Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы №1309 қаулысы



Дата23.02.2016
өлшемі10.86 Kb.
Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысы


«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 68-бабының 4) тармақшасына, 69-бабының 6) тармақшасына және 75-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы №1309 қаулысымен бекітілген



Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі
1. Жеке тұлғаның тұрақты психикалық симптомдық және айналасындағылар үшін зардап шегушімен бірге тұру мүмкін болмайтын жеке басының айқын өзгерістері бар психикалық аурулары.
2. Қол-аяқ функцияларының және жамбас мүшелері функцияларының тұрақты ауыр бұзылуы бар орталық нерв жүйесінің органикалық және жарақаттанудан кейінгі бұзылуы.
3. Нәжіс, несеп және қынап жыланкөздері, қуық стомасы, жасанды анус.
4. Жиі ұстамасы ІІІ дәрежелі асқынған тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар бронх демікпесінің ауыр нысаны, үздіксіз-қайталанбалы ағым.
5. Қозғалу функциялары жоғалған тұқым қуалайтын үдемелі нервтік-бұлшықет дистрофиясы­ның ауыр нысандары.
6. І типтегі қант диабеті, ауыр нысаны.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет