Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті


Нысанның жедел тактикалық сипаттамасы



бет3/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#139913
1   2   3   4   5

Нысанның жедел тактикалық сипаттамасы.

«Интергазцентразия» АҚ-ның Ақбұлақ ауылы, Ақсукент-Қарамұрт тас жолы бойында орналасқан. Нысан жалпы көлемі 4,06 га. Нысан аумағында қосалқы қызмет блогы, компрессор цехы, жанар-жағар май станциясы, қойма, әкімшілік ғимараты, ВКНС, жаңаұлағыш, гараждар орналасқан. Компрессор станциясы табиғи газды қысымын бірдей көлемде ұстап тұру үшін арналған. Машина залында табиғи газды бес агрегат бойынша жіберіп береді. Машина залының ғимараты бір қабатты, ғимарат аумағы 40 х 5 м, сыртқы және ішкі қабырғалары темір бетон плитамен жабдықталған. Екі эвакуациялық есіктер орналасқан. Ғимарат ІІ дәрежелі отқа төзімді.


Өрт сөндіру және дабылқақыш қондырғысы.

1. «Интергазцентразия» АҚ-ның бөлмелері өрттен қорғау дабыл қондырғыларымен жабдықталған.

2. Өрт сөндіру қондырғысы қарастырылған.

3. Камера мен бейне бақылау жүйесі орнатылған.


Электрмен жабдықтау, жылу жүйесі және желдеткіші.

«Интергазцентразия» АҚ-ның машина залы ғимаратын электр қуатымен қамтамасыз ететін бөлек тұрған ТП-104 электр торабы арқылы толығымен электр желісінен ажыратуға болады. Ғимараттың дәлізінде есіктің сол жағында электр желісінен ажыратқыш орнатылған.


Сумен қамтамасыз ету жүйесі.

«Интергазцентразия» АҚ-ның аумағында өрт сөндіру мақсатында 6 дана өрт гидранты, 2 дана су қауызы орналасқан.


Өрттің даму болжамы.

Нысанның жедел-техникалық сипаттамасын ескере отырып өрт болуы ықтимал орны машина залындағы компрессордағы қысымдың көтеріліп кетуінен жарылыс шығуы мүмкін деген болжам бар. Өрт шығу салдарынан отқа қауіпті заттар жануы мүмкін. «Интергазцентразия» АҚ-ның машина залы ғимаратында орналасқан бөлменің көлемі 40х 5 м. Бірінші бөлімше келген уақытта бөлменің іші толық ашық жалынға оранып, көрші бөлмелері қою түтінге оранады, түтін шатырға жайылуына қауіп төнеді.

Өрттің көлемінің болжамы:

- өрттің таралу желілік жылдамдығы (линейная скорость) – Vл = 3,0 м/мин

- өрттің даму болжамы бойынша өрт сөндіруге жұмсалатын судың мөлшері

- J = 0.06 л/с м2.



2. Өрт жағдайының анализі
2.1. Өндіріс ғимараттарында өрт сөндіру

бойынша жалпы жағдайлар.

Тағайындалуы, қабаттылығы және нысанды сипаттайтын басқа элементтер, бөлмелердегі өрт сөндіру және дамуы тек қана жеке жақтарына әсер етеді.

Өрт сөндру басшысының міндеті ең алдымен нысандағы өрттің дамуының жалпы параметрлерін анықтау, ал олардың негізінде оларда өрт сөндірудің аса эффектті әдістерін дайындау.

Нысандардағы өрт кезінде газ алмасу шарты ашық кеңістіктегі өрт кезіндегіден гөрі жақсы. Ашық кеңістіктегі газ алмасу тек жану өнімдерінің температурасының өзгешелігінен және атмосфералы ауаға байланысты, ал ғимараттағы өрт кезінде газ алмасу сәулетті-құрылысты, технолнгиялық сипаттамаларынан және көлемді-жоспарлы шешімдермен байланысты.

Нысан сәулетті құрылысты ұсынады, әртүрлі тағайындалуда бірнеше бөлмеден немесе бір бөлмеден тұрады. Сондықтан ең алдымен нысан бөлмелеріндегі өрт жағдайын анықтайтын жалпы факторларды қарастырамыз.


2.2. Өрт жағдайын жобалау және бағалау
Нысандағы өрт жағдайын бағалау және жобалау негізгі параметрлері уақытта және кеңістікте анықталады.

Ең алдымен жанып жатқан бөлменің бағалауы және жобалауы жүргізіледі, содан кейін оны жою жүргізіледі және күш пен құралдар бөлінеді.

Ғимараттардағы барлық жағдайдағы өрт сөндіру кезінде өрт дамуының үш параметрі жобаланады:

өрт ауданы;

жанып жатқан бөлме көлемінде температуралық режим;

бөлмедегі өрт даму кезіндегі газ алмасу.

Берілген бөлмедегі өрт ауданын жобалау кезінде оның көлемін анықтайтын негізгі параметр бөлме биіктігі h және газ алмасу шартының коэффициенті Кг өрт ауыртпалығының qп функциясы болып табылатын өрт тарауының сызықтық жылдамдығы болып табылады:

vл =f(qп, Кг,h)

Қазіргі кезде өрттерді математика-статистикалық анализ-сипаттау негізінде алынған көлемнің орташаланған мағынасымен қолданылады.

Температураны жобалау кезінде өрттің еркін дамуы процессінде болуы мүкін: температураның жоғарылауы, орнатылған режим және температураның төмендеуі.

Орнатылған режим жану газдары мен берілетін ауа шығынының қосындысына тең жанып жатқан бөлмеден шығып жатқан газдар шығыны тең кезінде болады. Мұндай жағдай жанып жатқан бөлме көлемінде бейтарап аймақ орнатылған кезде болады.

Бейтарап аймақтан төмен қысым атмосфералықтан төмен, сондықтан бөлме көлемінің бұл бөлігіне сыртқы ауа саласы болады. Бейтарап аймақтан жоғары атмосфералы қысым жоғары. Бұл оттың және қызған жану өнімдерінің таралуына әкеп соғады, бірінші кезекте, бейтарап аймақтан жоғары орналасақан жанып жатқан бөлме көлеміне. Нысанды немесе жеке бөлмелерді жобалау және өрт жағдайын бағалау кезінде ең бастысы бейтарап аймақтың орналасу орынын толық анықтау, берілген сәтте уақытта немесе өрттің мүмкін динамикасын ескеріп аналитикалық формула бойынша:

hн =

мұндағы hн – төменгі қуыстың геометриялық ортасынан бейтарап аймаққа дейінгі арақашықтық, м; Н – төменгі және созылмалы қуыстар арасындағы арақашықтық, м; Sп және Sв – төменгі және созылмалы қуыстардың ауданы; pп және pв - сәйкесінше сыртқы ауаның және шығатын жану өнімдерінің тығыздығы, кг/м3 .

Жанып жатқан бөлменің қоршау конструкциясында бір қуыс бар кезінде бейтарап аймақ шамамен 1/3 биіктікте орналасады. Ғимараттардағы өрттің дамуын жобалау кезінде азаматтық және өндіріс ғимараттарында өрттің негізгі тарау жолдары жанатын конструкциялардың сыртқы және ішкі бетте болуы мүмкін; қуыстар және конструктивті элементтердегі әртүрлі конструкциялар; сато торлары, көтергіш (лифт) шахталары, желдеткш каналдары. Жолдардың соңғы екі түрі нысандардағы өрт кезіндегі түтін тарауының негізгі жолдары болып табылады.

Көп қабатты бірінші, екінші, үшінші өрт төзімділік дәрежелі нысандардағы өрт кезінде ауалы конструкциямен конструкция ішінде және көлденең оттың тарау бағыты бар, әсіресе коридорлы схема кезінде. Бірақ бұл нысандарда от төмен және жоғары орнласқан бөлмелер қатынасы бойынша тарауы мүмкін, әр түрлі қабырғалардағы, аражапқыштардағы қуыстар арқылы, саты торының және лифттің шахталары бойынша, желдеткіш каналдар бойынша.

Жану интенсивтілігі, оттың және түтіннің тарауы нысандардағы өрттің дамуы кезінде құрылыс конструкцияларының құлауына әкеп соғуы мүмкін.

Нысандарда өрт сөндіру кезінде конструкциялардың нақты өрт төзімділі дәрежесін бағалауды қарастыру кезінде қате шешімдер қабылдануы мүмкін. Практикада бірнеше жағдайлар болған, күш пен құралдар конструкция құлауының қауіпі жоқ кезде шығарылады және керісінше, ал кауіп туындаған кезде шығарылмайды содан жеке құрам өліміне әкеледі.

Өрт сөндіру басшылары өрт төзімділік шегінен бағдар алады, кейде (улкен өрт төзімділік бар кезде) кейде конструкция қорғанысына күш пен құралдарды бөлмейді.

Нақты жағдайда құрылыс әрекетін анықтау кезінде конструкция құлауының сипатты белгілерін білу қажет.

Мысалы, темір бетонды конструкцияның құлауына қисаю мен жарылу әсер етеді

Штукатуркамен қорғалған қабатымен ағашты конструкциялардың құлауына штукатурканың қалыңдауы әсер етеді.

Құрылыс конструкцияларына әртүрлі динмикалық және статистикалық уақытша ауыртпалықтар әсер етеді (жоғарыдағы конструкциялардың құлауы, жарылыс кезінде түзілетін соққы толқыны, жеке құрам жиналуы, судың көп мөлшері және т.б.).

Практика көрсеткендей нысандарда тік бағытта өрт тарағаннан кейін өрттермен күресу от қаббаттағы бөлмелер бойынша тарай бастайды. Осы кезде қабаттағы бөлмелер бойынша оттың тарауы бір жақты немесе екі жақты болады. Кейбір жағдайларда от барлық жақтарға тарауы мүмкін немесе кез-келген бұрышқа. Бірақ оттың тарауы уақыт ағысымен екі жақты немесе бір жақты болады. Бұл кезде оттың тарау шеп ені от таралатын бөлме енімен тең болады.



2.3. Өрт сөндіру құралдары және әдістері.
Бірінші топтағы бөлмелердегі өрт сөндіру кезінде жануды тоқтату үшін барлық өрт сөндру құралдары қолдануы мүмкін (су, көбік, жанбайтын газдар мен булар және т.б.). Осы топтағы бөлме көлемінде жануды тоқтату үшін жану қабатына жанбайтын газдар мен буларды берумен немесе сумен және көбікпен бөлмені толтырумен жасалады.

Екінші топтағы бөлмелерді сөндіру үшін негізінен көбік пен су қолданылады. Жанбайтын булар мен газдар қолданылмайды, өйткені осы топтағы бөлмелер көлемі бойынша үлкен болуы мүмкін.

Өрт сөндіру практикасы көрсеткендей техника-экономикалық және тактикалық көрсеткіштер аса эффективті бірінші және екінші топтағы бөлмелерде өрт сөндіру заттары су мен көбік болып табылады.

Су мен көбікті беру үшін негізгі өрт автомобмльдері қолданылады (автоцистерналар, автосорғыштар).

Жауынгерлік әрекеттің негізгі түрі шешімді және үзіліссіз отқа шабуыл оны толық жойғанға дейін болып табылады. Көптеген жағдайда өрт бөлімдері жылудың қатты әсерінен конструкцияның жанбаған қабатын қорғай алады.

Жауынгерлік әрекеттер келесі әдістермен жүргізілуі мүмкін:

зейін қойып және күштерді тек қана шеп сызығы бойынша бөлменің барлық тереңдігіне жайылады;

зейін қойып және күш пен құралдарды таралудың шебі бойынша отқа кезекті шабуылмен өрт ауданының ортасына барлық бағыт бойынша өртке бастапқы шабуылмен.

Бөлмелердегі өртті сөндіру үшін РСК-50, РС-50, РС-70 және лафетті оқпандары қолданылуы мүмкін.

РСК-50 және РС-50 оқпандарын биіктігі 6 метрге дейінгі екінші топтағы бөлмелерді сөндіру кезінде қолданылады. РС-50, РСК-50 оқпандары аса маневрлі болып табылады, сондықтан оқпандармен берілетін суды пайдалану коэффициенті жануды тқтату шартын тоқтату үшін жоғары болады.

Биіктігі 6 метрден жоғары екінші топтағы бөлмелерге РС-70, лафетті оқпандары қолданылады. Биіктігі 6 метрге дейінгі бірнші топтағы бөлмелерде РС-50, РСК-50 оқпандарын қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл бөлмелердегі өрттің ауданы аса мағыналы болуы мүмкін, ол үшн аса күшті оқпандарды қолданған жөн.

Биіктігі 6 метрден жоғары бірінші және екінші топтағы бөлмелерде биіктік бойынша мағыналы қашықтықта суды беру қажеттілігі туындайды, оны РС-70 және лафетті оқпандар көмегімен жасауға болады. РС-50 оқпандарын барлық бөлмелерде қолданылады, әсіресе өртке келген бөлімдер өртті даумуының бірінші фазасында ұстаса.

Өрт сөндіру процесі кезінде қорғаныс үшін РС-50 оқпандары қолданылады.

Оқпандардың типіне қарамай өрт сөндірушілер өрт сөндіру үшін суды шекті беруі керек. Оқпаншылардың жұмысын түтінге жіберуге болмайды, бұл тек судың шығынына әкеледі және материалды шығынға әкеледі.

Практикада оқпаншылар позицияны дұрыс таду жағдайлары болуы мүмкін, бірақ олар ағынды пайдалану максималды коэффициентін қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайда оқпаншылар позициясында конструкцияны бұзып шашу қажет.

Қажетті жағдайды тудыру бойынша бөлімдердің әрекеті бөлмедегі түтіннің көбеюімен қиындайды. Өрт сөндіру кезінде оқпаншылардың жану аймағына өтуге түтін және газ негізгі кедергі болып саналады. Сондықтан өрт сөндіру үшін оқпаншылардың жұмысына бөлмеде жұмыс аймағын жасау керек. Бұл кеңістік бейтарап аймақтан төмен орналасады, яғни қысым атмосфералыдан төмен болғанда және сыртқы таза ауа берілетін жерге. Бұл кеңістіктің көлемі биіктігі бойынша бөлме еденінен 1,5-2 метр болуы мүмкін. Оқпаншылар үшін жұмыс аймағын тудыру үшін бейтарап аймақты жоғарылату қажет.

Бейтарап аймақты жоғарылату екі әдіспен жүргізілуі мүмкін: табиғи және қысамалы. Көп жағдайларда бейтарап аймақты жоғарылату табиғи желдетумен жасалады. Ауа алмасу қоршаудағы қуыстар арқылы жасалады.

Бейтарап аймақты табиғи желдету есебінен екі әдіспен жетуі мүмкін:

Бөлмеден жану өнімдерін созылмалы жұмыс жасайтын ауданның жоғарға қуыстарын үлкейтумен. Кейде өртті жою шартын орындау мақсатында крнструкцияны жаруға тура келеді (мысалы блокталған ғимараттарда);

бөлмеде ауа ағынына жұмыс жасайтын төменгі қуыстардық ауданының төмендеуі.

Бірінші әдіс бойынша жұмыс аймағын тудыру үшін үстіңгі бөліктен 1,5-2 есе төменгіден асатын бірнші әдіс бойынша қуыстар жасау керек, ал екінші әдіс бойынша – жоғарғыдан 1,5-2 есе кіші қуыстарды жабу керек.

Егер табиғи желдетумен газды ағындарды басқару мүмкін болмаса, онда түтін сорғыштарды қолданады. Бұл көбінесе қосымша қуыстарды жасау қиын бірінші топтың бөлмелерінде бейтарап аймақты жоғарылату үшін қоданылады (мысалы, жертөрелерде, тоңазытқыштарда).

Түтінсорғыштарды түтінді басу үшін биіктігі 6 м-ге дейінгі бірінші топтағы бөлмелерде пайдалану ұсынылады. Түтінсорғыштың жұмысы кезінде берілетін таза ауа ағынымен қысылатын сияқты және осымен оқпаншының қозғалысы үшін жолды босатады.

Түтінсорғышты жану өнімдерін сору үшін ең жақсысы созылмалы қуыста орнатқан жөн. Бұл кезде қуыстардың ауданын төмендету қажет. Түтінсорғыштар өртте жеке құрам жұмысын жеілдетеді, әсіресе егер олармен бірге брезентті поплотнища-перемычкалар қоданылса. Таза ауаны жіберу үшін түтінсорғыштар ерекше жағдайларда ғана қолданылады.

Егер бейтарап аймақты жоғарылатса, онда оқпаншылар өрт ошағына тыныс алу мүшелерін жекелей қорғау құралдарымен қозғалуы керек.

Бейтарап аймақты жоғарылату бөлмедегі температураның төмендеуіне әсер етеді. Бөлмедегі темпратураны суды шашу арқылы төмендетуге болады.

Ғимараттарда өрт сөндіру кезіндегі оқпандарды беру орыны мен кезектілігі көбінесе жану мен түтіннің тарау схемасына байланысты.

2-ші схема бойынша өрт даму кезінде оқпандар жоғарыда, төменде орналасқан және көрші бөлмелерге беріледі.

Ғимараттың жеке бөлшектерін бұзу тек қажет кезде ғана жасалады, яғни өртті сөндіру бұзусыз мүмкін болмаса.

Өртті жою кезінде жану қайтадан өрбуі және оларды жою мақсатында ғимараттың барлық бөлмелерін қарау қажет.

Күш пен құралдарды өрт сөндіру кезінде ғимараттан толық шешуі тек жану толығымен тоқтағанда және берілген кезде оның қайтадан жанып өрбу жағдайы толығымен жойылған кезде жургізіледі.

Ғимараттағы өртті сөндірудің жалпы уақыты барлық бағытта өртті жою уақытынан анықталады.




2.4 Құбырлардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

1. Газ және мұнай өткізгіштердің магистральдық диаметрлері 1,0-1,5 м және одан асады, өнім өткізгіштер 0,20,4 м және одан астам, технологиялық құбырлардың диамертлері кең диапазонда өзгеріп отырады,10-20 мм-ден 300-400 мм дейін.Магистральдық құбырлардың ұзындығы 2-3 мың шақырымға жетеді,технологиялық қондырғылар мен кәсіпорындарда құбырлардың ұзындығы ондаған және жүздеген шақырымдарды құрайды.

2. Магистральдық құбырлардағы өнімдердің қысымы 5-7 МПа аспайды,ал олардың температуралары қоршаған ортаның температурасына жақындау болады.Технологиялық құбырлардағы өнімдердің қысымы өте төмен мөлшерден 100-150 МПа дейін өзгереді,ал температурасы - 190С-тан 900С дейін және одан жоғары болады.

3. Жанғыш газдар мен сұйықтықтарды тасымалдауда, яғни қалыпты пайдалану режимінде құбырлардың ішінде жарылыс қаупі бар концентрациялар пайда болмайды.

4. Құбыр ішіндегі металдың эрозиясы, ішкі және сыртқы тоттануы көп жағдайда жасырын сипатта дамып,әдетте құбырдың жергілікті герметизациясының күрт жойылуына әкеледі, ал ішкі қысымның бір мезгілде әрекеттесуі нәтижесі құбырдың толықтай герметизациясының жойылуына әкеледі.

5. Газ құбырының апаты кезінде жерге жақын қабаттағы ЖҚ аймағының мерзімі газдың қысымына , тесік қимасының ауданына , ағып кту ұзақтығына, газдың физика-химиялық қасиеттеріне, оның температурасына, ағу бағытына, атмосфераның қалпына, жыл мен тәулік уақытына, жергілкті ландшафтқа және басқа факторларға байланысты болады.

6. Құбырлардан сұйытылған жанғыш газдың (СЖГ) шығуы көбінесе бұрқақша атқылаумен, жер беті бойынша ағып кетумен немесе қайнаған өнім суының суық тығыз будың қабатының үстінде буға айналумен жалғасады. Бу аумен аралыс, жарылыс қаупі бар концентрациялардың тез өсетін аймағын құрайды, олардың ұзақтығы жер бетіне жақын қабатында болуы шығатын СЖГ мөлшеріне, оның қасиетінен және сыртқы факторларға байланысты болады.

7. Құбырлардан ТТС мен ЖС шығуы жарылыс қаупі бар аэрозольдердің пайда болуымен ілесетін бұрқақша атқылаумен, жер беті бойынша ағуымен немесе ЖҚК аймақтарының пайда болуымен байланысты су буларымен, сонымен қатар өнімдердің топыраққа сіңуімен ілеседі. Құбырлардың (әдетте жергілікті сипаттағы) зақымдалуы құбырдың бетін ашып тастамай, жерде белгілі тереңдікте болған кезде,топырақта өнімдердің шоғырлануы өтеді, линзалардың пайда болуы мен белгілі бір қашықтықтарға жерасты суларымен бірге олардың көшуі болады.

8. Уақытылы шаралар қолданбаған жағдайда мыналар болуы мүмкін:

- сұйықтық төгілумен ілесетін газ-әуе қоспасы (газды тасымалдау кезінде) немесе бу-әуе қоспасының (сұйықтықтары тасымалдау кезінде) өртпен ілесетін жарылыс өтеді;

- төгілу өртті ғана.

ЖГ,СЖГ бен ТТС үшін жарылыс қауіптілігі бар қоспалар тәжірибе жүзінде жыл мен тәуліктің кез келген уақытында пайда болуы мүмкін.

9. Тұтану көздері болып табылатындар:

- өздігінен тұтану мен одан жоғары температураға дейін қыздырылған заттар;

- үйкелмелік ұшқындар (соққы мен үйкелу ұшқындары);

- пирофорлық шөгінділердің өздігінен тұтануы;

- электр қуатынан жылудың шығуы ( найзағай разрядтары, электр дәнекерлеу жұмыстары,электр жүйелердегі қысқа тұйықталу, үлкен өтпелі кедергілер және т.б);

- ашық жалын мен қатты қыздырылған үстіңгі беттері( алау,пеш,шырағдандар,газ-дәнекерлеу жұмыстары және т.б);

- тракторлардың,механизмдердің,автокөліктердің ішкі жану қозғалтқыштары,соның ішінде апат жағдайларын жоюға қатысатындар.

10. Жанғыш қоспаның жарылыс қуаттылығына ауа райы ( жыл мезгілі,атмосфера стратификациясы,ауның құбылмалылығы), сонымен қатар апаттық жағдай пайда болған сәттегі уақыт аралығынан тұтану көздеріне дейінгі аралық әсер етеді. Газ немесе бу-әуе бұлтының тұтануы кешірек болса, онда жарылыстың көлемі мен масштабтық салдары үлкен болуы мүмкін.

11. Құбырлардан жанғыш заттардың шығатын орындарының жанындағы жергілікті бедерде еңкіштік,жарлы сайлар,арықтар, су үстіңгі беттері (бұлақтар,өзендер,көлдер,сазды батпақтар) болуы үлкен қауіптілік тудырады. Бұл мұнай өнімдерінің жүздеген метрлер мен ондаған километрлерге дейін жететін арақашықтарда және үлкен алаңдарда төгілуіне әсер етеді. Бұталар мен ағаштардың,ғимараттар,саңылаусыз қақпалар осыған ұқсас тосқауылдардың болуы бір жағынан ЖҚК аймақтарының көлемдерін шектеуге және олрдың қарқынды өсуіне,ал екінші жағынан жанғыш газдар мен булардың шашырауына әсер етеді.

12. Магистральдық құқбырда өрттің пайда болу еркшеліктері мен дамуына құбырдың зақымдалу орындарын табумен және апат немесе өрт орнына апатқа қарсы өрт техникасын уақытылы жеткізумен байланысты қиындықтарды жатқызуға болады.


3 Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі
3.1 Жалпы ережелер
Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерінде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берілмейді. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгілері орнатылады.

Жарылыс және өрт қауіпті цехтер аумағына кіру және автомашина, трактор, көтергіш көлік және құрылыс механизмдерін орнатуға тек осы цехтердің, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауіпсіздік шаралары көрсетілген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол беріледі.

Жарылыс қауіпі және газ қауіпті жерлерде темірмен тағаланған ая киіммен жұмыс істеуге жол берілмейді.

Доңғалақтармен жүретін, А және Б санатты жарылыс қауіпі цехтерде орналасқан көлік арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемі қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көміледі.

Өрт кезінде өнеркәсіптік канализация желісі бойынша оттың таралуына жол бермеу үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемінде 0,25 метр биіктікте болуы тиіс.

Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөліктерінде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етеді.

Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берілмейді.

Өртену және жарылу қауіпі бар өнімдерді канализация жүйесіне шығаруға жол берілмейді. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.

Канализацияға шығарғанда өндірістік ағын сулардың температурасы 40ºC аспауы тиіс. Жалпы ағын температурасы 35ºC аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндірістік ағын суларын шығаруға жол беріледі.

Жарылыс қауіпі өндірістік үй-жайларда орнатылған желдеткіш жүйелерінің металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.

Желдеткіші бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берілмейді.

Жанғыш және жарылыс қаупті газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамсыз етеді.

Авариялық механикалық желдеткішті іске қосу газ талдағыш тетігі әсерінен автоматты түрде болуы тиіс, бұдан басқа, өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.

Авариялық механикалық желдеткішті газ талдағыш тетіктердің әсерімен автоматты іске қосу қамтамасыз етіледі және бұдан басқа өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.

Өндірістік үй-жайда өрт шыққан жағдайда ішіндегі желдеткіш жүйелері сөндіріледі.

Өрт, жарылыс қауіпті өндірістері бар үй-жайларды жылыту үшін ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольді жылу тасығыш ретінде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.

Өрт шыққанда және оның таралу қауіпі болғанда ауамен жылыту жүйелері дереу сөндіріледі.

Ауамен жылытуды үйлестіру желдеткішімен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.

Темір жол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге қосылған болуы тиіс. Құю-ағызу фронттары шегінде темір жол рельстері бір-бірімен темір электр арқылы қосылуы және электр тарту желісін жерге қосуға қатысы жоқ жерге қосу құрылғысына қосылады.

Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиіс. Жерге қосу өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы метр иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші қолданылады.

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангілерінің металл ұштықтары мен тез көтергіш құрылғылары шлангінің сыртына немесе ішіне оралған, иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткізгішінің бір шетін өнім өткізгішінің металл бөлшектеріне жалғайды. Ашық әдіспен құю ұштықтары ұшқын қауіпсіз материалдардан жасалған шлангілермен жүзеге асырылады.

Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді.



3.2 Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі
Фланецті қосулардың саңылауы арқылы өнімге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.

Ағып түсетін өнімнің тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газынжіберіледі және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.

Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттері өртенбейтін материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.

Ішін тексеру, тазарту және жөндеу үшін ашуға жататын аппараттар өнімдерден босатылып, іске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндірілуі, инерт газымен булануы немесе үрленуі және желдетілуі тиіс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудің ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттілігі жеке, кез келген жағдайға арналған өндірістік нұсқаулықтарымен белгіленеді.

Ыстық өнімді мұздатқыш арқылы өткізбей сынама іріктеу шүмектерін пайдалануға жол берілмейді. Бұру түтіктері және мұздатқыштың түтіктері жарамды жағдайда ұсталады.

Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берілмейді.

Өндірістік үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкін жұмыстарды жүргізуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берілмейді.

Іске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексеріледі, автоматты көрсеткіштер немесе температура мен қысымды реттегіштер, сұйықтық деңгейін өлшегіштердің дұрыстығы тексеріледі.

Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештерді өрт сөндіру бөліміне бүркеуді қосқанда дабыл беретін, бу немесе инерт газының бүркеуін тудыратын құрылғылармен жабдықталады.

Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәріздес отынның жеткізілуі тоқтағанда немесе қысымы белгіленген нормалардан төмендегенде іске қосылатын дабылмен жабдықталады.

Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берілмейді.

Пештің ішінде болуы ықтимал тұтануларды сөндіруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейін беріледі.

Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнімді төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айыру белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реті нұсқаулықта қарастырылады.

Пештен ыстық сұйықтықты түсіруге арналған авариялық ыдыс үнемі бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсірер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы беріледі.

Құбырларда үрлеме мен тесіктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етілген шегін асырғанда пешті пайдалануға жол берілмейді. Құбырлар күйіп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пешті пайдалану дереу тоқтатылады.

Пеш аумағының газдану қауіпі төнгенде дереу бу өшіру жүйесін өшіріп, пештің форсункаларын сөндіріп, өртке қарсы қызметі шақырылады.

Қос көзді тетіктері бұзылған құбырлы пештерді пайдалануға жол берілмейді.

Қос көзді тетіктердің тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткенде ғана тартуға болады.

Құбырлы пештердегі қос көзді тетік шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есіктерінің болуы байқалады.

Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсіптік канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты беті болуы тиіс. Алаңша жанғыш өнімдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Құбыр кеңістігінде сияқты, құбыр арасындағы кеңістікте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Аумен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткіштерді қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.

Колонна аппараттарының люктерін жоғарғысынан бастап ашу қажет.

Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын іске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкін. Автоматты түрде іске қосқанда қосарлы қолмен іске қосу қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет