§ 2. Шағын көлемді және желкенді кемелердің айырылысуы және басып озуы
169. Осы тарауда белгіленген нормалар кеме жолының шегінен тыс жүзу, оны кесіп өту, навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі учаскелерінде жүзу кезінде шағын көлемді және желкенді кемелерге, сондай-ақ кеме жолында осы кемелердің бірін-бірі басып озу жағдайларына қолданылады.
170. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі шағын көлемді моторлы кемелер сол жақ борттарымен айырылысады.
171. Екі шағын көлемді моторлы кеме қиылысатын бағыттарда жақындағанда, онда өзінің оң жағында басқасы бар кеме оған жол береді.
172. Егер екі желкенді кеме соқтығысу қаупі туатындай жақындаса, бірі екіншісіне төмендегіше жол береді:
1) кемелер түрлі галстармен келе жатқанда, сол жақ галспен келе жатқан кеме екінші кемеге жол береді;
2) екі кемеде сол бір галспен келе жатса, онда жел жақтағы кеме желдің ығындағы кемеге жол береді;
3) егер сол жақ галспен келе жатқан кеме оның жел жағында басқа кеме болып және осы басқа кеменің сол жақ немесе оң жақ галспен келе жатқанын анықтау мүмкіндігі болмаса, онда ол оған жол береді.
173. Моторлы кеме желкенді кемемен соқтығысу қаупі туатындай жақындасса, моторлы кеме желкендіге жол береді.
174. Оның артқы отының (оттарының) секторында, атап айтқанда траверздің артында 22,5о-тан артығырақ бағыттан басқа кемеге жақындап келе жатқан шағын көлемді немесе желкенді кеме басып озушы болып табылады және оның моторлы немесе желкенді болуына қарамастан, оның жолынан шетке қарай ұстана отырып, қуып жетілетінді төмендегіше айналып өтеді:
1) кеме жолында - тек оның сол жақ борты бойынша; қуып жетілетін шағын көлемді кеме жылдамдықты азайту арқылы шапшаңырақ басып озуға мүмкіндік туғызады (бұл ретте траверзде бір мезгілде екі кемеден артық тұруға рұқсат етілмейді);
2) кеме жолының шегінен тыс, оны қиып өткенде және навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі учаскелерінде - кез келген борты бойынша.
175. Шағын көлемді және желкенді кемелер айырылысу мен басып озуды бұлғаулар алмасусыз жүргізеді, бұл ретте олар өздерінің іс-әрекеттерін осы Қағиданың 155-тармағына сәйкес маневр көрсететін дыбыс сигналдарымен көрсетеді.
§ 3. Шағын көлемді және желкенді кемелердің оттары, белгілері және сигналдары
176. Ескектермен, желкен астында немесе тіркеуде келе жатқан шағын көлемді кеме ақ айналма от алып жүреді немесе ол дайын күйінде болады және басқа кемелер жақындаған кезде көрсетеді, желкенді шағын көлемді кеме осы Қағиданың 179-тармағына сәйкес оттар алып жүреді.
177. Стационарлық немесе аспалы моторы бар шағын көлемді кеме оның қуатына қарамастан, жүргенде борттық және артқы оттарды алып жүреді, борттық оттар бір шамда құрамдастырылған болуы мүмкін.
178. Басқа шағын көлемді кемені тіркеп сүйрейтін немесе итеретін шағын көлемді кеме тиісінше жеке кеме сияқты осы Қағиданың 176, 177, 181-тармақтарында көзделген осындай оттар мен белгілерді алып жүреді.
179. Ұзындығы 7 м және одан артығырақ желкенді кеме жүргенде мыналарды алып жүреді:
1) борттық оттар;
2) артқы от;
3) тігінен орналасқан, діңгек ұшының жанында екі айналма от (олардың жоғарғысы қызыл, төменгісі - жасыл) немесе басқа кемелер жақындаған кезде желкенге ақ жылтылдаған жарық түсіреді.
180. Ұзындығы 20 метрден кемірек желкенді кемеде борттық немесе борттық және артқы оттар бір шамда құрамдастырылуы мүмкін, борттық және артқы оттарды біріктірген кезде осы Қағиданың 179-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген оттарды алып жүруге рұқсат етілмейді.
181. Желкен астында жүретін және сол бір мезгілде мотормен қозғалысқа келтірілетін кеме күндіз неғұрлым көрінерлік жерде ұшы төмен қаратылған қара конус түріндегі белгіні, түнде - тиісті мөлшердегі өздігінен жүретін кеме сияқты осы Қағиданың 97 және 177-тармақтарына сәйкес осындай оттар алып жүреді.
182. Шағын көлемді немесе желкенді кеме онда басқа кемелер жүзуі мүмкін жерде зәкірде тұрған кезде бір ақ айналма от алып жүреді.
183. Балық аулаумен, оларды орындау кезінде осы Қағидамен қосымша оттар (белгілер) алып жүру көзделген сүңгуірлік жұмыстармен айналысатын шағын көлемді немесе желкенді кеме оларды орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес алып жүреді.
184. Басқа кемелердің қозғалыс жолында жүрісін немесе басқарылуын жоғалтқан шағын көлемді немесе желкенді кеме бұл туралы оларды күні бұрын күндіз көзге көрінетін затты бастан жоғары айналдыра қозғап, түнде - ақ отты айналдыра қозғап ескертеді. Бұл сигналдарға қосымша осы Қағиданың 149-тармағымен көзделген «Ескерту» дыбыс сигналы беріледі.
185. Апатқа ұшыраған немесе көмекті қажет ететін шағын көлемді немесе желкенді кеме осы Қағиданың 157-тармағымен көзделген сигналдарды береді.
186. Ұзындығы 7 м және одан артығырақ желкенді кеме кемінде 1 км қашықтықта естілетін, қысқа және ұзақ дыбыстар шығаруға қабілетті дыбыстық-сигналдық құрылғымен жабдықталады.
187. Шектеулі көру мүмкіндігі кезінде су қоймаларында, көлдерде және навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі учаскелерінде шағын көлемді және желкенді кемелер жүргенде және тұрғанда осы Қағиданың 157-тармағының 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген дыбыс сигналдарын, ал тиісті дыбыстық-сигналдық құрылғылар болмаған кезде қоңырауға немесе осы Қағиданың 150-тармағымен көзделген металл затқа жиі ұрумен «Ескерту» сигналын береді.
8. Кемелердің навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі бар учаскелерде жүзуі
§ 1. Жалпы шарттар
188. Навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі учаскелерінің шекаралары лоцияларда немесе навигациялық карталарда көрсетіледі.
189. Осы тараудың нормаларында көзделмеген жағдайларда жүрдек, желкенді және шағын көлемділерді қоса алғанда, барлық кемелер навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесі бар учаскелері бойынша жүзген кезде осы Қағиданың басқа тарауларының талаптарын орындайды.
190. Егер ол оның артқы отының секторында, траверздің артында 22,50-тан артығырақ бағыттан басқа кемеге жақындаса, кеме басып озушы болып саналады. Егер кеменің басып озушы болып табылатындығына қатысты күмән болса, онда бұл дәл осылай деп есептеп, тиісінше іс-әрекет жасаған жөн.
191. Егер қозғалтқыштарының, қозғаушыларының, корпусының, рөлдік құрылғысының, басқа да тетіктерінің жарамсыздығынан немесе осы Қағиданың 4-қосымшасында көрсетілген гидрометеорологиялық құбылыстардың ауыр әсерінен оның осы Қағиданың талаптарына сәйкес маневр жасау мүмкіндігі болмаса, кеме басқарылу мүмкіндігінен айрылған болып саналады.
192. Басқарылу мүмкіндігінен айрылған кеме неғұрлым көрінерлік жерде тігінен орналасқан екі қызыл айналма от. Егер суға қатысты жүріске ие болса, онда қосымша - кормалық және борттық оттар алып жүреді. Күндіз мұндай кеме екі қара шар немесе неғұрлым көрінерлік жерде тігінен орналасқан ұқсас зат алып жүреді.
193. Балық аулаумен айналысатын кемелер белгіленген қозғалыс белдеулерімен немесе ұсынылған бағыттармен жүретін кемелердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
194. Әрбір кеме жүргенде (басып озу жағдайларын қоспағанда) одан кейін мына тізбеде көрсетілген кемелерге жол береді:
1) механикалық қозғалтқышты жеке кеме, құрамды (салды қоспағанда) итеретін немесе тіркеп сүйрейтін кеме;
2) желкенді кеме;
3) балық аулаумен айналысатын кеме;
4) салды сүйрейтін кеме;
5) басқару мүмкіндігінен айрылған, су асты немесе сүңгуірлік жұмыстармен айналысатын кеме.
195. Гидроұшақ суда барлық кемелерден шеткері тұрады және олардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Алайда соқтығысу қаупі бар жағдайларда, ол механикалық қозғалтқышты кеме ретінде, бірақ дыбыс сигналдары мен бұлғауларын берусіз осы бөлімнің нормаларын орындайды.
§ 2. Бір-біріне көрінбейтін кемелердің жүзуі
196. Осы талаптар шектеулі көріну мүмкіндігі аудандарында немесе осындай аудандардың маңында жүзген кезде біріне-бірі көрінбейтін кемелерге (оның ішінде радиолокаторы, УҚТ радиостанциясы жоқ) қатысты.
197. Шектеулі көру мүмкіндігі аудандарында немесе олардың маңында, кемелер осы Қағиданың 6-тарауы 4-параграфында көзделген сигналдардан басқа, сондай-ақ мынадай сигналдар береді:
1) жүрістегі механикалық қозғалтқышты, бірақ суға қатысты (дрейфте) қозғалысы жоқ кеме 2 минуттан артық емес аралық сайын - екі ұзақ дыбыс;
2) басқару мүмкіндігінен айрылған, балық аулаумен айналысатын кеме, сондай-ақ ұзындығы 7 м және одан артығырақ, желкенді кеме жүргенде 2 минуттан артық емес аралық сайын - бір ұзақ және екі қысқа дыбыс;
3) көзбен шолып көретіндей жақындаған кезде - осы Қағиданың 155-тармағында көрсетілген дыбыс сигналдары.
198. Әрбір кеме басым жағдайларға және шектеулі көру мүмкіндігі жағдайларына қарай белгіленген қауіпсіз жылдамдықпен жүреді. Механикалық қозғалтқышты кеме өзі машиналарын шұғыл маневрге дайын ұстайды. Шапшаң кеме қауіпсіз ең жақын тұрақ орнына дейін ғана суығыстырым жағдайында жүреді.
199. Басқа кеменің болуын радиолокатордың көмегімен ғана білген кеме соқтығысу қаупі бар-жоғын анықтайды. Қажет болған жағдайда ол айырылысу үшін уақытында іс-әрекет жасайды. Іс-әрекет бағытты өзгерту болып табылғанда:
1) егер басқа кеме траверздің алдында болса және қуып жетілетін болып табылмаса, бағытты солға өзгертуге;
2) траверздегі немесе траверздің артындағы кеме жағына бағытты өзгертуге жол бермеген жөн.
200. Өз траверзінің алдында басқа кеменің бұлыңғыр сигналын еститін немесе траверздің алдындағы басқа кемемен шектен тыс жақындасуды болдырмау мүмкіндігі жоқ әрбір кеме жүрісін ең азына дейін кемітеді немесе егер бұл қажет болса, қозғалысты тоқтатады және кез келген жағдайда соқтығысу қаупі өткенге дейін асқан сақтықпен жүреді.
§ 3. Өтпелі ережелер
201. Кез келген өздігінен жүретін кемеге осы Қағида қолданысқа енгізілгеннен кейін 10 жыл бойы осы Қағидамен ұйғарылған, көлденең орналасқан екі артқы оттың орнына бұрын белгіленген көкжиекке жарық түсіру доғасы 1800 екі ақ гакабортты от алып жүруге рұқсат етіледі.
202. 5 жылға дейінгі мерзімге тіркеп сүйреушілер мен итерушілер осы Қағида қолданысқа енгізілгеннен кейін тіркеп сүйреу отын орнатудан босатылады. Оны орнатқанға дейін сүйреушілер кемелерді, құрамдарды және салдарды тіркеп сүйреген кезде жүрістегі тиісті мөлшерлердің жеке өздігінен жүретін кемесі сияқты, осы Қағиданың 109-тармағымен көзделген оттар, ал итерумен айналысатын кемелер - диаметральді жазықтықта орналасқан бір артқы от және одан төмен көлденең орналасқан, бұрын белгіленген екі ақ гакаборттық от (итерушінің ені 5 м және одан кемірек болған кезде - тек бір артқы от) алып жүреді.
203. Әскери корабльдер осы Қағиданың көру мүмкіндігінің қашықтығына, жарық беру секторларына, оттар мен белгілердің өзара орналасуына және дыбыс сигналдарының естілу қашықтығына қатысты алаптарын олардың қызметі мен құрылымын ескере отырып, бірақ осы Қағиданың қолданылуын қиындатпайтындай етіп орындайды.
204. Әскери корабльдер мен кемелерге қосымша оттар мен белгілер алып жүруге және осы Қағидадан көзделмеген, бірақ осы Қағидада көзделген оттар, белгілер немесе сигналдар ретінде қате қабылдауға болмайтын дыбыс және жарық сигналдарын беруге рұқсат етіледі.
Ішкі су жолдарында жүзу
қағидасына
1-қосымша
Оттардың көріну қашықтығы, км
От, түсі
|
Өздігінен жүретін кемелерде
|
Өздігінен жүрмейтін кемелерде
|
Ұзындығы 20 м және одан артық
|
Ұзындығы 20 м кем
|
Ұзындығы 50 м және одан артық
|
Ұзындығы 50 м кем
|
Басты ақ
|
8
|
5,5
|
4
|
2
|
Борттық:
қызыл
|
3,7
|
3,7
|
-
|
-
|
жасыл
|
3,7
|
3,7
|
-
|
-
|
Артқы жақтағы ақ
|
3,7
|
3,7
|
-
|
-
|
Тіркеп сүйреу сары
|
3,7
|
3,7
|
-
|
-
|
Айналма:
ақ
|
3,7
|
3,7
|
1,85
|
1,85
|
қызыл
|
1,85
|
1,85
|
1,85
|
1,85
|
сары
|
1,85
|
1,85
|
-
|
-
|
жасыл
|
1,85
|
1,85
|
1,85
|
1,85
|
көк
|
1,85
|
1,85
|
-
|
-
|
Жарықимпульстік
бұлғау:
күндіз
|
2
|
2
|
-
|
-
|
түнде
|
2
|
2
|
-
|
-
|
Жарықпен бұлғау (түнде)
|
4
|
4
|
-
|
-
|
Ескертпелер:
1) ұзындығы 12 м кем өздігінен жүретін кемелер оттарының көріну қашықтығы: басты - 3,7 км, борттық - 1,85 км;
2) кемелерде оттар мен белгілердің өзара орналасуы, олардың арасындағы арақашықтық осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген.
Ескертпе:
1. Дөңгелектер түріндегі оттардың шартты белгілері олардың өзара орналасуын көрсету қажет болған жағдайларда қолданылады.
2. 6 және 7-тармақтарда көрсетілген оттар басқа оттардың (ірі порттар, рейдтер және басқалары) көп шоғырланған орындарында тұрақты және жарқылдақ оттардың орнына пайдаланылады.
3. Оттардың жарқылдамау сипаты (8-тармақ) оны су көлігіндегі бақылаудың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша пайдалану үшін резервтік ретінде келтірілген.
2. Жағалау белгілері мен оттары
Белгілердің, сигнал қалқандарының түрі мен бояуы, оттардың сипаты мен түсі
Осьтік тұстама
Кеме жүрісінің осін белгілейді. Тұстама бойынша қозғалу кезінде алдыңғы және артқы белгілердің қалқандар (оттар) бір тіктікте орналасқан болуы тиіс
Ашық реңкте
|
Көмескі реңкте
|
|
|
Оттар
Ескертпелер:
1. Төртбұрышты және трапециялық қалқандары бар тұстама белгілерде (құрама) жоғарғы (төртбұрышты) қалқан қызыл түске боялады, төменгі (трапециялық) қалқан ақ түске боялады.
2. Тұстама белгінің тірегінде екі қалқан бекітуге рұқсат етіледі - тұстама (тұстаманың әрекеті бағытында) және асулық (асудың әрекеті бағытында).
3. Флуорисценттік бояумен боялған қызыл түсті қалқандарда тұстама жолағы қара түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |