Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет127/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
Тесттің валидтілігі – тест нəтижелерін, жарамдылығын 
бағалайтын негізгі өлшемдердің бірі.
Тест сенімділігі – тесттің өлшем құралы ретіндегі дəлді-
гінің жəне зерттеу кезінде кездесетін əр түрлі кедергілерге 
тұрақтылығының көрсеткіші.
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы – қандай да бір мəселе туындаған 
жағдайда өзіндік позицияның туындауы мен қалыптасуы. 
Тұлғааралық қарым-қатынас – адамдар арасындағы өзара 
байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде 
бірлескен іс-əрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың 
бір-біріне əсер етуі тəсілдерімен жəне мінез-құлықтан көрініс 
береді.
Фрустрация – адамның мақсатына жете аламағандығынан пайда 
болатын реніші, күйзелісі, ойдың жүзеге аспауынан күйректенуі.
Шкалалау – психологияда қолданылатын өлшеуіш əдістердің 
бірі, сан жүйелерінің көмегімен шынайы (реальды) процестерді мо-
дельдеу əдісі.
Эврестика – жаңалықты ашуда қолданылатын шығармашылық 
қызметін күрделі инттелектуалдық есептер мен міндеттерді 
шешудегі таңдамалы ізденісті ұйымдастыру тəсілі.
Эгоцентризм – индивидттің өз мүдделеріне баса назар аударуы-
нан, қандай да бір объектіге деген позициясын өзгерте алмауы.
Эгоцентрлік сөйлеу – баланың практикалық əрекетін реттеп 
бақылайтын, өзіне бағытталған сөйлеуі.
Эдип комплексі – ерте балалық шақта пайда болатын 
ұл баланың анасына деген санасыз түрде елігуі мен əкесіне 
жағымсыз, теріс қатынасын сипаттайтын фрейдизмнің негізгі 
ұғымдарының бірі.
Эйдетизм – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың 
объектісі көзден таса болған жағдайда да көріп тұрғандай 
қабылдайтын естің ерекше құбылысы.
Эйфория – көбіне объективті жағдайларға сəйкес келмейтін 
қуанышты көңіл-күй, мамыражай бейқамдық.
Экзистенционалдық психология – жеке адамның бірегей 
қайталанбас өмірлік тəжірибесін зерттейтін гуманистік психо-
логияның бір бағыты; мұнда өмір мен өлім, бостандық, махаб-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет