Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысы (2010. 27. 09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) «Халықты жұмыспен қамту туралы»



Дата22.02.2016
өлшемі219.58 Kb.
#1284
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы

Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы

(2010.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:



ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. № 322 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат беру шарттары мен тәртібi;

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.03.07  № 1026 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі

3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:

1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WEB-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;

2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздерін бекітсін.

4. «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 280-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.

5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына

қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1242 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 409-құжат; № 17, 171-құжат; № 28, 269-құжат).



2. «Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы және Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы № 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы № 836 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 28, 271-құжат; № 19, 203-құжат).

3. «Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 28, 279-құжат; № 55, 610-құжат).

4. «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 17, 172-құжат).

 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң



2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру



ережесі

(2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)



 

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды», «олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау», «олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға», «олардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлауды», «оларды біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан», «біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды» деген сөздер тиісінше «қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды», «қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру», «қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға», «қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттырудан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

 ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен бүкіл мәтіндегі «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға» деген сөздерден кейін «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара) (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)



 

16-тармақтың екінші абзацынан басқа, «жұмыссыздарды», «жұмыссыздардың», «жұмыссыздар», «жұмыссыз» деген сөздер тиісінше «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адам, сондай-ақ жұмыссыз» деген сөздермен ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Осы Ереже білім беру ұйымдарында не білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.

 

1. Жалпы ережелер



ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушіде жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді (бұдан әрі - толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер), сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру:

1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарды даярлауды;

2) егер табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіптері (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды қамтиды.

3) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, өндiрiстiк қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында бiлiктілiгiн арттыруды;

Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері»Халықты жұмыспен қамту туралы«,»Білім беру туралы«Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады.

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен жүргізу

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)



3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетеді және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасына сәйкес табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберуді жүзеге асырады.

4. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.

5. Уәкілетті орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу үшін ұйымдарды іріктеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Уәкілетті орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшін ұйымдарды іріктеу кезінде:

1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;

2) жұмыс берушінің жұмыс күшінің сапасына, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қоятын талаптарына сәйкестігін;

3) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын;

4) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.

6. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкілетті органдар жіберетін табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт негізінде мемлекеттік білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган бекітеді.

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу, егер өздерінде қажетті кәсіби біліктілігі болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандармен және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адаммен, сондай-ақ жұмыссызбен Үлгі шартының нысанын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган бекітеді.

8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсатты топтарға енетін табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің сондай-ақ жұмыссыздардың кәсіби даярлаудан, біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртіппен өтуге құқығы бар.

9. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:

1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды бастапқы даярлауды және қайта даярлауды жүргізу кезінде - алты айдан;

2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің сондай-ақ жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.

10. Ұйымдар табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды:

- дәлелді себепсіз сабақтан қалған;

- үлгермеген;

- оқу орнының ішкі тәртібін бұзған;

- заңнамада көзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан шығаруға құқылы.

11. Кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда жүрген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда, ұйым уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссызды оқудан шығарған кезде ұйым оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған көлемі ғана ақы төлеуге жатады.

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 12 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

12. Кәсiби даярлауды, білiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды дәлелдi себепсiз тоқтатқан, сондай-ақ ұйымнан шығарған кезде жұмыссыз уәкiлеттi органда қайта тiркелген (өтініш берген) күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберіледi.

13. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орындарды) білiктi кадрлармен жасақтау және қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби даярлау мен қызметкерлердi жеке қаражаты есебiнен өндiрiс ішiнде оқыту жүйесiн дамыту жөніндегi шараларды жүзеге асырады.

14. Шетелдiк инвесторлар шетелдік мамандарды жұмыссыздармен ауыстыру мақсатында оларды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жыл сайын уәкілетті органға ұсынылатын, кадрларды даярлаудың бекітілген бағдарламасының негізінде жүзеге асырады.

 

 



ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қаржыландыру

 

15. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі.



Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.

Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссызды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар енгізіледі.

Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру мақсатында шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құзыретті органмен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған қаражат көздейді.

ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.

Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды даярлаумен байланысты шығыстар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі.

 

 

4. Бақылау және есептілік



 

17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.

ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

 18. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:

1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің сондай-ақ жұмыссыздардыңесебін жүзеге асырады;

2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептілікті жүргізеді;

3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың



ережесi

(2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен бүкіл мәтіндегі «жұмыссыздар», «жұмыссыздарға», «жұмыссыздарды», «жұмыссыздардың», «жұмыссыз» деген сөздерден кейін «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкер» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)



 

Осы Ереже жұмыссыздар, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн белгiлейдi.



1. Жалпы ережелер

1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсiнiледi.

ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушіде жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге (бұдан әрі - толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер) қатысатын жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.

3. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамада көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды ереже реттелмейдi.

4. Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің қоғамдық жұмыстарға олардың келiсiмiмен жiбередi.

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiлердiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.

7. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұйымдастыру және оның көлемi туралы шешiмдер қабылдайды.

8. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде:

қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;

қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi бекiтiледi.

9. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдар жұмыс берушiмен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасады.

Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.

10. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:

1) жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді әдейi арналған;

2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;

3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкiндiгi;

4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы;

5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.

11. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын орталық атқарушы органдар жұмыстар мен қызметтер көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады.

Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырған кезде қаржыландырудың тәртiбi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.

Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысы жоқ жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды, ғылыми талдамалар мен эксперименттердi жүргiзген кезде конкурстық құжаттамаға қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің тарту туралы талаптар және осындай жұмыстардың тiзбесi енгiзiледi.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде алдын ала кәсiби даярлықты талап етпейтiн жұмыстардың көлемiн (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер санын мiндеттi түрде көрсетедi.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңiмпазымен шарт жасасқан кезде шартта қоғамдық жұмыстардың құнын жеке жолға жазып көрсетедi.

Конкурсты ұйымдастырушы шартты тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аумағында жұмыстар орындалатын облыстың (қаланың) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органына қоғамдық жұмыстардың құнын, мердiгер(лер)дiң атау(лар)ын, қоғамдық жұмыстарға жатқызылған жұмыстардың тiзбесiн, мердiгер тартатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкер санын көрсете отырып, жасалған шарттар туралы хабарлайды.

Конкурс жеңiмпазы - мердiгер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға алдын-ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстардың тiзбесi, оларды ұйымдастыруға бөлiнетiн қаражат сомасы, жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге қажеттiлiк туралы мәлiметтердi жеткiзуге және қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасуға мiндеттi.

Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді мердiгерге конкурсты ұйымдастырушының және мердiгердiң ақпаратында көрсетiлген қажеттiлiкке сәйкес жiбередi.

12. Қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiм бередi.

3. Жұмыссыздарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс

істейтін қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жiберу

 

13. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жiберудi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге асырады.



ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Жұмыссыздарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жiберудi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады (өтініш берген).



ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. Мақсатты топтарға кiретiн жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысуға құқығы бар.

ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Жұмыс, сондай-ақ жұмыс уақытының толық емес режимімен жұмыс істейтін қызметкер берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.

17. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.

4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты

режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеу

 

18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады.



19. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге есептелген жалақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.

20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.

5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың

тәртiбiн бақылау

21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және есептiлiк

ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

22. Жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:

1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді есепке алуды жүзеге асырады;



2) статистика жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiнде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептердi жүргiзедi;

3) белгiленген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде есептiлiктi ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет