диалектісінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуінің өзіндік себептері бар, өйткені сол тілдің басқа диалектілеріне қарағанда кейбір артықшылықтары болады. Мысалы: әдеби тілге негіз болған диалектінің әсері тілдің басқа диалектімен салыстырып жанрлық, стильдік тармақтары дами түскен болуы, сөздік қоры бай болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл диалектіде жазылған ақын-жазушылардың шығармалары сол халықтың көбіне не бәріне тегіс таныс болып, ол шығармалар жалпыхалықтық сипат алуы мүмкін немесе онда жазба әдебиет ертерек пайда болып, оның туындылары молырақ та, басқа диалектілерге түсінікті болуы да мүмкін.
Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да ықтимал. Әдеби тілдің бұлай қалыптасуы көбіне сол халықтың басынан кешірген саяси- экономикалық жағдайлары тығыз байланысты.
Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығы мен басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты болып келеді. Кей жағдайда әдеби тіл болып саналады. Бөтен тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде ғана өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айырылып қалады. Немесе ондай әдеби тіл жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, тек жазба ресми әдеби тіл шеңберінде қалып қояды.
Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың барлық иә бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпыхалықтық тілдің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Ондайда бұған кейде халықтың я жеке ру-тайпалардың көне дәуірінде болған жазба дәстүрі, сонымен бірге әр түрлі әдебиет дәстүрлері де әсер етіп отырады. Соңғы кезде қазақ тілінің көрнекті мамандары қазақтың әдеби тілі бір диалектінің негізінде емес, жалпы халықаралық тілдің негізінде қалыптасты деп санайды. Шынында да дамыған ұлт тіліне айналып, қоғамдық қызметінің артуы барысында сан салалы, көп жанрлық-стильдік қасиеті сомдана түскен қазақ әдеби тілі қашан, қалй қалыптасқан деген заңды сұрақ туады. Бұл мәселе жайында қазақ тілін зерттеген бірсыпыра мамандар өз пікірлерін айтқан болатын. Бірақ қазақ әдеби тілдің қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы осы күнге дейін тұрақты бір пікір жоқ. Әр ғалым әдеби тілдің белгілерін өзінше анықтап, қашан қалыптасқанын да сол ыңғайда қарастырады. Енді сол пікірлерге қысқаша тоқталайық.
Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мусабаев, М.Балақаев, Р.Сыздыкова, Б. Әбілқасымов және басқалары өз еңбегінде қазақ әдеби тілінің тарихи бастауы, қалыптасу жолдары мен кезеңдері жөнінде өз пікірлерін білдіреді. Н.Сауранбаев "К истории казахского литературнго языка" атты мақаласында қазақ әдеби тілі Ұлы Октябрь социалистік революциядан кейін ғана пайда болды деген пікірдің дұрыс еместігін, мұндай көзқарас тарихи фактілерді талдау негізінде емес, жай долбармен айтыла салған пікір екендігін сынай келіп, революциядан бұрын да әдеби тілдің болғанын көрсетеді.
Келесі бір мақала: Әдеби тілді тек жазумен ғана байланыста, оны тек кітаби жазба тіл деп анықтаушылық орта ғасырдағы әдеби байланыстан шыққан. Мұндай түсінік теріс түсінік. Қазіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысынан ғана қарап анықтау дұрыстыққа жатпайды, - деп орынды пікір айтады. Әдеби тілді ХІІ ғасырдан бастап жасалып, ХVғ. Орта Азия Қазақстан халықтары арасында толық тараған… Академик А.Н. Самойлович айтқандай, Орта Азия түрік әдебиет тілі деп аталатын жазба тілдің кітаби тілдегі нұсқалардың екінші жағынан XVIII ғ. бұрын шыққан. Халықтың ежелден келе жатқан бай ауыз әдебиетінің нұсқаларының қазақ әдеби тілдің қатысы бар екенін қазақ әдеби тілді қалыптастырып дамытуда белгілі роль атқарады, маңызы бар екенін орынды көрсетеді.
Қазақ әдеби тілі тарихын Н.Сауранбаев мынадай дәуірлерге бөледі:
ХІХ ғ. - ІІж. дейінгі дәуір
ХІХ ғ. - ІІ ж. ХХ ғ. 2бж. дейін,
Кеңстік дәуір
Қазақ әдеби тілі қайдан басталатыны қалыптасу тарихы туралы пікірді С.Аманжолов айтты қазіргі қазақ әдеби тіл солтүстік-шығыс диалектісі негіз болды. Оған себеп болған автордын пікірінше, 1-ден орыстың озық мәдениетіне бір табан болса да бұл территориядағы қазақтың жақындығы болса, 2-ден Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин сияқты оқыған ғалымдар мен көркем сөз шеберлерінің тарих сахнасына келуі еді. Абай мен Ыбырайдан бұрын әдеби тіл өрнегінің үлгісі боларлықтай жазба әдебиет өкілі болған жоқ еді. Бұлар қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушылары. Абай халықтың тіл қазынасынан жеке сөздерді, фразаларды құрылыс материалдары сияқты таңдап, өнерлі шебер үлкен суреткер ретінде олардан көрікті сөз күмбездерін орната білді. Осындай ерекшеліктері негізінде ХІХ ғ. ІІж жалпы қазақтың ұлттық тілінің қалыптасу кезеңіндегі шешуші диалект қазақтың диалектісі болуы да ол қазіргі қазақ әдеби тілі негіз болды деп қорытады автор.
Қазақ әдеби тілінің тарихы басталу кезеңі, қалыптасу дәуірлері туралы Ғ.Мұсабаевтың да пікірі бар: "Становление и развития казахского литературного языка и вопросы казахского диалектики" деген еңбегінде автор әдеби тіл деген ұғымды қалай түсіну керектігін аша кетеді. Әдеби тілді белгілі бір халықтың біртұтас ортақ тілінің ең жоғарғы формасы ретінде түсінушілікпен қатар оған ұлттық тіл және жазба тіл деген ұғымдарды қосатынын айта келіп, бір ұғымның өзі тепе-тең бола бермейтінін айтады. Белгілі бір халық ұлтқа айналғанда ғана оның әдеби тілі ұлттық сипат алады, ал оған дейін де әдеби тіл болуы мүмкін. Екінші жағынан әдеби тілдің дамуы жазудың тууымен тығыз байланысты болса да, жазба нұсқалардың бәрі бірдей әдеби тіл ұғымын тек жазба тілмен ғана байланыстырмай, ерекше экономикалық және саяси жағдайларға байланысты белгілі кезеңде өз жазуы болмаған халықтың рухани мәдениетінің формасы болып табылатын жалпыға ортақ қалыптасқан тілін де әдеби тіл деп түсінеді.
Ал әдеби тілге негіз болған жалпыхалықтық қазақ тілінің көне тарихы, Ғ.Мұсабаевтың айтуынша көне түркі жазба ескерткіштерінің тіліне саяды.
Қазақ әдеби тілі тарихының өзекті мәселелері жөнінде пікір айтқан Р.Сыздыкова.
Ғалымның қазақ әдеби тілінің өзіне тән басты белгілерін анықтауға арналған мына пікірін келтіру орынды. Әдеби тілдің ең басты белгісі-оның өңделген, сұрыпталған нормаланған тіл болуы, бұл-бір, қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғамдық мүшенің басын қосушы, оған жалпыға ортақ қасиеті болуға тиіс. Екі әдеби тіл қоғамның қолдану практикасында сыннан өткен нормалары қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт.
Соңғы кезде қазақ тіл білімінде әдеби тілдің өзіндік ерекшеліктерін оны басқа тілдік құбылысын бөліп айыра аларлықтай негізгі белгілерінін, оның көріну формаларын анықтауда екі түрлі көзқарас болып отыр. Оның бірі әдеби тіл тек жазба тіл, демек, тек жазба әдебиет тілін ғана әдеби тіл деп тануымыз керек те, ауыз әдебиет ауызша шығармалар тілі тіпті авторлардың болуына да қарамастан әдеби тіл бола алмайды.
2-сі әдеби тіл тек жазба тіл емес, әдеби тілдің сөйлеу тіл формаларының да болуы, демек әдеби тіл деп жазба әдебиет тілін ғана емес ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келеген әр түрлі әдебиет нұсқалары тілі деп танылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |