Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет104/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   129
VII. Кəсіби қоғамдастық 
а) психологтың жұмысы құқықтық жəне міндеттілік негіздерінде 
өзінің теориялық білім деңгейі мен əдіс-тəсілдерін сырт қойып
білімнің басқа салаларының мамандарын, олардың білімі мен əдіс-
тəсілдеріне құрметпен қарауы абзал;


254
ə) психолог қызмет бабында зерттелінушілердің көзінше 
қызметтес əріптестерінің əдіс-тəсілдері туралы ой-пікірлерін 
білдіруден сақ болу шарт. Егер қызметтестерінің іс-əрекеттерінде 
кемшіліктер байқалса, ол туралы тек əріптес мамандар арасында 
сөз болу дұрыс. Егер екінші бір психологтың жұмысында этикалық 
нормаларды бұзушылық байқалса, оған əріптестік ескерту жасап, 
құпиялылық сақталып қалуы тиіс;
б) егер этикалық норманы бұзушылық əріптестік, жолдастық, 
үйлесімділік таппаса, психолог бұл мəселені əдістемелік бірлестікте, 
облыстық ғылыми-əдістемелік кеңестің этикалық комиссиясының 
талқысына салуына мүмкіндігі бар;
в) грант үшін жариялауға не басқа мақсатпен дайындалған 
материалдарға рецензия-пікір айтып, жазғанда, психолог автордың 
құқығын жəне құпиялылықты сақтау шараларының алдын алуы тиіс;
г) тексеріс-зерттеулердің қорытындысы жарияланғаннан кейін 
психолог ол қорытындылардың негіздерін басқа қызығушылық 
білдірген мамандардан жасырмауы керек, өйткені ол мамандар 
жарияланған қорытындыларды қайта тексеріп зерттеуге мүдделі бо-
луы мүмкін. Психологиялық деректерді жинаған адамның авторлық 
құқы сақталады.
VIII. Клиентті ізденіс зерттеул ердің мақсаты жəне 
қорытындыларымен хабардар ету
а) зерттелінушінің өз ықыласымен тексерілуіне жұмыстың 
мақсаты, түрлерін, əдіс-тəсілдерін түсіндіру керек. Егер тексерілетін 
адам кəмелеттік жасқа жетпеген болса, оның ата-анасы немесе 
олардың орнындағы адамдардың келісімі болуы шарт;
ə) диагностика жəне ақыл-кеңес кезінде психолог пікірін жəне осы 
процесте кездесетін түрлі жағдайлар туралы тексеріске қатысушы 
адамға айтып, оның құқығын шектейтін немесе тексеріс-зерттеу 
жұмыстарына қатысу еркіне шек келмейтіндей жағдай туғызған 
жөн;
б) психолог бұл зерттеуге қатысушыларды жұмыстың маңызды 
тұстарына тəуелділік, келеңсіздік, көңіл күй құбылыстары, 
кейбір жағымсыз жағдайлардың тууын, олардың кері əсері болуы 
мүмкіндіктері туралы қатаң ескертіп, адамдардың ықыласын алу аб-
зал;
в) клиенттің психологиялық тексеріс-зерттеуге келісімін алу үшін 
психолог онымен қарапайым түсінікті тілде сөйлесуі керек, оған 


255
түсінікті терминдер қолдану керек. Жұмыстың қорытындыларын да 
клиентке түсінікті түрде жеткізу керек;
г) қорытындыларды жариялағанда клиентке алда-жалда осын-
дай деп кейіп айтпаған жөн. Ақыл-кеңес қайткенде дұрыс бо-
лады дегендей түрде орындалуы қиындықтар туғызбайтындай 
қарапайым болуы тиіс;
д) тексеріс кезінде психолог клиенттің ерекшеліктерін, қабілет 
мүмкіншіліктерін анықтайды. Оның кемшіліктері «көзге бадырай-
тып» көрсетілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет