Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы жол-патрульдік қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің



бет2/6
Дата12.06.2016
өлшемі437 Kb.
#131084
1   2   3   4   5   6

кезіндегі әрекеттері

110. Жол полициясының қызметкеріне белгілі болған барлық оқиғалар туралы, оның өз постынан немесе патрульдеу бағыттарынан тысқары жасалған жағдайларды қоса, ол саптық бөлімшенің (ішкі істер органының) кезекші бөліміне баяндайды және бұдан әрі берілген нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.

111. Оқиға туралы хабарды тікелей алған кезде жол полициясының қызметкері мәлімет берушіні мұқият тыңдауға және:

1) оқиға туралы хабарлаған адамның тегін, аты-жөнін, мекен-жайы мен телефон нөмірін, басқа да куәгерлер мен куәлардың деректерін;

2) оқиғаның орнын, болған уақытын, түрі мен жағдайларын;

3) зардап шеккендер туралы мәліметті;

4) зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетілуі туралы мәліметті;

5) зардап шеккендерді қандай емдеу мекемесіне және кімнің жібергенін;

6) зардап шеккендерді алып кеткен көлік құралдарының түрін, маркасын, өңін және мемлекеттік тіркеу белгісін;

7) аталған оқиғаға қатысы бар көлік құралдары туралы мәліметті жазып алуға міндетті.

112. Адамдар зардап шеккен оқиға болған жерге келген соң, жол полициясының қызметкері жедел-тергеу тобы келгенге дейін:

1) зардап шеккендердің санын анықтайды, олардың жағдайының ауырлық дәрежесін салыстырмалы түрде бағалайды, жедел жәрдемді шақырады, ол келгенге дейін немесе шақыру мүмкін болмаған жағдайда алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді және қажет болған кезде, медициналық мекемеге жеткізуді ұйымдастырады, зардап шеккендердің тегін, аты-жөнін, тұрғылықты жерін (жұмыс орнын) анықтайды;

2) оқиғаға қатысқан жүргізушілерді, көлік құралдарын және оған қатысы бар басқа да адамдарды анықтайды, оқиғаға қатысушылардан жүргізушінің құжаттарын белгіленген тәртіппен қайтарып алады;

3) жедел-тергеу тобы келгенге дейін аталған адамдардың оқиға болған жерде болуын қамтамасыз етеді;

4) оқиғаның куәгерлерін анықтайды және олардың деректерін жазып алады;

5) оқиғаларға қатысы бар заттай айғақтардың, іздердің, мүлік пен басқа да заттардың сақталуына және белгіленуіне шаралар қабылдайды;

6) оқиғаға қатысты адамдар мен куәгерлер оқиғалардың орнына келген жедел-тергеу тобының басшысына (анықтауды жүзеге асыратын прокурорға, тергеушіге, қызметшіге) мәліметтерді баяндайды, заттай айғақтарды тапсырады және бұдан әрі солардың нұсқауы бойынша әрекет етеді;

7) қажетті жағдайларда көліктің айналып өтуін ұйымдастырады, ал мұны істеу мүмкін болмаса - екі куә мен оқиғаға қатысушының көз алдында көлік құралдарының тұрған орнын, оқиғаның іздерін және оған қатысы бар басқа да заттарды белгілейді, содан кейін қозғалысты қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайды;

8) егер көлік құралындағы жүргізуші оқиға орнынан жасырынып кетсе, оның қозғалысының ықтимал бағытын, көлік құралының маркасын, түрін, мемлекеттік тіркеу белгісін, өңін, сондай-ақ ерекше белгілерін және жүргізушісін анықтайды. Оқиға болған жерді қарау және куәгерлерден сұрау кезінде алынған жасырынған көлік құралы мен жүргізуші туралы деректерді жол полициясының қызметкері саптық бөлімшенің немесе ішкі істер органының кезекшісіне дереу баяндайды, бұдан әрі солардың нұсқауларына сәйкес әрекет етеді;

9) иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланатын адамдарды алып жүрген (егер олар медициналық жәрдемді қажет етпесе) көлік құралының оқиғасы бойынша материалдарды ресімдеген кезде, жол полициясының қызметкері жүргізушіге аталған оқиғалар жөніндегі материалдарды қарау кезінде қатысуды ұсынады, егер жүргізуші немесе жолаушылардың біреуі материалдарды қарау кезінде қатысуды қаламайтынын білдірсе, ол оқиғаға қатысушылар туралы материалдарды жазып алады және олардың кетуіне рұқсат береді. Мұндай жағдайларда оқиға болған жерді қарау туралы хаттамаға жүргізушінің болмау себебі туралы жазба жасалады және хаттаманы жасаушы мен екі куәгердің қолдары қойылады.

113. Көлік құралдарының жүктердің, жолдардың, жол құрылыс-жайларының немесе өзге мүліктің бүлінуіне әкеліп соқтырған және бұл ретте материалдық зиянға ұшыратқан, жол қозғалысы Ережелерінің бұзылуы туралы материалдарды ресімдеуді кезекшінің нұсқауы бойынша, ішкі істер органдарында белгіленген әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ресімдеуді жол полициясының қызметкері істерді жүргізудің тәртібіне және жол қозғалысы саласында қолданылып жүрген өзге де нормаларға сәйкес дербес жүзеге асырады.

11. Көлік құралдарын іздестіру жөніндегі жұмыс

114. Жол полициясының қызметкері айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, жүргізушілері жол-көлік оқиғалары орындарынан қашып кеткен көлік құралдарын іздестіру, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға байланысты өзге де қылмыстарды ізін суытпай ашу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

115. Патрульдеу бағыттарында және бекеттерде қызмет атқару кезінде жол полициясының қызметкері маркасы, түсі және сипатты белгілері іздестіруде жүрген, ұқсас көлік құралдарын тоқтатып, тіркеу құжаттарында жазылған олардың түрін, моделін, мемлекеттік тіркеу белгісін, біркелкіленген нөмірін, шассидің (раманың), қораптың және қозғағыштың нөмірін (тіркеу туралы куәлікті, техникалық паспортты, талонды, көлік құралының паспортын) салыстырады және ішкі істер органдары бөлімшелерінің кезекші бөлімі немесе қолда бар автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері арқылы іздеудегі көлік құралының, бөлінген және жоғалған арнаулы өнімдердің есебі бойынша тексерілетін нөмірлі агрегаттардың деректемелері мен тіркеу құжаттарын тексереді.

116. Іздеудегі көлік құралын байқаған жағдайда жол полициясының қызметкері бұл туралы саптық бөлімшенің немесе ішкі істер органының кезекші бөліміне дереу баяндайды оны және ондағы адамдарды ұстауға шаралар қолданады. Бұл ретте жеке қауіпсіздікті, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі барлық қажетті шаралар, сондай-ақ қылмыстың іздерін, құралдарын, өзге де заттай айғақтарын сақтау үшін шаралар қабылданады.

117. Іздеуде жүрген көлік құралдары мен қылмысты әрекет жасаған адамдарды ұстаған кезде, сондай-ақ құжаттардың, мемлекеттік тіркеу белгілерінің қолдан жасалғаны, көлік құралдарына зауыттарда соғылған маркілердің өзгертілгені және жойылғаны, агрегаттар нөмірлерінің тіркеу құжаттарына, есептік деректерге, жоғалды (ұрланды) деп саналған құжаттарға сәйкес келмейтіні байқалса, материалдарды ресімдеу қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес жүргізіледі. Жиналған алғашқы материалдар, ұсталған адамдар мен көлік құралдары тәртіп бұзушылық байқалған (жасалған) орын бойынша ішкі істер органына тапсырылады.

118. Кезек күттірмейтін "Перехват" жедел-іздестіру іс-шаралары немесе ішкі істер органдарының басқа да жедел жоспарлары енгізілген кезде жол полициясының нарядтары қоршалған постыларда қайтадан орнықтырылады және белгілері іздеуде жүргендерге ұқсас, өтіп бара жатқан көлік құралдарына тексеру жүргізеді.

12. Жол полициясының стационарлық бекеттерінде



қызмет атқару

119. Жол полициясының стационарлық бекеттеріндегі нарядқа тартылған жол полициясының қызметкерлеріне:

1) жол қозғалысын қадағалау, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ бөлу-реттеу қызметін жүзеге асыру;

2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында көлік құралдарын, жүктерді, тіркеу және жүргізу құжаттарын, көліктік-алып жүру құжаттамаларын тексеру;

3) анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаны атқарудан қашып жүрген адамдарды іздеу және ұстау;

4) қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, есірткілер мен құрамында есірткі бар бұйымдарды заңсыз тасымалдаушы жүргізушілер мен жолаушыларды, сондай-ақ өзге де қылмыстарды жасауда күдікті адамдарды анықтау;

5) жүргізушілерден орын алған фактілер немесе жолда болған шабуыл қатерлері туралы, сондай-ақ жолдардың жай-күйі, жолдағы жағдайлар, түнгі уақытта жүріс бөлігінде қалдырылған жол көліктері туралы сұрап білу;

6) бекеттің төңірегінде түнгі уақытта тоқтап қалған кезде көлік құралдарының жүргізушілеріне, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи апаттар мен ауа райы бұзылған жағдайларда жәрдем көрсету;

7) адамдарды, көлік құралдарын, тіркеу және жүргізу құжаттарын, көліктік-алып жүру құжаттамаларын, оның ішінде айдап әкетілген және ұрланған көлікті, ұрланған арнайы өнімді, іздеудегі адамдарды базалар бойынша тексеру, көлік құралдарын тінту;

8) жолдардың жай-күйі, жүруге жарамдылығы, ауа райы жағдайлары көлік құралдарымен қалдырылған көлік құралдарының қысылтаяңға түсуі және қалдырылған көлік құралдары туралы қажетті ақпарат жинау және оны кезекші бөлімге ұдайы беріп тұру жүктеледі.

13. Жол қозғалысына қатысушылармен қарым-қатынас жасау

120. Жол полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысына қатысушылармен өзара іс-қимылы заңдылықты қатаң сақтауға, өзіндік міндеттемелерді жіті орындауға, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуде қатаңдықты, батылдық пен принциптікті ұштастыра білуге, азаматтар жөніндегі ілтипатты, ізгілікті және сыйласымды көзқарасқа негізделуі тиіс.

121. Жол қозғалысына қатысушылармен байланысқан кезде жол полициясының қызметкерлері қолын бас киіміне апарып өзін таныстыруы, өз лауазымын, арнаулы атағы мен аты-жөнін атауы, көлік құралын тоқтатуының себебі туралы айтуы тиіс. Азаматтар өтініш жасаған жағдайда, қызметкерлер өз құзыреті шегінде бұл талаптарды орындай отырып көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауға, ал қажет болған жағдайларда қойылған мәселені шешу үшін қайда жүгінуге болатынын түсіндіруге міндетті.

122. Азаматтармен әңгімелескен кезде жол полициясының қызметкерлері сабырлылық пен ұстамдылық көрсетуге міндетті, айтыс-тартысқа түспей, өзін-өзі ұстап, дөрекілікке дөрекілік көрсетпеуге міндетті.

123. Жол полициясы қызметкерлерінің іс-әрекеті жол қозғалысына қатысушыларға түсінікті болуы, ал басқа көлік құралдарының қозғалуы үшін олар амалсыздан бөгет жасамауы (кенеттен тежеуді қолдану, орын ауыстыру және т.б.) үшін - жүргізушілерге уақытында белгілер беріп отыруы тиіс.

124. Жол полициясы қызметкері көлік құралын тоқтатқан жағдайда дереу жүргізушіге келіп тоқтату себебін түсіндіруге, одан әрі тоқтату себебіне байланысты жол қимылына қатысушының жағдайына және мінез құлқына қарай әрекет етуге міндетті.

125. Жол полициясының қызметкерлері мынадай жағдайларда:

1) көлік құралының техникалық ақауын немесе жүк тасымалдау Ережелерінің бұзылуын болдырмау үшін;

2) жүргізуші мас күйінде келеді деп ойлауға жеткілікті негіз болса;

3) жол көлігінің агрегаттары мен тораптарының нөмірлерін тіркеу құжаттарындағы жазбаларды салыстыру үшін (жүргізушінің көзінше);

4) жол көлігі мен жүкке тінту жүргізу үшін;

5) жүргізушілер немесе жолаушылар қылмыс жасауда күдікті деп танылса;

6) қажетті құжаттарды ресімдеуде не жол қозғалысының басқа қатысушыларына көмек көрсетуде, жүргізушілердің қатысуы талап етілетін өзге де жағдайларда жол көлігінің кабинасынан (салонынан) жүргізушінің шығуын ұсынуы мүмкін.

126. Жүргізуші немесе жолаушылар қылмыс жасауда күдікті деп танылған жағдайларда жол көлігін тоқтатудың шын мәніндегі себебі туралы айтуға болмайды. Бұл ретте жол полициясының қызметкері өз ниетінің шынайы сипатын ашпастан-ақ, жүргізушімен әңгімелесу үшін сылтау табуы тиіс.

127. Өкімді, оларға қатысы бар азаматтардың қате немесе екі ұшты түсінуін болдырмай, қысқа және айқын беру керек.

128. Тәртіп бұзушыға оның әрекеттері құқыққа қарсы екендігі туралы түсіндіргенде ақыл айтпай, Қазақстан Республикасы жол қозғалысы Ережелерінің тиісті талаптарына, жол қозғалысы саласында қолданылып жүрген басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сүйене отырып, сыпайылықпен және нақты түсінік берілуі тиіс.

129. Балалары бар тәртіп бұзушыларға ескертуді олардың балалары естімейтіндей етіп жасау керек. Қызметкер жасөспірімдерге де, үлкендермен сөйлескендей, әдепті сөйлесуі тиіс. Балаларға ескерту олардың жасына және даму дәрежесіне қарай жасалады.

130. Тексеру кезінде құжаттарды мұқият ұстауы керек. Оларда әлдеқандай белгілер қоюға болмайды. Егер құжаттарға ақшалар немесе бағалы қағаздар салынған болса, оларды иесінің өздері алуын ұсынуы қажет. Жиналған материалдарға қосылатын құжаттар мұқабасыз қабылданады.

131. Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан кезде полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларға олардың әкімшілік құқықтары туралы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген:

1) істің материалдарымен танысу, түсініктеме беру, айғақтар ұсыну, ұсынымдар жасау;

2) істі қараған кезде адвокаттардың заңгерлік көмегін пайдалану;

3) ана тілінде сөйлеу және егер іс жүргізілетін тілді білмесе, аудармашының қызметін пайдалану;

4) іс бойынша қаулыға шағым жасау жөніндегі олардың құқықтарын түсіндіруге міндетті.

132. Жанжалды жағдайлар, наразылықтар пайда болған кезде немесе жол қозғалысына қатысушының талабы бойынша ол омырау белгісінің нөмірін айтады және қолынан шығармастан қызметтік куәлігін көрсетеді, өз іс-әрекетіне шағым жасау құқығы мен тәртібін түсіндіреді, азаматқа өзінің келіспеушілігін жазбаша түрде беруді ұсынады. Бұл жөнінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамада жазба жасалады және қосымша материалдар жалпы материалдарға тіркеледі.

133. Құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде жол полициясының қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жол берілген құқық бұзушылықтың ауырлығы және болуы мүмкін салдары жөнінде өзіне жүктелген міндеттерді басшылыққа алуы тиіс.

134. Жол полициясының қызметкерлері қажетті жағдайларда азаматтарға:

1) жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде және оларды емдеу мекемелеріне жеткізуді;

2) олардың өмірі мен денсаулығын заңсыз қол сұғушылықтан қорғауда және олардың меншігін сақтау жөнінде;

3) қызмет көрсетілетін маршруттың аумағы бойынша жүріп өтудіңтәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіруде;

4) көлік құралдарының техникалық ақауларын мүмкіндігінше түзеуде және бұзылған көлік құралдарын тасымалдауда жәрдем көрсетуге міндетті.

14. Шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен

қарым-қатынас жасау

135. Шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 422 және Қазақстан Республикасы Сыртқыісминнің 2000 жылғы 8 тамыздағы N 100 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуі мен болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуі Ережесін қолданудың тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

15. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

136. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асырған кезде жол полициясының қызметкері жеке қауіпсіздікті сақтаудың мынадай негізгі шараларын:

1) қызмет өтеу орынын жол қозғалысына қатысушылар айқын көрініп тұратындай және құқық бұзушылықтың дер кезінде жолын кесуге мүмкіндік болатындай етіп таңдап алу;

2) тәуліктің қараңғы уақытында және көрудің шектеулі жағдайларында қызметті жолдардың жарық учаскелерінде өтеу, жарық беретін таяқ пен жарық шағылыстыратын жарақтың болуы;

3) жол үстінің тайғанақ учаскесінде тұруды болдырмау;

4) тәуліктің қараңғы уақытында көлік құралдарын тоқтату үшін жолдың неғұрлым жарық учаскесін таңдап алу, оған мүмкіндік болмаса - патрульдік көлік шамының жарығын пайдалану;

5) тоқтатылған көлік құралының қатарында, есіктерді күрт ашқан кезде немесе кенеттен жүре бастағанда жүргізушінің жол полициясы қызметкеріне соққы беруін болдырмайтындай етіп тұру;

6) егер бұл көліктің қозғалысына бөгет жасаса немесе жеке қауіпсіздікке қатер туғызатын болса, жолдың жүріс бөлігінде құқық бұзушылыққа талдау жүргізуге жол бермеу;

7) жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарын тоқтатқан кезде жүріп келе жатқан патрульдік көлікте арнайы жарық белгілерін қосып қою жөніндегі негізгі шараларды сақтауға;

8) көлік құралын тексерген кезде патрульдік көлікті тоқтатылған көліктің артына қою керек, тоқтатылған көлік құралының алдында немесе артында тұруға болмайды;

9) құжаттарды тексеру процесінде жол полициясының қызметкері өзі мен жүргізушінің арасында қауіпсіз қашықтықты ұстауы тиіс, оған арқасын қаратып бұрылуға және көлік құралында немесе қатар тұрған адамдарға бақылау жасауға болмайды, нарядтың құрамында жүрген басқа қызметкерлер өзара сақтықты қамтамасыз ететіндей жерде тұруы тиіс;

10) іздеудегі көлік құралдары немесе қылмыс жасауда күдікті адамдар байқалған жағдайда нарядта жүрген қызметкерлер нақты жағдайға қарай, қаруды анықтау және алып алу мақсатында көлік құралын тінтуді жүргізу немесе ұсталғандарды жеке тінту кезінде қажетті сақтық шараларын қабылдайды;

11) көлік құралын тінтуді автомобильдің салонынан жүргізуші мен жолаушылар шығып кеткен соң және наряд қызметкерлерінің біреуі олардың мінез-құлқын бақылап тұрған кезде жүргізу керек;

12) белгіленген патрульдеу бағытынан ауытқуға мәжбүр болған немесе бекетті ұзақ уақыт тастап кететін кезде жол полициясының қызметкері бұл туралы саптық бөлімшенің кезекші бөліміне, ал мұндай мүмкіндік болмаса таяудағы бекетке міндетті түрде баяндайды;

13) оқиға болған жерді ресімдеген кезде Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерінде көзделген апатты белгі беру құралдарының орнатылуын қадағалау, қажет болса қосымшаларын қою, сондай-ақ арнайы жарық белгілерін қосу, өзара сақтықты қамтамасыз етуге міндетті.

16. Ерекше жағдайларда жол полициясы бөлімшелерінің



қызметін ұйымдастыру

137. Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жедел жағдай күрделіленген кезде жол полициясы бөлімшелерінің іс-қимылы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде жол полициясы бөлімшелерінің күштері мен құралдары Ішкіісмині, ІІББ, ІІБ жедел штабтарының бағынысына көшеді. Қысылтаяң жағдайлар туындағанда жол қозғалысын қадағалау кезіндегі қосымша міндеттерді орындау бақылау-өткізу пункттерінің нарядтарына жүктеледі.

138. Бұқаралық іс-шараларды жүргізуді және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуді полицияның патрульдік-бекеттік қызметінің Жарғысына сәйкес және Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, жергілікті ішкі істер органдарының арнаулы жоспарлары негізінде жол полициясы жүзеге асырады. Жоспарланған шараларды жүргізу кезінде жол полициясының күштері мен құралдарын орналастыруды саптық бөлімшелердің басшылығы жедел жоспарларға сәйкес жүргізеді.

139. Рұқсат берілмеген, оның ішінде жолдар мен басқа да объектілерді қоршаумен ұласқан бұқаралық іс-шаралар кезінде, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік кезінде жол полициясы нарядтарының қажетті санын ішкі істер органының басшысы (жедел штабтың басшысы) айқындайды. Мұндай жағдайларда негізгі назар:

1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін бақылау-өткізу пункттерін жедел орналастыру және жабдықтау, оларға полиция қызметкерлерін қою және ішкі әскерлер нарядтарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

2) ұсталған көлік құралдары үшін уақытша тұрақтардың жұмысын ұйымдастыру және оларды сақтаудың тәртібін айқындау;

3) көлік құралдары қозғалысын ұйымдастырудың жаңа кестесін әзірлеу мәселелеріне аударылуы тиіс.

140. Орналастырылатын бекеттер мен патрульдеу бағыттарында жол полициясының қызметкері:

1) полиция қызметкерлерін, әскери нарядтарды, сондай-ақ апаттық-құтқару қызметтерінің көліктік құралдарын тасымалдауды жүзеге асырушысы көліктік құралдардың бөгеліссіз өтуіне жағдай жасайды, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға атсалысады;

2) қызмет жүргізілетін аумақтың аймағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстардың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге шаралар қабылдайды, адамдардың мінез-құлқына бақылау жүргізеді;

3) нарядтың жетекшісіне (кезекші бөлімге) жедел жағдайдың барлық өзгерістері мен орын алған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;

4) құқық бұзушылықтардың жолын кесуде полицияның басқа бекеттеріне көмек көрсетеді;

5) полицияның басқа бөлімдерімен бірлесіп рұқсат етілмеген іс-шараларды жүргізуге байланысты салдарды жою және ең алдымен, көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қалпына келтіру жөніндегі жұмысты жүргізеді.

141. Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жауапты басшының келісімімен патрульдеу бағыттары мен бекеттерді орналастыруға түзетулер енгізіледі.

142. Табиғи апаттар, індеттер, ірі өндірістік апаттар, өрттер мен басқа да төтенше оқиғалар кезінде жол полициясының қызметкерлері жедел, апаттық-құтқару қызметтерінің автомобильдері бөгетсіз өтуіне жәрдемдеседі, қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру және қолдау, адам мен мүлікті құтқару, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету, қараусыз қалған мүліктерді сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

143. Табиғи апаттардың салдарынан пайда болған жол қозғалысындағы қиыншылықтар кезінде жол полициясының қызметкері бұл туралы кезекшіге баяндайды, жүргізушілерді қауіп туралы хабардар етуге шаралар қолданады. Қажет болған жағдайда қозғалысты уақытша шектейді немесе оған тыйым салады, көлік құралдарын қауіпті учаскені айналып өтуге бағыттайды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастырады.

17. Бақылау-өткізу пункттерінде қызмет атқару

144. Бақылау-өткізу пункттері өткізу режимін қамтамасыз етуге, құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қолдауға, құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесуге және құқық бұзушыларды ұстауға (қозғалысты шектеуге, реттеуге және көлік құралдарын тінтуге) арналады. Одан басқа, бақылау-өткізу пункттерінің нарядтары белгілі бір аумаққа енудің және одан шығудың ерекше режимін қамтамасыз ету, төтенше жағдай режимін қолдау және арнайы операциялар жүргізу үшін тартылуы мүмкін.

145. Бақылау-өткізу пункттерін басқару тәртібі арнайы мақсаттың ерекшеліктеріне және шешілетін міндеттердің құрамына байланысты болады. Олардың іс-қимылына басшылықты ішкі әскерлердің тиісті бөлімдері қолбасшылығының қатысуымен аумақтық ішкі істер органдары, ал төтенше оқиғалар жағдайында - соңғысы аумақтық ішкі істер органдары басшыларының қатысуымен жүзеге асырады.

146. Жекелеген міндеттерді шешу кезінде жол полициясы қызметкерлері жедел мәліметтерді алу үшін көзбен бақылауды және жол қозғалысына қатысушылармен қарым-қатынасты жүзеге асырады.

147. Жол полициясы бөлімшелерінің кезекші бөлімдері жанынан штабтық топтар құрылады, олар бақылау-өткізу пункттері нарядтарынан және патрульдік топтардан келіп түскен мәліметтерді жинақтайды, қорытындылайды және оларға талдау жасайды; жедел мәліметтер мен өзге де ақпараттарды дайындайды, қалыптасқан жағдайдағы жол қозғалысының ұйымдастырылуына баға береді; көлік құралдары мен олардың иелерінің тиесілілігі туралы, қылмыс жасауда және қоғамдық тәртіпті бұзуда күдікті адамдар туралы мәліметтерді жедел тексеріп отырады.

18. Көлік құралдарына еріп жүрудің тәртібі

148. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерін, патрульдік көлікпен алып жүруге жататын делегациялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ішкіісминінің, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Жол полициясы департаментінің, облыстардағы, Астана, Алматы қалаларының ІІББ-ІІБ басшылары айқындайды. Қорғалатын адамдарды алып жүру қорғалатын адамдардың және ресми делегациялардың автомобильдерін алып жүру және экспорттау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

149. Алып жүру түрлі-түсті боялған, ажырату белгілері бар, арнайы дыбыс және жарық белгілерімен жабдықталған патрульдік көлікте жүзеге асырылады.

150. Алып жүруге тапсырма алған саптық бөлімшенің командирі:

1) алып жүру үшін қажетті патрульдік көліктің санын айқындайды;

2) колоннаның жүретін бағытын, қозғалысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін, патруль жасау бекеттері мен маршруттарын орналастыру жағдайларын, байланыс жүйесін және еріп келе жатқан патруль көлігінің экипажымен олардың өзара байланысын зерделейді;

3) алып жүрудің құрамы мен жетекшісін тағайындайды, оларды тағылымдамадан өткізеді (еріп жүретін патруль көлігінің экипажы, әдетте, екі қызметкерден тұрады);

4) алып жүру үшін бөлінген және радиобайланыс құралдары, арнайы жарық және дыбыс белгілерін беретін қондырғылары бар көлік құралдарының түзіктігін тексеруді ұйымдастырады.

151. Еріп жүретін көлік құралдарының жүргізушілерін тағылымдамадан өткізуді аға жолбасшы жүргізеді.

152. Бір патрульдік көлік құралымен алып жүрген кезде соңғысы олардың қозғалу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қашықтықта, әдетте, осы бағытта қозғалуға арналған сол жақтағы шеткі жолақ бойынша еріп келе жатқан автомобильдердің алдында жүруі тиіс.

153. Екі патрульдік көлік құралымен алып жүрген кезде олардың біреуі 155-тармақта көрсетілгендей қозғалып, екіншісі осы бағытта қозғалу үшін бір ғана жолағы бар жолдарда және басқа да қауіпті жерлерде басқа көлік құралдарының одан озып кетуін болдырмау үшін, еріп келе жатқан колоннаның соңында жүреді.

154. Үш патрульдік көлік құралымен алып жүрген кезде олардың біреуі (жетекшісі) еріп келе жатқан көлік құралдары колоннасының алдында алып жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қашықтықта, екіншісі (белгі берушісі) - қауіпсіз және бөгетсіз жүріп өтуді қамтамасыз етуге шаралар қабылдау, алып келе жатқан көлік құралдарының жақындағаны туралы нарядтарға хабар беру және қозғалыстың жағдайлары туралы патрульдік көлік құралдарын алып келе жатқан экипажды хабарландырып отыру мақсатында, жетекші автомобильдің алдында осы бағытта жүруге арналған шеткі сол жақтағы жолақ бойынша 200-400 метр аралықта жүріп отырады. Үшінші патрульдік көлік құралы (соңындағысы) колоннаның соңында жүреді.

155. Алып жүру кезіндегі қозғалыстың жылдамдығын жолдағы жағдайларға, көлік құралдары мен жаяулар қозғалысының қауырттығына, еріп келе жатқан көлік құралдарының сипаттарына қарай аға жолбасшы белгілейді. Бұл жылдамдық күзетілетін адамдар мен ресми делегациялардың автомобильдерін алып жүру жөніндегі Нұсқаулықта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерінде белгіленген шектерден аспауы тиіс.

156. Егер еріп келе жатқан колоннаның қозғалу жылдамдығы Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерінде рұқсат етілгенінен кем болса, ал жолдағы жағдайлар басқа көлік құралдарының одан озып кетуіне мүмкіндік бермесе, аға жолбасшы оның соңында жиналып қалған көлікті өткізіп жіберу үшін шаралар қабылдайды.

157. Көлік құралдарын жол полициясының патрульдік көлік құралдарымен алып жүру тиісті бюджеттерде көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.

19. Жол-патрульдік қызмет бөлімшелерінің жұмысын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет