Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №415 Қаулысы



Дата13.06.2016
өлшемі103.58 Kb.
#133847
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 Қаулысы

(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)


 

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.



3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2008.17.03. № 254 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара); 2009.07.05  № 661 (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 518 (бұр.ред.қара); 2011.08.02. № 93 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2012.29.12. № 1740 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 24 мамырдағы

415 қаулысына



қосымша

 

 



Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі

және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

құрамы
 

Жұмағұлов Бақытжан

Тұрсынұлы

 


- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға

 


Байжүнісов Ерік

Әбенұлы

 


- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

 


Дауылбаева Ләззат

Жұматайқызы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы, хатшы,

 


Байсақова Зүлфия

Мұхамедбекқызы

 


Қазақстан Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

 


Бектұров Азат

Ғаббасұлы

 


Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

 


Калюжный Вячеслав

Афанасьевич

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісім бойынша)

 


 

Шаяхметов

Саят Болатұлы

 

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары

Ахметов

Серік Әбжалиұлы

 

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Громов

Сергей Николаевич

 

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Қырықбаев

Арман Оразбайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Лепеха

Игорь Владимирович

 

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

Дәуренбек

Ырысқали Рақымұлы

 

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры

Құрманов

Рүстем Жомартұлы

 

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры

Омаров

Мұрат Ескелдіұлы

- Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары;

Шер

Раиса Петровна

 


- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы,

 


Нұрахметова

Гауhар Сердалықызы

 


- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас сарапшысы (келісім бойынша);

О, Брайен Дина

Талғатқызы

- Халықаралық еңбек ұйымының бала еңбегін жою жөніндегі бағдарламасының (ИПЕК) үйлестірушісі (келісім бойынша);










 
























 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 24 мамырдағы

415 қаулысымен

бекітілген

 

 



Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың

ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия

туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.

2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бала құқықтары туралы» заңдарын, осы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды басшылыққа алады.



 

 

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

 

4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:

1) балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы проблемалар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, оларды әлеуметтік оңалту жөнінде бағдарламалар әзірлеу;

2) балалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мүдделі министрліктер мен ведомстволар ұсынған проблемалар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

 

 

3. Комиссияның құқықтары

 

5. Комиссияның өзінің міндеттеріне сәйкес:

1) өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге;

2) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу әрі балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдауға;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жататын нақты проблемалар мен мәселелер жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша немесе тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстардағы жай-күй мен кемшіліктер туралы мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларын белгіленген тәртіппен хабардар етуге;

6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуға құқығы бар.

 

 

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

6. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатыса алады.

7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктеледі.

8. Комиссияның жұмыс органы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

9. Комиссия отырыстарында қарауға арналған мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады, оны төраға бекітеді және Комиссия мүшелеріне тізім бойынша жөнелтіледі.

10. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

11. Комиссия хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді.

12. Комиссия отырысы Комиссия төрағасының не оның орынбасарының басшылығымен (төрағаның тапсырмасы бойынша) жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер, оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Шұғыл шешім қабылдау қажеттілігі болған жағдайда, төрағаның шақыруы бойынша кезектен тыс отырыс өткізілуі мүмкін.

13. Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады, отырысқа төрағалық етуші қол қоятын хаттамалармен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.

14. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

15. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

 

 

5. Комиссияның қызметін тоқтату

 

16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет